Бейімбет Майлин — әдебиеттің түрлі саласында еңбек еткен жазушы

1.Майлин Бейімбет (шын аты — Бимағамбет) Жармағамбетұлы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданында кедей шаруаның отбасында туған. Екі жасында әкесінен айырылған Бейімбетті бай қолында сауыншы болып жүрген анасы тәрбиелейді. Жастық шағы жоқшылықпен өткен Бейімбет жеті жасқа толысымен, бұғанасы қатпастан, қозы бағуға жалданады. Аул моладасынан азғана сауатын ашып, хат танығаннан кейін Бейімбет енді оқуға ынта білдіреді. Жасы 17 ге келгенде, ағайындарының жәрдемімен, Уфа қаласындағы медресе, Ғалияға келіп оқуға түседі. Білімге сусап келген Бейімбет оқуды өте жақсы оқиды. Оның алғашқы әдебиетке деген беймі де осында байқалады. Медресе ні әдебиетке ынталы шәкірттері «Садақ» атты қолдазба журнал шығарып тұратын. өлең жазуға талабы бар Бейімбет көп кешікпей осы журналдың белсенді мүшесінің бірі болды. әлеуметтік маңызы бар, дінді әжуа-сықақ өтетін «Мұсылмандық белгісі» атты өлеңі, «Шұғаның белгісі» атты ұзақ әңгіме осы «Садақ» журналында жариялана ды.

Бейімбет ескі дүниенің қатал езгісінен арылып, теңдікеке қолы жеткен өзі сияқты аул кедейлерінің басон құрау жұмысына белсене кіріседі. Осы тұста жазған «Кедейге» атты әйгілі өлеңінде ақын таптық бет алысын айқын танытады:

Сенің зарың – зарлайтыным өмірге,

Сенің арың – арлайтыным өмірде.

Сен не көрсең – менде соны көрмекпін,

Белді буғам ауырға да, жеңілге,-

деп, кедей шаруалар алдында сенің жыршыңмын, сеніңқуанышыңа да, қайғыңа да ортақпын деген халық ұлының адал сертін береді. Ол хал қының бақыты үшін бүкіл өмірін, бүкіл жазушылық қабілетін аяған жоқ. Мұғалімдік қызметін ақара жүріп, алдымен халық азарту жұмыстарын жолға қоюдың тарихи мәні барын ерекше сезінді. Соны зор шабытпен рухтана жырлау ең басты шыққан тақырыптарының біріне айналды.

Қостанайда «Жаңа ауыл» газетін ұйымдастырды. өзінің осы тұста жазған әңгіме өлеңдерімен ел арасына жеткізді.

Бейімбет Қызылорда қаласында «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына қызметке шақырды. Жазушы осы газетке жұмыс істеп жүрген кезінде, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болды.

Бейімбет Майлин — әдебиеттің түрлі саласында еңбек еткен жазушы. Оның қаламынан өлең, поэмалар ғана емес, сонымен бірге сан алуан көркем, очерктер фельетон, мақалалар менн посестер түйдектеліп шығып жататын.

Өлең кестесінің шебер өрнекшісі, құлақ құршын қандыратын діл мар әңгімеші, оқиға тартысын қиыннан қиюластыра білген алкен драматург Бейімбет Майлин 1938 жылы 44 жасында қайтыс болады.

  1. Бейімбет «Кемпірдің ертегісі » ( 1916 жылдың қанды оқиғасынан бір сурет ) деген поэмасында балаларға алкен саяси маңызы бар тарихи мәселені өте қызықты да көркем етіп баяндаған. Мұғалім бола жүріп бала психологиясын жақсы білген Бейімбет балалардың қай нәрсеге болса да әуесқой болатынын ескеріп, алдымен балалар өздері қызығатын мәселенің айналасында сұрақ қоя беретін ерекшеліктерін де осы поэманы жазу үстінде шебер пайдаланғаны байқалады. Мұны ертегінің басталуынан – ақ айқын аңғаруға болады:

Айтшы, әжетай ! Айтшы, айтшы ертегі,

Ертегің ше еліктіріп ерістеді.

Ерте Күнде өзің айтқан «Ерікті»

Елдің, жұрттың кім дер сонда көркі еді? –

Әже, әже!.. Атам сонда барма еді?

Онда тағы нақ осындай шал ма еді?

Атам қайда барды дейсің кімменен?

Кімге ермей, дейсің, үйде қал деді ?

Айтшы, әжетай! Айтшы, айтшы ертегі!

Ертегің ше еліктіріп ерістеді.

Әсіресе «Әкең өлді»дегенің,

От боп жанып, жүрегімді өртеді! –

әкесі Қайранбай қан майданында қаза тауып, әжесінің бауырында жетім қалған баланың қойған осындай сұрақтары үлкен бір оқиғаның басталуына себепші болады.Соған байланысты жас баланың тілегін орындау үшін 1916 жылдың қанды оқиғасынан бір сурет басталып кетеді.

Балалар үшін қызықты етіп әңгіме бастаудың бір тәсілі осындай шеберліктен туады да, өзінің тыңдаушысын жалықтырмай одан әрі жетектеп отырады.

«Адамды тәрбиелеу – оның болашақжолын тәрбиелеу деген сөз»-деп А. С. Макаренко айтқандай, әдіспен жазылған бұл поэманың жалпы идеясы өткенді еске Алу арқылы жас өспірімдерге қан мен тер арқылы қолға ти ген бақытты тұрмысыңды ардақтай біл, көздің қарашығындай сақтай да қорғай біл легенді үйретеді. Сол арқылы жас өспірімдердің болашағына, алдағы өміріне жол ашады.

Мунда ешқандай ақыл айту не құрғақ өсиетпен баланы мәз етерлік бос сөздер жоқ. Поэмада болашақадамның жан дүниесін қалыптастыратын үлкен оқиғаға байланыстыра айтылған өмір танытарлық күрделі ойлар бар.

«Бідің әдебиетіміздегі сырттай айтылатын жай тілек емес, ол – біздің тақырыптарымыздың арқауы, ол жазушының мінезіне, оның санасына әбден сіңген. Өйткені оптимистік сенімге, бү кіл өміріміздің жарқын бейнесіне және адамзаттың азат болатындығы туралы көрегендікке негізделіп құрылған»,- дейді А.С.Макаренко. Бейімбет Майлиннің бұл поэмасы Макаренко айтқандай дәл осы тұрғыда адамзаттың азат болатындығы туралы көрегендікке негізделіп жазылған.

  1. Бұл («Қараңғыр»(Ананың ашуы)) өлеңде ата – анасын бебеу қақтыратын 13-14 жастағы қолды – аяққа тұрмайтын ті лазар, әумесер баланың бейнесі суреттелген. Басында өз бетімен жіберіп тәрбиелеудің салдарынан еш нәрсеге қыры жоқ, байымы жоқ, түсіксіз баланы көріп оның өрескел қылықтарына айран қаласың:

Қараңғыр, қаңғырумен күнің кешті,Баққаның ертеңді – кеш доп пен асық,

Қараңғыр, дал – дұл қылып киімді ескі,Қараңды батырасың үйден қашып,

Тату боп жүрсең нетті, қараңғыр – ау,Шуақта мына тұрған ықтасында,

Қоймайсың Боранбаймен төбелесті.Қаңғырып бұзау кеткен қақпаны ашып.

деп басталады ананың ашуы. Салған жерден ақпа құлақ, тілазар баланың жексұрын тұрпаты бір ден – ақ көзге түседі. Балалығы ғой деп оның мінезінің өрескелдігіне бір жағы күлкің келсе де, анасын зар илеткеніне қарап ренжисің. Ана үмітін ақтайды деп отырған қадірмен баланың өсе келе шаруаға икемі жоқ, осындай ті лазар болғаны – ата – анаға үлкен күйік. Еркелікке салынып, жастайынан шолжаң өскен баланың шаруаға да қыры келмей, осындай есерсоқтау болатыны бір жағы ата –ананың өзіне де байланысты. Өйткені баланы бастан деген сияқты оның еркелік шолжағына тыйым салмай, баста өз бетімен қоя беру – он осындай бейбастыққа ұрындырған. Мұнысы соңынан әдетке айналады да өсе келе мұндай бала еңбек тәрбиесіне кетеді.Бала үшін оқуда еңбек. Бірақ соның өзіне де мұндай баланың мойны жар бермейді. Шаруаға да, оқуға да бейімі жоқ әумесер баланың тым өрескел сипати бір ден – бірге айқындалып, тұла бойыңды суытарлық бір түрлі жексұрын тип көз алдыңа пайда болады. Әрине мұндай тип Кіме болса да ұнамайды, өзімізден аулақ болсын легенді еріксіз айтқызады. Ата – ананың бар ой, арманы мен тілегі өзінің өмірінің жалғасы деп танылған баласының болашағы дәл осындай болмаса деп тырысады. Ең ар жағы қарғаса да, соқса да соның келешегін ойлайды, жақсы өсіп, дарқан болуын тілейді. Дәл солай ету үшін ата – ана алдымен балаға белгілі бір мақсатты көздейтін талап қоя білу керек. Сонымен қатар белгілі бір мақсатты көздейтін талаптың орындалуын да үздіксіз қадағалап, бақылап отыру қажет.Өйткені өмір сүре білуге әлі де үйренбеген, оған қалыптаспаған жас өспірімдер әсіресе күшті бақылаудың болуын қажет етіп отырады. Күшті бақылау бар жерде көздеген мақсаттан тиісті қорытынды шығаруға болады. Сонда ғана бала өз мінезін бір жүйеге қалыптастырып, қойылған талапты орындап отыруды дағдыға айналдырады. Осы қағиданы түсіне білген Бейімбет ананы бостан – бос ашуландырып, тектен – тек қарғап – сілете бермейді. Баланы жөнге келтіріп, ақылға көндірудің жолын іздестіреді. Ол жоғарыда айтылған белгілі мақсатты көздейтін талап пен соның іске Асуан қадағалайтын кошті бақылау екенін жазушы еске салады.

Қорыта айтқанда әумесер баланы белгілі дағдыға үйреткен, оған жүктелген мақсаты анық, нақтылы еңбекпен күшті бақылаудың жемісі болды дей аламыз. Өйткені «нағыз, шын, адал және ер кін еңбек адамның тұрмысына әсер етюді, егер ондай еңбекболмаған Күнде өзінің бағасын, адамдық қасиетін жоғалтқан болар еді. Еңбек тіпті адамның өсуі үшін керекті ғана жадай емес, оның адамның қолы жеткен қасиетін бір дәрежеге ұстау үшін де маңызы зор », — дейді К.Д. Ушинский. Ойын қызығына беріліп, тіпті әумесерленіп кеткен баланың қабілеті және таланты ендігі жерде осы еңбек арқылы көрінетін болады. Ана ашуыарқылы жеткізіп отырған Бейімбет өлеңінің балаларға беретін тәрбиелік әсері осындай.