Көрнекті жазушы Б.Соқпақбаев балалар әдебиетінде алатын орны

1.Бүкіл одақтық аренаға танылған балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы Б.Соқпақбаев өз өмірбаянын жас оқушыларға былай деп таныстырады:

«Мен 1924 жылы Алматы обылысы, Кеген ауданы, Қостөбе селосында тудым. Ата-анамнан ерте айырылдым. Алғашқы кезде кісілердің қолында жүрдім.

Балалық шағымда менің басымнан өткен қиыншылықтар мен жоқшылық өзімнің «Балалық шаққа саяхат» деген кітабымда бейнеленген. Отан соғысы жылдарында Фзо мектебінде оқыдым, армия қатарында қызмет еттім, одан кейін ауылда мұғалім болдым. Осымен бірге Қазақ педогогика институтынын филология факультетін бітірдім.

1950 жылы менің тұңғыш «Бұлақ» деген жинағым шықты. Бұдан кейінгі жылдары Алматыда «Пионер», «Қазақстан пионері» редакциясында істедім. 1955-57 жылдары Москвадағы жоғарғы әдеби курс та оқыдым. Балаларға арнап, бірнеше кітап жаздым. Бұлардың ішінде «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Аяжан», «Гауһар», «Жекпе-жек» және басқа да повестерім бар. Соңғы жылдардың ішінде соғыс жылын қамтитын ересектерге арналған повестермен қатар, «Кездесу» және «Бозтөбе» поэмаларын жаздым. «Қазфильм» студичсында «Менің атым – Қожа» повесім бойынша фильм түсірілді. 1967 жылы Кани қаласында болван 7-ші халықаралық кино фестивальда екі фільм – «Менің атым – Қожа» және «Қош келдіңіз» атты фильмдерге қызғылықты да тартымды түсірілгені үшін арнайы сыйлықтар берілді. Сөйтіп, Қожаны енді бүкіл дүниежүзі балалары көретін болды.1952 жылдан «Қазақстан жазушылар одағының» мүшесімін».

2.Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі- өмірбаяндық туынды. Онда автор өзінің балалық шақта басынан кешкендерін, сол кездегі дәуіршылдығына орай, кішкентай Бектас бейнесі арқылы елестетеді. Ес білмес есершақ, балалық мінез-Бектас,Жанбосын, Жүнісбай, Майра образдарына шындық қалпында толық көрінеді.

Бектас жетімдікпен жоқшылық қасіретін көп көріп, жаншылып өссе де, онысына мойымайтын, қажырла, өжет бала. Қу тілділеу, пысық, қағылездігі де бар, сабаққа алғыр. Жүгіру, секіру, суға малту жағынан өзінен ересектерге есесін жібермейді.

Ленин бідің атамыз,

Саясында жатамыз.

Қарсы келген дұшпанды,

Қақ жүректен атамыз,-

деп өлең айтады. Ол өз елінің, өз Отанының кішкентай патриоты екенін сезінеді.

Бектастың мінезінде өткірлік, кейде оспадарлық та бір, бірақ оқуға зерек. Өзінен алкен Жанбосынның айта алмай тұрған көбейту мәселесін ол суылдатып айтып береді. «Жарасың, Бектас!» – деп мұғалім мені ризашылықпен мақтайды да, Жанбосынға қарайды. Көрдің бе ананы. Ал сен өгіздей болып ап, мыңқ-мыңқ етіп тұрасын. Ұялмайсың ба? Мен масайрап, мәртебелене түсем».

Тұрмыс ауыртпалығы Бектасты шынықтырып өсірген. Ол екінші сыныпта жүргенде колхозжұмысына араласады. Ауыр азаптан арыла алмай жүргенде, жығылған үстіне жұдырық дегендей шешесі қайтыс болып, Бектас жетім қалады. Шешесі өліп, жетім қалып не жетіссін. Бір ғажабы- кісі есігінде жүріп оқыса да Бектас екінші төртінші сыныпты мақтау граматасымен бітіреді. Бойда қайрат, ойда көз, көңілінде жігер болған соң, бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділікпен, өміршілдікпен қарайды. Бектасты болашаққа сурейтін-осындай оптимистік үміт-арманы.

Бектас өзінен де бұрын шешесінен алты айлығында қалып қойған інісі Тұрдыбектің тағдырын көбірек ойлайды. Жанына көбірек бататыны да соның қәлі. Тұрдыбектің хал-күйі сондай аянышты 4 жастан асып қалса да аяғы шықпаған. Күтімсіздіктен сал-мешел болып қалған. Шашы құлағын жауып өсіп кеткен, беті аузы қап-қара кір қожалақ. Бектас осындай ауыртпалықтарды басынан кешіріп жүріп, 7 сыныпты мақтау громатасымен бітіреді. Бектас образының балаларға қандай әсер етіп, қалай толғанатыны міне осындай.

Повестің тілі жеңіл, оқиғасы тартымды. әсіресе балалардың бірін-бірі ұнатулары сон дай қызық, әсерлі суреттеледі.

Қорыта айтқанда қазіргі дәуірдегі қазақ балалар әдебиетінің алдына қойған ең өзекті мәселесі саяси күрес үстіндегі данышпандық басшылығын, өсиеттерін, әкелік қамқорлығын, оның саяси маңызын жас өспірімдерге ашып беру, түсіндіру ең басты идеяға айналды. Қандай тақырыптарды қамтығымыз келсе де, осы халықтың, осы жастардың бар өмірі, бар еңбегі, тіршілігі, күресі, алға қойған мақсат-мүдделері ілімімен, идеяларымен тығыз байланысты дамыды, дами береді. Оның өмір шендігі осыған байланысты.

  1. Б.Соқпақбаевтың 1964 жылы шыққан «Біз де бала болғанбыз» атты таңдамалы шығармаларына енгізілген екінші повесі «Жекпе-жек» деп аталған. Мұнда ауыл баласы, спортшы Мұрат Батырбековтың спорттық өсу жолы, оның дарынды ұстазы Украин жігіті Николай Тромифомич қажымай-талмай жүргізген жемісті еңбегі көрсетіледі.

Бұл повестің басты кейіпкері селолық мектепте оқитын Мұрат болғандықтан, ондағы оқиға тартысы, сюжет тік желінің бәрі де соның іс-әрекетіне, табысына байланысты дамиды.

Мұрат 5-ші сынып оқушысы болғанымен, өзі қатарлы балалардың бәрінен де нәзік, күнде ауырып қала береді. Ұлжан шешей оны серпіліске, балалармен ойнауға жібермейді. Дене шынықтыру – спорт пен айналысуға рұқсат етпейді. Оның үстіне бокс үйренуге құштарлық берілген Мұратты Николай Трофимович қабылдамай тастайды. «Сен жақсы жеңіл атлетсің! Тамаша жүгіресің, саған лайығы – осы жеңіл атлетика»- деп, оның жүгіруден басқаға қабілеті жетпейтінін айтады. Николай Трохимович осы сөздерін естіп қалған Садық – «Сен секілді шибұттарды бокс босағасынан да қаратпайды. Осы тойғаныңмен бар енді», – деп, Мұратты одан бетер қорлай түседі. Мұрат бұған намыстанады. Ол енді бокспен өз бетінше дайындала бастайды. Күннен күнге жаттығып, күннен күнге шымырлана береді. Бір кезде денелі Садықпен қойғыласып, өзінің осал еместігін сезінеді. Содан әрі аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, бокстан бір інші орынды жеңіп алды.

Мұратты Парижде өтетін халықаралық біріншілік жарысына бастап апарған да Николай Трофимович еді. Мұраттың Парижде болған шайқаста Американ боксшысы Питерт Сандересті қалай жеңгеніні автор әсерлі суреттеген: «Екінші раундтың басында Сандерес Мұратты қалайда тізе бүктірмей қоймайтындай тағы жанталасқан жойқын шабуыл басталды. Мұраттың әдіс-айла, шеберлігі де осы кезде көзге ерекше айқын түсті. Қорғана жүріп ол да көміп-көміп алады. Соққылары дәл де тез. Сандересте қапы кету көп… енді ең шешулі үшінші раунд қалды. Үш қана минут уақыт! Тас-түйін боп белдескен жекпе-жектің тағдыры сонда шешіледі. Николай Трофимович Мұратты желпи тұрып бір ғана ауыз сөз айтты:

-Енді шабуылда! – деді».

Мұратқа айтылған осы бір ауыз ұстаз сөзі Отан атынан айтылған бұйрықтай әсер береді. Мұратты тұла бойын патриоттық сезім билеп, орнынан ұшып тұрады: «Содан күш алғандай кенет ол садақ оғынша атылып кетті. Сандересті құлақ түптен соқты. Соққы барынша жойқын еді. Және бірнеше соққыны көміп-көміп жіберді. Сандерестің көзі бұлдырап, жер-дүние төңкеріліп бара жатқандай юолды…Тағы бір жойқын соққы иегінен кеп тигенде, Сандерес қалшиған қалпы тікесінен тік сұлқ тұрды да қалды. Содан соң шалқасынан барып құлады. Рингтегі судья Мұраттың қолын көтерді. Ду қошемет асқақтап кетті. Оның шалқыған қуатты үні залдың ішін кернеп кетті. Жайшылықта сабырлы Николай Трофимович балаша секіріп рингке шықты да, мұратты құшырлана құшақтап, бетінен сүйді».