М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, терең пікірлі құрылуы

1.Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды селосында туды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Армиядан оралған соң, С.М.Киров атындағы қазақ университетін бітірді. “Пионер” журналының бөлім бастығы, “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

Мұзафар Әлімбаев негізінен ересектерге арнап жазатын ақын болғанмен, ол еш уақытта балаларды назарынан тыс қалдырмаған. Ол “Жұмбақтар”, “Биікке, биікке”, “Менің ойыншықтарым”, “Алатаудың баурайында”, “Орақ олақ” деген кітаптармен, “Бал дәурен, шіркін, балалық” деген бір томдық таңдамалысымен жас оқырмандарына ертеден таныс. Оның балаларға арналған орыс тіліндегі өлеңдері газет беттерінде және жинақтарда басылды. М. Әлімбаев “Балдырған” журналының редакторы болған. Мұнда ол мектеп жасына дейінгі бөбектерге және бастауыш сынып оқушыларына арнап өлеңдер мен әңгімелер жазып тұрады. Ол бір естелігінде:

“Менің шешем өмірімнің ең бірінші, ең жақсы, ең ақылды әрі ең қатал ұстазы болды. Ол көптеген халық жырларын: бесік жырын, тұрмыс, қаһармандық жырларды, даналық ертектер мен қайталанбас аңыздарды білетін еді.

Ол ұлы Абайдың өлеңдерімен мені ерте таныстырды. Рас оның терең мәнін мен әлде қайда кейін ұқтым. Мен әкемнен 9 жасымда айрылдым. Он төрт жасқа шыға бергенде небәрі жеті күн ауырып, шешем дүние салды. Сөйтіп мен ең жақын ұстазымнан және анамнан айырылдым. Шексіз қасірет менің қыр соңымнан қалмады. Ал мен он бес жасқа шыққанда өзімнің алғашқы өлеңімді жаздым, бұл өзім жатқа білетін – “Ана” дейтін өлеңім. Анасы бар әрбір ұл мен қыз оны әрқашанда тыңдап, әрқашанда ренжітпеуін мен қалаған болар едім. Мен, балалар, Сіздер, біздің үлкен де айнымас адал анамыз – Отанды бағалап, шын жүректен жақсы көргендеріңді қалаған болар едім”, — дейді.

Ақынның анаға, ұлы отанға деген мейірбандылығы, берілгендігі, оны зор құрмет ететіні, солар алдында, қызмет ете беретіні бар шығармасының үлкен өзегі боп тартылған, биік мұнарасы боп қалана берген. М. Әлімбаев медальдармен, құрмет грамматасымен наградталған.

  1. Автордың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ақын балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойланады. Сондықтан да Мұзафар өмірдің кішкене бір көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды өзіне зор мақсат етіп қояды.

Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын “Кім ұтылды, кім ұтты…” өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай жатқандарын сөз еткен. Екі алманы үшке бөлісе алмай таласып, керілдесіп жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:

Қиын емес бұл мүлдем,Сен бер маған жартысын.

Тепе –тең бөлейікЕкеуі оған көніпті,

Екеуің ал бір – бірден,Жарты – жарты бөлікті

Мен – ақ соған көнейін.Басу айтқан балаға

Не керек сол айтысып,Өз қолынан беріпті.

Сен бер маған жартысын.Кім ұтылды, кім ұтты?

Не керек сол тартысып, Кім ұқпады, кім ұқты?

Ақын өлеңін сұрақпенен аяқтап, оқиға шешімін балалардың өз талқысына салады, сөйтіп, олардың ойын дамытуға, өздерінше пікір таласын тудыруға сілтейді. Ақын өлеңі тартымды ойға құрылатыны осыдан ап – айқын көрінеді.

“ Әріптер сыры” өлеңінің мамандық таңдауға жол ашатын сыр – сипаты бар:

“ А” – Алтай бала дәрігер,

Аурудан сақтар ол мені.

“ Ә” — Әнуар өнер біледі,

Әдемі етік тігеді.

“ Б” – Бауыржан сақшы – жауынгер

Батыр деп сүйген қауым ел.

“ В” – Володя мастер мен дейді,

Вагондарды жөндейді.

“ Г” – Гүлжамила бақшашы,

Гүлге толған бақшашы

“ Ғ” -Ғажап бояу жағады,

Ғали сурет салады.

“ Д “ -Дүлділ аттар баптаған,

Дәрменді жұрт мақтаған.

Мұндағы әр әріп, әр түрлі мамандықты таңдайтындай мазмұнға құрылған. Және бірінші сынып оқушыларының жаттап айтуына ыңғайлы. 36 әріпті түгел танып шыққан бірінші сынып оқушылары ата – аналар жиналысы кезінде мектеп сахнасына шығып, бірі “А”, екіншісі “Б”, үшіншісі “Ә” болып рөлдесіп, жатқа айтып шықса, жарты жылдық оқудың білім қорытындысы болып, ата – ананы зор қуанышқа бөлер еді. Педагогтардың ақын, жазушыларға қояр тілек, талаптары шығармаларының тәрбиелік мәні басым болумен қатар, білімдік мазмұнға құрылуын тілейді. Оқушылардың сөздік қорын байытатын талғам, ойлы, парасатты көркем сөздер болуын талап етеді. Өлеңдерді тез жаттап айтуына икемді боп тұруын жақтайды.

  1. Баланы адалдыққа, кіші пейілдікке, мейірімділікке тәрбиелеу халықтың педагогика мақсаттарының бірі болған. Адамгершілігі мол парасатты кісі әрқашан өз басының қамынан гөрі ел қамын, халық қамын көбірек ойлайды да өз Отаны алдында қызмет етуге әрқашан дайын тұрады. Міне, осындай сипат Мұзаффар Әлімбаевтың «Алатау баурайында» поэмасынан ерекше орын алған.

Жақы деген жарлының жаман шалашын сұрап алған Пернебек оны түзеймін, үлкейтемін, үй етемін деп шалаш астын қазып жатқанда кесек-кесек алтын тауып алады. Қуанышы қойнына сыймаған Пернебек бұл сенің үйіңнің астынан шақты, бұл алтынды сен ал деп Жақыға жалынады. Оңай олжадан бас тартан Жақы Пернебекке өзің ал алтын өз еңбегіңмен табылды дейді.

Жарымаған жарлының,Көзің сатып жеген нан,

Жарылғаны адалдық.Кептеледі өңешке.

Жарлымын да жарлымын,Терің сатып жеген нан,

Жанға жақпас қараулық.Балдан тәтті емес пе?

деп, Жақы тағы да Пернебектің алтынды алмасына қоймайды. Аш көзділік, арсыздықтың жоқтығы қандай сыйлы. Пернебек те алтынды алудан бас тартады.

Оңай олжа – арам ас,

Мен де алтыннан беземін.

Бола қоймас балам аш,

Терсем де жер тезегін.

Ақырында біз көрген таршылықты солар көрмесін, олардың болашағы бақытты болсын деп екеуі бірінің қызын екіншісінің ұлына қосып, алтынды соларға бермек болады, бірақ екеуінің баласы да алтынды алудан бас тартады. Ақырында бір дана қарияның айтуымен алтынды халық мүддесіне жұмсап, алмалы бақтар орнатады. Ол халықтың игілігіне айналады.

Міне, бұл баланы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеасынан туған тоқтам. Жүре келе түсінер, өмірдің өзі үйретеді дей жүріп, баланы бақылаудан тыс қалдырса, он құрметтемесе, балаға баласынып қараса, онда ата-ананың ұтылғаны. Ал егер баланың бойына ізгілік егілмесе, оған құрметпен қарамаса, ондай бала өзіне өзі сұрқия, басқаға да жексұрын боп көрінеді.Бұған біз Мұзаффар Әлімбаевтың «Егерде» деген өлеңін үлгі етер едік.

Ауланың қарын күрер ем,

Аяғым су болмаса.

Бақшаны баптап жүрер ем,

Үстіме шаң қонбаса.

Бұл бала не істеу керек екендігін біле тұра соған ілікпейді. Қолы бармайды. Қара жұмысқа жиіркене қарайды.

Суға да мен барар ем,

Егер қарым толмаса.

Отынды да жарар ем,

Ағаш қатты болмаса.

Жастайнан осындай тәрбиеде өскен шолжақ бала көбіне жамандыққа үйір кісі Жан біткенде жек көреді. Жасынан өзімшіл, жалқау өскен бала өзге түгел өзінің жақынына да қарамайтын

болады. Ақын бұл жағын да дұрыс айтқан:

Жұбатар ем Жанатты,

Жылап маза алмаса.

Жақсы оқыр ем сабақты,

Кітап қалың болмаса.

Мұзаффар көркем сөз зергері. Оның өлеңдерінен бала жанын мәз етерлік елжіреген бос сөздер, құлақ тұндылық құрғақ өсиеттер кездеспейді. Оның өлеңдерінен тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп отыратын терең ой, өткір пікірлер табылады. Мұзаффар өлеңнің көркемдік түрлерін тек метофоралар мен эпитет сияқты бейнелі, мәнерлі сөздерден ғана іздемейді. Ол сөз қолдану шеберлігін әр сөзді орнын тауып жұмсай білу ден іздейді. Орнын тауып қолдана білсе, терең мазмұнға, ерекше көркемдікке ие болып құлпырмайтын, түрленбейтін бірде-бір сөз жоқ екенін Музаффар жақсы түсінеді. Ол ізденгіш, талғамы күшті, бала жанын түсінетін талантты ақын.