ХХ ғ бас кезіндегі балалар әдебиеті

  1. ХХ ғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің халық ағарту жұмысының дамуына зор ықпал етті. Өйткені осы кезден бастап Қазақстанда маркстік, лениндік идеялар өріс алды. Ревалюциялық қозғалыстың күшеюі қоғамдық жағдайларға өзгерістерге енгізе бастады. Қазақ арасында орыс білімінің, орыс мәдениетінің таралуы, өріс алуы қазақ халқына зор бақыт әкеледі. Орыс мәдениеті қазақ халқының көзін ашып, көңіл күйін оятты.“1905 жылдан кейін халық ағарту ісінің дамуы қазақ тілінде кітап , газет журналдардың шығарылуы Россиядағы демократиялық қозғалыстың жеңістерінің бірі болды”. Осындай түбегейлі жаңалықтар ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар ХІХ ғасыр ақын-жазушыларының ой-топшылауларынан әлдеқайда оздырып әкетті.

ХХғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің , халық ағарту жұмысының дамуына зор ықпал етті . Ақын- жазушыларды ХІХғасыр қаламгерінің ой-топшылауларынан әлде қайда оздырып әкетті .

М. Сералин, С.Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаевтар күрделі мәселелер көтерді . Ана тілінде оқу құралдарын жазуды және балаларға орысша білім берудің қажеттігн жақтады . Дәл осы тұста Абайдың немересі Әубәкір ақынның сол кездегі жеке дыбыстармен байланыссыз , жеке- жеке сөздерді жаттатып оқыту әдісін сынап жазған өлеңдерінің екі шумағын мысалға алайық.

Сөз берсең ,берсең еді мағыналы,

Ондай сөз осы ауылдан табылады.

«Абай» , «ата», « таға» мен « өгіз» , «сегіз» ,

Жаттай беріп бала оны не қылады.

Қайтер еді әуелі «ата» десе ,

Атын жазып тағы да «апа» десе,

Орыстардың үйрен деп азбукасын , —

Ыбырай айтпаппа еді күні кеше.

Демократияшыл интеллигенция оқытудың мұндай түрлнріне , діни медреселер оқуына қарсы шықты . Өздері құрастырып , өздері жазған оқулықтар мен хрестоматияларға орыс әдебиетінен аударылған шығармалары енгізілді . Мысалы, С .Көбеев 1910 хылы жарияланған «Үлгілі тәржіме» , 1912 жылы шығарылған « Үлгілі бала» деген оқулық хрестоматияларына орыс классиктерінен 40- тан астам өлең , әңгімелер аударып енгізген .

1912 жылы Тайыр Жомартбаевтың «балаларға жеміс» , 1911 жылы Орынборда Мұхамедораз Нұрбаевтың «Көргенді бала» , « Үлгілі ана» оқу кітабы шықты . 1912 жылы Уфада шыққан М. Малдыбаевтың « Қазақ исаең жаңа әліппе» және 1911жылы Уфада қазақ- қырғыз балалары үшін «әліппе яки төте оқу» деген оқулықтар жарық көрді . Бұларда ай , күн , жыл аттары , санамақтар да қамтылған .

Бастауыш мектептер мен орта мектеп оқушыларына оқулық- хрестоматиялардың қай кезде жазылғандарын алсақ та , қамтылған материалдары балалар әдебиетіне тән, балалар қабілетіне жақын сұрыпталған шығармалар болатын. Мұның үстіне Ыбырай, Абай негізін салған қазақ балалар әдебиетінің дамуына, оның өріс алуына С. Торайғыровтың, С. Дөнентаевтың, С. Көбеевтің шығармалары үлкен үлес қосты.

Шымкенттің Бадам совхозында 1930 жылға дейін өмір сүрген Нұралы ақын оның Сауда Ишан атты қисса-дастаны арналған.

«Сауда Ишан» дастаны-лиро-эпостық жырлар қатарына жататын шығарма. Жас өспірімдерді атеистік тәрбиеге баулуда бұл дастанның тәрбиелік ролі зор.

Мешіттер мен көне қабырларды әулие орындар, «киелі жер» деп оқымаған қараңғы хъалықты соларға табындырып, алдап келген молдалар мен ишандардың құпия сырларын, жұрт шошырлық масқара істерін бастан-аяқ жүйелі түрде әшкере ететін халықтық шығармалар ішіндегі ең ұзақ айтылып, жырланатыны –«Сауда-Ишан»- дастанының оқиға желісі дін құпиясын бетке ұстап, қалың бұқараның арсында әр алуан зұлымдық, опасыздық, жиренішті істер жүргізген дін басыларын әшкере етуге, олардың зұлымдық әрекеттерінің бет пердесін ашуға, әйелдердің бас бостандығы үшін күресін, дін бұғауынан құтылу әрекетін жырлауға арналған.

Шолаққорған қаласында тұратын Мәһәлбай дейтін бай саудагер бір перзентке зар болып жүріп, орта жастан асқанда бір ұл, бір қыз көреді.Ұлының атын Болат, қызының атын Гүлжанат қояды. Балалары ер жеткен кезде, Мәһәлбай сауда-саттық жасау үшін ұзақ сапарға-Үрімші қаласына жүрмекші болды. Жол жүрер алдында, Мәһәлбай үй ішін, бала-шағасын өзінің сиынған пірі-Сауда Ишанға табыс етіп кетеді. Мәһәлбайдың мұнысына қатты қуанған Сауда Ишан табыс етіп кетеді. Мәһәлбайдың мұнысына қатты қуанған Сауда Ишан: «Барлық қазына, байлығымен қоса, ай мен күндей Гүлжанаттың алдағы тағдыры да өз уысымды болады » деп, тез ризалық білдіреді.

Қиянат еш уақытта мен қылмаспын,

Мал-мүлік тапсрсаңыз пұлыңызды.

Қолыңа сау –саламат тапсырайын ,

Қошлықпен көрсете алла жүзіңізді.

Барасың сапар шегіп жерге шалғай,

Көңіліміз тату еді шекер – балдай,

Кетіңіз ұғындырып қызыңызға,

Жүрмесін қапа қылып тілімді алмай,

Өлмесем орнына келтірермін,

Бір істі тапсырсаңыз әлдеқайда,- дейді Ишаның бәрінен де айырылған Ишан айуандық жасамақ болды.

Мәһәлбай мұны «құран» чсөзіндей көріп, әсіресе Гүлжанатқа: «Сауда Ишан көзімнің терісінде пірім, өлс,ем рухым болады. Оның сөзін екі етпеңдер, көңіліне қаяу келтіріп, қапа қылмаңдар, шырағым!»,-деп тапсырады .Сауда Ишанға керегі де осы еді.Мәһәлбай жүріп кетісімен-ақ, ол ен байлыққа қол сұғып, алдымен Гүлжанатқа көз тігеді.

Шолаққорған шаһарындағы барлық мешіттің үлкен имамы болған Сауда Ишан-дін күшімен бүкіл елді құлдық ұрғызып, өзіне табындырған адам. «Сауда Ишанның» қатеріне іліккен адам оңбайды, қор болады. Сондықтан оның айтқанына көніп, аяғына бас ұрып, не десе де қарсылық білдірмей көне беру керек деп, діни адмдар бұқара халық арасында лақап таратқан, еңбекші ел одан қатты үрейленіп, оның алдында құрдай жорғалаған.

Сауда Ишан Гүлжанатқа жез құман ұстатып,намаз оқыр алдында күніне бес рет дәрет алу үшін қолына су құйдырып қояды.Ондағы мақсаты-қызды жылы сөздермен өз бойына үйретіп, бірте-бірте жақындата беру еді.Дәрет алып отрып, Сауда Ишан Гүлжанаттың сұлулығына, зеректігіне қызығады. Бір ықыласы Гүлжанатқа ауып, намазын ұмытады .

Діни жолды бетке ұстап, әркімнің үй ішіне, семъясына бүлік салып үйренген әйел құмар Сауда Ишан Гүлжанатты да азғындық жолға түсіруді ойлайды. Гүлжанат оның әр түрлі айла тәсілдеріне көнбеген соң, адамгершілік ар-ұятты

Айналайын Жанат жан,

Мә, дұғам осы талаптан.

Ақ бетіңнен сүйгізіп,

Бір иіскет тамақтан .

Не деп еді Мәһәлбай,

Сондағы әзір бар құдай.

Айтпап па еді әкеңіз,

Ишанның қыл деп көңілін жай.

Жырдың алғашқы басталуынан-ақ Сауда Ишанның кім екені, оның өзіне үйреншікті болып кеткен опасыздық әрекеттері бірден-ақ айқындала береді .

Шолаққала шаһарын дін жолымен билеп алған Сауда Ишан ешкімнен қымсынбайды да, қаймықпайды.Қарақұрттың торына түскендей болған Гүлжанат бұдан тірідей құтылмасын білгне соң, қолындағы жез құманмен Сауда Ишанның басына қойып қалады:

Кәрі төбет әрі деп,

Құманмен ұрып жіберді.

Осы орын деп сізге бап…

Қолынан шыға жөнелді.

Гүлжанат басындағы өмір трагедиясын осы жерден басталады. Гүлжанат Сауда Ишан сияқты қорқауға арын таптатып, жастық ұжданы мен адамгершілік ұжданын улатқысы келмейді. Бас бостандығы үшін ашық күреске шығады.

Дастанның идеясы мен көркемдік бірлестігі тұтасып, оқушыға өжеттік ой, қажырлы қайрат береді. Гүлжанаттың азаматтығы мен ерлігіне сүйсіндіріп отырады.Поэманың компазициялық құрылысында адам арманына жетелейтін оптимистік үміт, жақын сенім бар. Гүлжанат әдейі әкесінің намысына, қытығына тие сөйлейді.Мәһәлбайдың дінге сеніп істеген істерін, надандығын бетіне баспақ болады. Әкесінің ұрғанын, ұрысқанын, өлім жазасына бұйырғанын кек қылмағансиды. Бәріне де көне жүріп, Сауда Ишанды халық алдында әшкере етуді көздейді. Әрине, бұл үшін үлкен төзімділік, қайсарлық пен ақыл парасат керек. Мұндай ізгі қасиеттер Гүлжанатқа бар еді.

Дастанның неегізгі оқиғасы, шарықтау шегі осымен аяқталған. Басқа дастандардан гөрі мұның негізгі өзгешелігі – ондағы басты оқиға дін құпиясының және дін басыларының әшкереленуі. Екіншіден, мұндағы басты кейіпкер — әйел болуы. Гүлжанаттың даналығы мен ақылдылығы, өжеттігі мен төзімділігі, шешендігі мен ақындық өнері дін басыларының сырын ашып, оларды әшкере етеді.

Дін жолын бетке ұстап, бар дүниеге астыртын бүкіл салып, елді зар илетіп жүрген Сауда Ишанның зұлымдық әрекеттер оқушыға айдын анық. Бір адам не бір семъя тағдырын емес, бүкіл халықты дін жолымен қараңғылық шырмауында ұстап келген Сауда Ишан сияқты дін басыларының ұсқыны, олардың типтік бейнесі халықтық шығармаларда осылай суреттелген. Дастандағы образдардың нанымды да әсерлі шығуы ондағы өмір шындығының нақтылығы мен маңызды құбылысынан көрінеді.

Қорыта айтқанда, «Сауда Ишан» дастаны «Сопы сұмнан шығады» деген халықтың даналық ойларын бірнеше фактілермен дәлелдейді. Сонымен бірге, дінге деген соқыр сенімдердің қаншалықты алдамшы, жалған екнін шебер түрде айқындап, аша білген. Балалардытәрбиеге баулуда мұның өзі өмір фактісіне құрылған өнегелі мұра.