ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті

1.Жазба әдебиеті дамыған қандай елді алсақ та оның негіді ауыз әдебиетімен тығыз байланысты, содан қоректене отырып жетілгеген білеміз. Бұл-жазу, сызудың шығуына , сауатылыққа және мәдениеттің үздік өсуіне байланысты іске асатын құбылыс. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы ерекшеліктерді, ондағы бастр-басты айырмашылықтарды белгілей келіп, В.Г. Белинский мынадай теориялық анықтамаларға тоқталған еді. “Ауыз әдебиетінде аты мәлім автор болмайды, неге десеңіз ауыз әдебиетінің авторы әрқашан да –халық. Халықтың немесе тайпаның әлі балаң дәуірдегіндегі оның ішкі және тысқы өмірлері табиғи қалпында айқын көрсетілетін өлең-жырларын шығарушылыр кім дер еді, оны ешкім білмейді.”.

Ал әдебиет ол басқаша. Әдебиеттің шығарушылысы халық емес, оның авторлары-халық рухының әр алуан жақтарын өзінің ой-ақылы арқылы білдіретін жеке адамдар.

Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіліп-жетілуімен қатар, ХІХ ғасырдың жазушылары да балалар әдебиетінің өркендеуіне ат салысып, жетекші роль атқарады.

Егер біз фольклор балалар әдебиетінің алтин бесіді десек “Әліппе ” мен “Букварь” балалар кітабының, балалар жаба әдебиетінің негіді болды дер едік. ХІХ ғасырдан бастап-ақ қазақ балалар жаба әдебиеті өзінің тұрақты педагогикалық көз-қарасы анықталған және түрлі жанрларда жазылған әдебиет болып қалыптасты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап балаларға арналған жаңа типті орыс-қазақ мектептерінде оқытылатын “Букварь” (1892) , “Әліппе”, “Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1876) “Қазақ хрестоматиясы” (1879) шыға басталды. Мұның өзі жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына байланысты туған игілік еді. Қазақ балалары үшін ашылған мектептер, соншама аз болса да, қазақ халқының арасында олар орыс білімінің тарауына көмектесті. Балалар ендігі жерде Діни медреселерде оқымасын, олардың бастарын Діни уағыздарын мектептеріне тартылсын деген пікірлер туа бастады. Бұл кезде Діни медреселерде оқитын шәкірттерге ислам дінін дәріптейтін өлеңдерді, түсініксіз аяттарды хормен айтқызып, еріксіз жаттауға мәжбүр ететін:

Қайрауат-ау, қайрауат,

Баймұғамет салауат.

Елімізге сәулет бер,

Бай, мырзаға дәулет бер,

Молдамызға нәубет бер,

Молдеке, Бізе рұқсат бер,-

деп , молда алдана иіліп тәджім беретін. Мұның өзі бала миын жас кезінен діни сүрелермен уландырып, қай нәрседен болса да қорқып, бұқпантайлап өмір сүруге кіріптар етіп қоятын. Балалар үшін сол кездегі келелі тақырыптардың бірі хайуанаттар, жан-жануарлар жайында жазылған өлеңдер-жырлар болып табылады.

Осы тұстағы қазақ балалар әдебиеті орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылуыымен де толығып, жетіле түсті. Өз шығармаларымен қатар, Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтан,и И. И. Дмитриевтен, Ушинский хрестоматиясынан балаларға лайықты көптеген өлеңдер, әңгімелер аударып, өз хрестоматиясына енгізді. Ыбырай мен Абайдың орыс әдебиетінен аударған шығармалары қазақ балалар әдебиетінің өсіп, дамуына игі әсерін тигізді.

Қазақ балалар әдебиеті мен балалар фольклорына жататын бай мұраларды жинап, іріктеп алу, бір жүйеге келтіру, бастыру жағы да осы ХІХ ғасырдан бастап қолға алынған еді. Осыған орай қазақ балалар әдебиеті педагогикалық принциптерді қолдануға тиіс өрелі ойлар өріс ала бастады.

Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт – санасына, талғам – талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым – қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең – аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.

Шығарманы ә дегенде белгілі бір ақын, жыршы, жыраулар шығарған, содан соң аталған әдеби мұра бір елден екінші елге басқа біреулердің жаттауымен жетіп отырған. Заманы алыстаған сайын түп нұсқаның алғашқы авторлары ұмыт болып, ол біртіндеп бүкіл халықтық ортақ мұраға айналған. Мысалы : “” “Қозы Көрпеш- Баян сұлудың” отыздан астам варианттары сақталған. Бұл жырдың өмір тарихы сан ғасырмен өлшенеді. Сол орталықтағы оның бірінші жырлаушысының есімі ұмытылған, басты сюжеттік желісі әр алуан өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан фольклорлық әдебиеттің нақтылы авторы аталмайды. Ол шығарма қай ұлттың, қай халықтың көркем шығармасы еді деген сұрақ бірінші орында тұрады.

Ауыз әдебиеті үлгілерін кез келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілеті, бейімі бар адамдардың қатысы бар.

Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы. Халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский“Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жаба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті ерте замандағы ой – сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Билинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Буслаев, Миллер, А. Н. Афанасев секілді ғалымдары қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. қарады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың II жартысында Батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл “ауысып алу” теориясы деп. аталды. Оны Рессейде А. Н. Пыпын, В. В. Стасов, А. Н. Веселовский т. б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетінен басқа халықтың ауыз әдебиеті мен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айырықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса – ақ болғаны, оны олар бір – бірінен ауысып алған деп. есептейді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым – қатынас, сауда – саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпын оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп. дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де көрсетеді. Ауыз әдебиетінің тууы, даму жайында “ауысып алу” теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді.

ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстаннан жылына орта есеппен 3-3,5 миллион сомның малы сатылып отырды. Әсіресе алыпсатарлар тауарды ақшаға алып, оны ауылда тоқты-торымға, немесе келесі жылғы бұзауға қарыз беріп, халықтың қолындағы малын тегіннің аз-ақ алдында алып тонауға кірісті. Қазақ даласына ақша капиталының енуін, сауда-саттықтың күшеюін, адамдардың пиғылының ақшаға ауып, қайыр-садақа беру, имандылық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қадір-қасиеттің азаюын, патша өкіметінің отарлау саясаты кезіндегі ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен парақорлық, зорлық-зомбылықтың күн сайын күшейіп бара жатқанын көзімен көріп жаны ауырған Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты “Зар заман” ақындары “заманның азуы, ақсақалдық тәртіптің ыдырауы” деп жаңалыққа тосырқай қарады. “Сары орыстың бәрі орыс – кәпірлер билеген заман” деп түңілді. Осы тығырықтан шығудың жолын көрсете білген ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ даласынан шыққан прогресшіл-демократияшыл Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Ахмет сияқты ағартушы ойшылдар болды. Олар орыстың Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, Н.А.Некрасов, Н.Г.Герцен, Добролюбов сияқты демократ ұлдарының еңбектерін оқып-танысып, олардың халықшылдық идеяларынан қуат алды. Қараңғы қазақ елінің бақытқа жету жолы тек оқу-ағарту ісімен байланысты деп түсінді.

Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің “Өнер-білім бар жұрттар” деген өлеңінде тастан сарай салғызған, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған, теңізде кеме жүздірген, өнер мен техниканы еркін меңгерген батыс, орыс халықтарының өнері мен ғылым-білімін үйрену керек деп қарады. Ал ұлы ойшыл ақын Абай өзінің өлеңдері мен философиялық қара сөздерінде “Өнер-білім орыста тұр. Орыстың тілі, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі” деп насихат айтты. Салтыков-Щедрин, Лев Николаевич Толстой сияқты орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымынан үйренуге шақырды. Ал Омбының кадет корпусында оқып орыс мәдениетімен тереңірек танысқан Шоқан Уәлиханов “Біздің келешегіміз орыс халқымен тығыз байланысты” деп есептеді.

2. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық-халықшылдық көзқарасы (1835–1865). Қазақ топырағында ағартушылық-халықшылдық идеяның туын алғаш көтерген, қазақтың ұлттық мәдениетін орыс, батыс ғалымдарына танытуға ерекше еңбек сіңірген ғалым Шоқан Уәлиханов болады.

Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, нәзік психолог, тәлімгер ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл әлем ғылымдарының көптеген салаларын терең меңгеріп, шығыс елдері мәдениетін зерттеуде ондаған аса құнды еңбектер қалдырып кетті.

Шоқанның шығыс елдерінің ауыз әдебиеті үлгілерін жастайынан көп білуге, біріншіден, оның өскен ортасы: әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыс әсер етсе, екіншіден, Шыңғыс ауылдары қазақтың әнші-күйші, сал-сері, өлеңші-жыршы, ақындары жиі-жиі жиналып, өнер сайысына түсетін ортасы болды. Шоқан тіпті Омбыдағы кадет корпусында оқып, еуропаша білім алып жүрген кездің өзінде де қазақ-қырғыз елінің әдебиеті мен мәдениетінен қол үзбеді. Оған себеп, сол кездегі Батыс-Сібір губернаторының орталығы Омбы қаласында қазақ-қырғыз сұлтандарына арналып салынған қонақүйдің болуы, қазақтың болыс-сұлтандары жандарына ақын, әнші, күйші, сазгер өнер адамдарын ерте келіп, Омбыдағы қонақүйде жиі өнер сайысын ұйымдастыруы, Шоқанның өзінің орыс достарын осы жиынға алып барып, қазақ өнерін тамашалауы болды. Оның үстіне, патша үкіметінен қуғын көрген, орыстың демократ-интеллигенттер тобының саяси сенімсіздігі үшін Сібірге жер аударылып Омбыға жиналуы, солардың ішінде жан-жақты білімді, озық ойлы Иван Васильевич Ждан-Пушкин, Николай Федорович Костылецкий, Александр Андреевич Сотников, Василий Петрович Лобадевский, т.б. Шоқанға сабақ беруі, ал оның өз достары Н.Г.Потанин, С.Ф.Дуров, Ф.М.Достоевский, А.Н.Майков сияқты ақын-жазушылардың, этнограф, фольклорист ғалымдардың болуы келешек ғалым Шоқанның Батыс, Шығыс елдерінің әдебиеті мен тарихын, салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, діні мен тілін терең зерттеуге әсер етті.

Ш.Уәлиханов Шығысты зерттеуші ұлы саяхатшы П.П.Семенов — Тянь-Шанскийдің нұсқауымен Батыс – Сібір генерал губернаторы Госфорттың тапсырмасы бойынша 1856-1857 жылдары Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың, Қытайдың Жоңғария даласына бару сапарында ол шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ, қырғыз, ұйғыр, дүнген халықтарының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен ерекшеліктерін зерттеуге арнап, “Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка”, “Жоңғария очерктері”, “Қырғыздың Манас жыры туралы”, “Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары”, “Абылай”, “Ұлы жүз қазақтары туралы”, т.б. деген еңбектерін жазды.

Шоқанның алдына қойған басты мақсаттарының бірі – өз халқының өмірін жете зерттеп, кең даласы мен дархан халқын, өзіндік көне мәдениетін берісі орыс, әрісі еуропа жұртына таныстыру еді.

Шоқан өз халқының ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын “тағы халық” деп қарау мүлде қате, теріс түсінік дей келіп, өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақтастыра зерттейді. “Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары, реалистік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды…”. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын” дейді.

Шоқан өзінің “Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы” деген еңбегінде Ресейде тіршілік ететін тілі, діні, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі басқа бірнеше ұлттар мен ұлыстардың тұратынын, оларды билеу жөнінде заң жобасын жасау үшін Джон Миль айтқан “Әр сословиедегі адамдардың ақыл-ой, адамгершілік және саяси саналары туралы дәлме-дәл ғылыми зерттеулер жүргізіп алу керектігін қостай келе, ел билейтін әкімдердің, әсіресе басқа ұлт өкілдерінің, сол халықтың тарихын, салт-дәстүрлерін, психологиялық ерекшеліктерін жақсы білмей тұрып билік айтуы аса қиындық келтіреді” деді. Шоқан қазақтар арасындағы дау-жанжалдарды өз араларынан белгіленіп қойылған, сол ұлттың салт-дәстүрін, ел билеу заң жобаларын жақсы білетін билерге шешкізу керек, тек кісі өлтіру, ел тонау сияқты өрескел қылмыстарды ғана округтік ресми сотқа қарату керек дейді.

Ол қазақ әкімдерін жоғарыдан тағайындау арқылы емес, халықтың өзі сайлап қоюы керек, тек сөйтсек қана әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігі күшейеді деп қарады.

Оның шығыс халықтарының әдебиеті мен мәдениеті, тілі мен діні, наным-сенімдері туралы тебірене жазған еңбегінің бірі – “Жоңғария очеркі”.

Ол Орталық Азия елдерінің бұрын шығыстағы ең мәдениетті, ең бай ел болғанын, ал бүгінде сопылық пен тағылық үстемдік құрғандығын, соның салдарынан бір кездегі бүкіл әлемге әйгілі болған Самарқан мен Ташкент, Ферғанадағы кітапханалар, обсерваториялар мен архитектуралық көне ескерткіштердің тозып, мүжіліп, олардың мұнаралары ғана қалғанын қынжыла сөз етеді.

Шоқан өзінің осы еңбегінде ұйғыр, қытай, дүнген, қазақ, қырғыз жұрттарының салт-дәстүріне, мәдени ескерткіштері мен діни көзқарастарына тоқталады.

Шоқан қырғыз жұртының Ыстықкөл маңына қашан, қалай келгенін, олардың арғы тегінің (XІV-ХVғғ.) Енисей (Енесай) өзені бойында болғанын, буряттармен қаны бір бауыр, тілі ұқсас туыс екенін айта келеді де, олардың моңғол-қалмақ жұртымен соғысып қуғынға ұшырағаннан кейін, үш мың шамасындағы отбасының XІV ғасырдың басында Алатаудың күңгей беті мен Ыстықкөл бойына ауып келіп орналасқанын, жергілікті түркі тайпаларымен қан араласуынан қырғыз халқының пайда болғанын сөз етеді.

Шоқан 1858 ж. Қашқарияға бару сапарында Ыстықкөл бойындағы қырғыз ағайындарының ауылдарын аралай жүріп, “Манас” жырының “Көкетайдың асы” деген бөлімін жазып алып, орысшаға аударып, Еуропа ғалымдарына ұсынуды мақсат еткенін айтады. Шоқан: “Манас” жырында қырғыздардың тұрмыс қалпы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, географиясы, түсініктері, тіпті олардың халықаралық қатынастары баяндалған” деп аса жоғары баға берген. Сөйтіп, “Манас” жырына терең талдау жасай келеді де, “Алтынорда дәуірінің батырлары Едіге, Ер Көкше, Орақ сияқты казақ батырларының аттарының да бұл жырда кездесетінін айтады. Бұлар тарихта болған адамдар. Едіге Темірланның генералдарының бірі, Алтынорданың әскербасы. Ал Орақ пен Мамай Едігенің ұрпағы деген сияқты көптеген тарихи мәліметтердің бетін аша келіп, Шоқан қазақ, өзбек, қырғыз жұрттарының аңыз-әңгіме, ертегі-дастандарындағы ұқсастықты тұрмыс-тіршілік, кәсіби ұқсастығынан іздестіреді. Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір ортақ қасиеттеріне негіздей отырып, олардың түп атасы — түрік “- дегенге келтіреді.

Шоқан өзінің “Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары” атты еңбегінде қазақтар мен қырғыз жұртының арасында шаман дінінің ұзақ уақыт бойы ислам дінімен қатар өмір сүріп келе жатқанын, тіпті бұл жұрттардың дінге деген сенімінің онша күшті емес екендігіне назар аударады. Шоқан шаман дінін ұстаушылар табиғатқа табынғанды жақсы көрген дейді.

Ауруларды бақсы-балгерлердің отпен емдеуін, қазақтардың оларды сәуегей, емші, музыкант, әулие деп қарағанын, моңғол тілінде шаман “ұстаз” деген сөз екенін, ал ұйғырларда сауатты адамды “бақшы”, түрікмендерде ақын-жыршыларды “бақшы” деп атағанын айта келіп, Қорқыт пен Көрұғлылар осы шамандардың мұсылмандар арасындағы өкілі болған деген қорытынды жасайды.

Сондай-ақ, бақсылар аурулардың иесі болады деп қараған, оны ұшықтау, қағу (суық су бүрку, малдың өкпесімен қағу т.б.) арқылы емдегенін, ал малға топалаң, қарасан, т.б. жұқпалы індет келсе отқа табыну, отпен аластау арқылы тыймақ болғанын, отқа түкіруге, онан аттауға, басуға болмайды деп қарап, оттың киесінен қорқатынын, қылмысты істерден адалдығына сендіру үшін “оттың киесі соқсын” деп қарғанатынын, өлген адамның үйінде жеті түн май шамнан шырақ жағып қоятын ырымдардың бәрі шаман дінінің қазақ арасындағы қалдығы екенін баса айтады.

Шоқан осы мақаласында шаман дінінің түсінігі бойынша, ырымдар мен әдеттер жамандықтан, бақытсыздықтан сақтайды деп қарағанын, ал қазақтар арасында осындай ырымдардың көптігін сөз етеді.

Шоқан әр заттың, кейбір хайуанаттардың киесі бар деп санайтынын, қазақтардың үйге жылан кірсе, ақ құйып шығаруын, жас баланың бесігіне қасқырдың немесе бүркіттің тұяғын, үкінің қанатын іліп қоюы, жастығының астына айна, тарақ жастауы т.б. ырымдардың сол затты киелі деп қараудан туған дейді.

Шоқан Петербургтегі орыс география қоғамының шақыруымен 1860 ж. ақпанында Петербургке келіп, 1861 жылғы мамырға дейін бір жылдан астам сонда болып, Қашғария сапары жөнінде Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде есеп береді. Өзінің бұрынғы Омбыда кездескен орыс достарымен және осы сапарында Н.Г.Чернышевский, И.С.Тургенев, Т.Г.Шевченколармен кездесіп пікірлеседі. Шоқанды Қашқария сапарының қорытындысы бойынша Александр ІІ патша арнайы қабылдап, “Әулие Владимир” орденімен марапаттап, штабс-ротмистерлік әскери атақ және ақшалай сыйлық береді.

Шоқан мемлекеттік жауапты істермен айналыса жүріп, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды үнемі есінде берік сақтаған. Халықтың келешегі тек оқу-ағарту, мәдениет ісімен байланысты деп қараған. Шоқан 1862 жылы өзінің досы Ф.М.Достоевскийге жазған бір хатында Атбасар округіне ағасұлтан болуға талпынғанын, өкімет қаржысымен орыс-қазақ мектептерін ашып, балаларды тегін оқытпақ болғанын білдіреді. Шоқан әдебиетші, тарихшы,фольклор зерттеуші, саяхатшы ғалым болуымен бірге сурет, бейнелеу өнерімен де айналысқан. “Ыстықкөл сапарының күнделігінде” жол сапардан алған әсерлерін баяндаумен бірге түрлі түсті қарындашпен, қаламұшпен салған суреттерін Ресей сурет академиясының президенті Ф.П.Толстойға табыс етіп, үлкен баға алған.

Шоқанқазақтыңмузыкамәдениетін дезерттеп,келеліпікір білдірді. Шоқанның 1855-1856 жылдары жазған “Қазақ халқыпоэзиясының формалары”аттыеңбегінде “Ер Көкше, Ер Қосай” мен “Орақ батыр” жырларынан мысалдар келтіре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгімелей келіп, бас кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен ой-пікірін суреттеу өлеңдері қобызбен сүйемелдеп, әнмен айтылған деп жіктей келіп, қобыздың түркі елдерінің көне аспабы екенін, оның ойнауы өте күрделі, үні тартымды да әсерлі деп жоғары бағалайды.

Шоқан өмірінің соңында (1864 ж. шамасында) Черняевтың армиясымен Әулиеата бойында болып, айдауда жүрген атақты әнші-композитор Жаяу Мұсамен танысып достасады.

Оның өз замандастары Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Тәттімбет, т.б. өнер адамдарымен қарым-қатынаста болуы тарихи шындық.

  1. Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі, ірі жазушы , тамаша ұстаз, қазақ балалар әдебиетінің атасы.

Ол 1841 жылы 20 қазан да қазіргі Қостанай облысы ,бұрынғы Аманқарағай болысы , Затабол ауданында дүниеге келді. Ыбырай өзәкесі Алтынсарыдан 4 жасында жетім қалды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болады.

Балқожа кішкентай немересі Ыбырайды 1850 жылы , 23 тамызда Орынбор қаласында жаңадан ашылған мектепке оқуға берген . Ыбырай жас кезінен-ақ өте зерек болып , сабақты үнемі үздік оқиды. Атасы Балқожаның оқушы Ыбырайға өлеңмен жазған мына бір өсиет сөздерін ол бұлжытпайорындаған еді.

Үміт еткен көзімнің нұры балам ,

Жаныңажәрдем берсін хақтағалам .

Атаң мұнда ,анаң мен есен- аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған .

Шырағым мұнда жүрсең не етерсің ,

Қолыңа құрып алыпкетер едің ,

Тентіреп екі ауылдың арасында .

Жүргенмен не мұратқа жетер едің ?

Атаңа сағындым деп асығарсың ,

Оқуға көңіл бөлсең басыларсың,

Ата-анаңды өнер білсең асығарсың.

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың,

дейді. Жас шәкіртке оқудағы мақсат не екенін түсіндіреді. Атасының өсиетн бұлжытпай орындаған Ыбырай мектепте оқып жүрген кезінің өзінде- ақ , орыстың атақты жазушыларымен еңбектерімен танысып , олардың шығармаларын көп оқитын болған. Ыбырай бұл мектепте жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Мектепті бітірсімен халық ағарту ісімен айналысады . Әкімшілік қызметке, шен-шекпенге қызықпайды. Ғылыммен қаруланған , әсіресе дұрыс көзқарасы бар оқушылар қазақ арасында көбейіп бүкілхалыққа әсер ете алады деп Алтынсарин өз халқына дұрыс бағыт сілтеді.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы.

Н.Ильминский-Ыбырай туралы тұңғыш естелік еңбек жазып қалдырған адам. Оның “Ы.Алтынсаринді еске алу” деген көлемді кітабы бар. Бұл кітап-Ыбырай творчествосын тануда маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазақ жазушысы туралы тұңғыш жарияланған еңбектердің бірі.

Ыбырай шығармаларын талдау орта мектеп оқулықтарынан бастау алады. Оның педагогтік қызметі мен ағартушылық идеялары туралы Ә.Садықов, Т.Тәжібаевтың кітаптары бар. Қоғамдық әлеуметтік көзқарасы туралы Қ.Бисембиев пен Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов зерттеулер жүргізді. Ал шығармалары туралы М.Әуезов, С. Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә. Дербісалиндер еңбектер жазды. Бұларға қоса, орта мектепке арнап оқулық жазған авторлардың бәрі де Ыбырай творчествосына талдау жасап, оның еңбектеріне тиісті бағаларын беріп келеді.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында (бұрынғы Арақарағай болысы ) туып өсті. Болашақ ақынның балалық шағы ру басы, ірі феодал Балқожа бидің отбасында өтті. Балқожа-қазақтың белді биінің бірі. Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді меңгерген сөзге орамды, тілге ұста адам ретінде айналасындағыларға әмірін жүргізіп отырған-ды.

Ыбырай, ең алдымен, мұсылманша оқып сауатын ашады. 1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды Орынборда қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке апарып берген.

Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүрсе де Ыбырай оқуда аса ыждағаттылық көрсетеді.Өзі қатарлас отыз баланың алды болып көзге түседі. Мектеп оқуындағы діншілдік пен патшашылдық тәрбиенің басымдылығына қарамастан Ыбырай ғылымға құштар жас болып шығады.Мектеп жылдарында Ыбырайдың орыс халқы мен Батыс, Орта Азия мен Шығыстың аты шулы ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға қолы жетеді.

Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы, өз бетімен ізденуі, орыс интеллегенциясымен араласуы оның ой-өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына көп жағдай жасайды. Осындай ұзақ та, тұрақты ізденіп оқу арқылы ол өз мақсатын айқындай алады. Тілмаш болып кеңсе қызметінде қалып қоймай, халқына қызмет етуді арман етті. Сол арманының алғашқы қадамы 1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алып аттанған сапарынан басталады. Ыбырай бұл мектепті тек 1864 жылы ғана аша алды.Оған дейін өз үйінде 4-5 баланы жинап оқытып, болашақ мектеп оқуының негізін сала берді. Өзінің тәжірибесін арттырды. Осылайша 1864 жылы салынып біткен тұңғыш мектепке үлкен даярлықпен жеткен Ыбырай оқыту жұмысына құлшына кірісті.

Ыбырайдың педагогтік жұмысының ілгері басып, қыза түскен кезі оның Торғай облыстық мектептерінің инспекторы болып тағайындалған (1879) жылдардан басталады. Әрбір уездік қалалардан орыс-қазақ балалары бірге оқитын училищелер ашуды да қолға алады. Ол үшін елден қаражат жиып, ақыры бірнеше алты жылдық уездік училищелерді ашады.

Ыбырай мектеп тәрбиесін жоғары бағалап, оның оқытушыларының сапасына да ерекше көңіл аударды. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат көретін адамы санайды.

Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет нәрсе – оқу құралы. Ол балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету жолында да біраз еңбек етеді. Мектеп кітапханасын ұйымдастырып, оқулықтар алдырып, орыс тіліндегі құралдарды аударып, қазақ тілінде оқулық жазып, бұл салада да тынымсыз іс қылады.

Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай – белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңыш бұқарашыл педагогикасын, халықтық мектептерін негіздеуші. Өзінің дидактикалық көққарасынан ол — ұлы ағартушылардың озық идеяларына сүйенген, бұқарашыл педагогикасын жаңа жағдайда іске асырған ізгі ниетті адам. Белинский, Добролюбов, Чернышевскийлердің озық идеялары, ағартушылық, педагогтік оқулары Ыбырай жүрегінен нық орын тепті. Ушинский, Толстой, Паульсон сияқты даңқты педагогтерді ұстаз тұтты. Ыбырай осындай ұлы адамдардан тәлім алып өсті.

Ыбырайдың педагогтік қызметі осы айтылғандармен ғана шектелмейді. Ол қазақ мектебін керекті құралдармен жабдықтай білді.

Ыбырай – көрнекті ақын, талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы-қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу.

Ұлы педагог-ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың, өнер-білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінші мақсатым деп санады.

Өнер-білім – бәрі де

Оқуменен табылған…

Кел, балалар, оқылық!-деп жар салды.

Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып қоймайды. Оның көп өлеңдері әлеуметтік, гуманистік идеяны нақтылы мәселелер төңірегінде көтеріп, өз кезінің шындығын аша түседі.

Ақынның “Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен” деген өлеңінің мәні де терең. “Әй, достарым!” деген өлеңінде “Қолыңнан келсе қыл қайыр!” деп, қайырымды , кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.

Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол — ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Өнер, еңбек, кәсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, европалық мәдениет үлгісі уағыздалды.

Ыбырайдың табиғат туралы өлеңдері осындай, бастан-аяқ адам тіршілігіне байланысты. Ақынның бұл өлеңдері реалистік суреттерімен ерекшеленетін, әдебиетімізге қосылған зор үлес.

  1. Ақынның өлеңдерінің көпшілігі – тәлім–тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сондықтан олардың көпшілігіне публицистика стилі тән деуге болады.

Ыбырай өлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та тартымды, мақал-мәтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолыңа нық ұстатқандай әсер қалдырады.

Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихынан мәдениетті прозашы ретінде де елеулі орын алады. Ыбырайға дейін шын мәніндегі көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптасқан жоқ-ты. Ыбырай қазақ прозасының европалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем әңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай әңгімелерінен басталады деу орынды.

Ыбырай әңгімелерін үш топқа бөлуге болады: оның бірі-новелла, екінші тобы-ауыз әдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, үшінші тобы-шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер.

Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз кезінің келелі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, қайырымдылыққа, зеректікке, отырықшылыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкаппар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды.

Балаларға ақыл айтып, ой салмайтың оның бірде-бір әңгімесі жоқ. Жалпы алғанда оның әңгімелері – негізінен, дидактикалық прозаның жақсы үлгілері.

Еңбек тақырыбындағы “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы баласы”, “Дүние қалай етсең табылады”, “Байлық”, “Әке мен бала”, “Асыл шөп”, “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, т.б. әңгімелері — өзінің өнегелілігімен, образдылдығыменерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар.

Ыбырай творчествосында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік шыңы — “Бай мен жарлы баласы”.

Асан – бай баласы. Ол өмірдің қиыншылығын көрмеген. Екі қолын жылы суға малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке.

Ал Үсен — кедей баласы. Ол өмір мектебінен өткен. Басына түскен қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі.

Ы.Алтынсарин әңгімелерінің көтеретін тағы бір өзекті мәселесі-адамгершілік. Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайырымды, әдепті, ұқыпты болса, деген ізгі ниет білдіреді. “Шеше мен бала”, “Бір уыс мақта”, “Мейірімді бала”, “Аурудан аяған күштірек”, “Әдеп”, “Әділдік”, “Петр патшаның тергелгені”, “Тәкаппарлық”, “Таза бұлақ” әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді.

Ыбырай шығармаларының ішіндегі ертегі-аңыз ретінде келетін “Қара қылыш”, “Тазша бала”, “Қара батыр”, “Алтын айдар”, “Жиренше шешен” сиқты халықтың аңыз-ертегі сюжетіне құрылған әңгімелері де бар.

Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Халық ағарту жұмысы саласындағы идеясын іске асыру үшін Ыбырай Алтынсарин өзіне тосқауыл келтірген діншіл фанатиктермен аяусыз , күрес жүргізуіне тура кепді. «Надан жатқан , бірақ әлі азғындық жолға түспеген , пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға шамасы келгенше қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз» деп, көзі ашық еп азаматтарына үндеу сапды. Осы пікіріне байланысты Ыбырай « Әй жігіттер» деген өлеңінде

Әй, жігіттер үлгі алмаңыз ,

Азған елдің ішінен .

Алыс-алыс қашыңыздар,

Зияндасты кісіден ,- дейді.

Ұлы орыс халқының ХІХ ғасырда жасаған классикалық мол әдебиетімен танысқан Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой- санасына қозғау салып жетілдіруде өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрды. Балалар әдебиетітақырыбына жазылған орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оларды жас ұрпақтарға үлгі етіп ұсынды.

  1. Ыбырай балалар әдебиетіне тән көп шығармаларберді. Бұлшығармалардыжазуда алдына үлкен мақсаттар қойды. « Мен қазақбалалармын ұқыптылыққа , тазалыққа , отырықшылықтұрмыстықартықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәнібар жұмыс деп білемін» деді. Алтынсариннің барлықөлеңдер мен әңгімелерініңмазмұнында негізінен өзі айтқан осы идея баяндалып отырады.

Халықты және олардың жас өрендеріноқуға , өнер- білімге шақыруда Ыбырайдыңұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып , оқыған сайынсүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі « Кел балалар оқылық» , « өнер білім баржұрттар» , « Әй достарым», « Әй жігіттер» деген өлеңдері.

Оқысаңыз , балалар

Шамнан шырақ жағылар ,

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей- ақ табылар ,

Кел , балалар , оқылық ,

Оқығанды көңілге ,

Ықыласпен тоқылық-деп ұран салады.

Бала тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсаринананың ролінеерекше маңыз беріп , оныңаналық махаббатын , бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген . Баланыңалғашқы тәрбиесіананың бауыр еті,соғып тұрған жүрегі деп бағалаған:

Бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп .

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегін,

Қорғасын оқтай балқытқа.

Ал « Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентірліктей мұнан да

күшті , мұнан да әсерлірек жазылған .

Кім сендерді, балалар, сүйетғын,

Қуаныш қуанып , қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп , кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын — деп ана қадірін биікке көтереді. Жас өсірімдерді өнер-білімге шақырумен қатар , Ыбырай Алтынсарин балаларға отырықшылық тұрмыстық артықшылығын , белгілімекен болудың жақсы жақтарын түсіндіруді мақсат етті. Жер , қол өнер кәсіптерімен айналысудың пайдалыжақтарын айтты. Ыбырайдың « киіз үй мен ағаш үй» , « Қыпшақ сейітқұл» , деген ықшам жазылған қысқа әңгімелерінде де дәл осындай жағдайлар суреттеледі.

Ыбырай Алтынсарин –қазақтан шыққан бірінші ұстаз , халық ағартушысы болумен қатар, ірі жазушы да еді. Өзі құрастырған хрестоматияға енген өлеңдер мен әңгімелердің көпшілігі Ыбырайдың балаларға арнап жазған шығармалары болатын. Ыбырай өзінің шығармаларында қазақ халқын ескі салт, әдет ғұрыптарын надандықтан құтылуға шақырды. Ыбырайдың «өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өнер-білімді қайдан үйренудің , кімнен үйренудің керек екендігі айтылды, сөйтіп нешеу өмірден құтылудың холы көрсетілді. Ыбырайдың «кел балалар оқылық» , деген өлеңі жас өспірімдерді оқуға үгіттеген жолында ұран болып қалды. Ыбырай шығармалары қазақ даласына жаыа ұғым, жаыа түсінік, жаңа сарын туғызды, ел еңсесін көтеріп , ойына қозғау салды.

Ыбырай Алтынсарин ұсынысы бойынша 1889 жылы Ырғыз қаласында қыздар училищесі ашылды. Бұл бүкіл Шығыс елдері ішінде қыздар үшін ең бірінші ашылған оқу орны еді. « Мектеп-қазақтарға білім берудің басты құралы» барлық үмітіміз , қазақ халқының келешегі осы , тек мектептерде. Сондықтан біз ауыз әдебиеті балалар әдебиетінің алтын бесігі десек, «әліппе» мен «Буквар» балалар кітабының , балалар жазба әдебиетінің негізі болды дер едік. ХІХ ғасырдан бастап- ақ қазақ балалар жазба әдебиеті өзінің тұрақты педагогикалық көз қарасы анықталған және түрлі жанрларды жазылған әдебиет болып қалыптасты.

Ыбырай Алтынсарин қазақ ауыз әдебиетінен балалар фольклорына жататын мұраларды да іріктеп алып көп жинаған. Оны бір жүйеге келтіріп жанр-жанрға бөліп , өз кезінде бастырып та шығарған.