Айтыс туралы жалпы түсінік

  1. . Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір саласы- айтыс өлеңдер.”Айтыс” деген атау қазақ ұғымында өлеңмен айтысу,өлең сағысына,жарысына түсу мағынасында қолданылып келеген.Айтысқа кез-келген адам түсе бермеген,айтыс сайысына түсетін ақын ойдан тез шығарғыш дарынды да,сөз нөсерін түйдек-түйдегімен құйылатын төкпе де қарсыласынан тұтқиылдан төнетін ұшқыр да,ұтқыр,логикалық ойда күшті болуы шарт.Айтыс сайысына дейін екі жақ ақындар да сөз жоқ үлкен дайындықпен келеді. Ол өзінің туған жерін ардақтап адам ата тегін,дін саптарын білумен бірге өз қарсыласына мін тағатын кемшіліктерін,осал мінездерін соғырлым көп білсе,соғырлым тиімді.

Айтыстың күшті дамыған кезі ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған.Айтысқа қатысқандардың қай-қайсысы болмасын,өз руының әруағын көтеріп,туын жоғары ұстауға тырысқан.Айтыс ақындарының өткен ғасырдағы өкілдері Сүйінбай,Шернияз,Қатаған,Орынбай,Шортанбай,Кемпірбай,Шөже,Балта,Жанақ,Түбек,Тоғжан,Ақсұлу,Тәбия,Майлықожа,Тезекбай,Әсет,Ырысжан,Бейбіт,Мұса,Манап қыз сияқтылар.

Әдебиеттік жағынан алғанда,айтыс өлеңдерін мазмұнына,тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады.Біріншісі халықтың тұрмыс тіршілігіне,әдет-ғұрып саласына байланысты туған айтыстар.Екіншісі қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады.Көбінесе әзіл-оспаққа,күлдіргі әңгімеге құрылған айтыстың алғашқы үлгілерінде ақындар айтысындағыдай ақындық шабыттан,тыңнан туған өткір ой,өзекті оқиға желісі,әсерлі сөз жүйесі бола бермейді.

Айтыс өнерінің ең ерте заманнан келе жатқан түрі-бәдік айтысы.Екінші түрі “жар-жар”қыз бен жігіт айтысы,жұмбақ айтысы.

  1. 2. Жар-жарда бір жағы ескі әдет-ғұрыптың,қатал заңның әділетсіз кескінін әшкерелесе,екіншіден,қазақ әйелдерінің бас бостандығының болмағанын айтып көрсетеді.Бұл жағынан жар-жар өлеңнің әлеуметтік мәні зор.Жар-жар өзіне тән ертеден қалыптасқан өлеңдік құрылысы бар.Жар-жар көбіне 7-8 буынды жыр үлгісіне,кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жар-жар өлеңдерінің көркемдік стилі,әдісі,негізінен психологиялық паралеллизм деуге болады.Көркемдік құралдарының бұл түрінде жансызды жандандыра сөйлету,жануарға тіл бітіру сияқты табиғат құбылыстарын адам ойына қатар қою әдісі жиі қолданылған.

Қыз бен жігіт айтысы,әдетте,екі жастың амандасуынан басталып,әзіл-оспақ,әдемі қалжың ретінде айтыла береді.Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды,ойын-сауыққа лайықты күлдіргі жайлар сөз болады.Айтыстың өлеңі ретінде шығарылған және жұртқа таныс,үйреншікті жаттамалар болғандықтан оны ойын-сауық үстінде өлең айтуға икемі бар жігіт пен қыздың қайсысы болса да орындай алады.

Айтысқа түскен қыз бен жігіт көңіл сырын,бір-бірін ұнатқандығында білдіріп отырады.Қорыта айтқанда,халықтың әдет-ғұрып ойын-сауық салтына байланысты туған алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады.Ол кейіннен үлкен тайтыстың шығуына негіз салған жанрдың бірінен саналады.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне,әдет-салтына байланысты туған айтыс өлеңінің тағы бір түрі-жұмбақ айтыс.Бұл айтыста ойын-сауық үстінде,көпшіліктің жиналған жерінде айтылған болған.

“Жұмбақ айтыс” бүкіл айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең қиыны секілді,өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құрылады.Сондықтан мұндай айтысқа түсу үшін ақынның өлеңі суырып салып айтуы жеткіліксіз.Бұған қоса ақын тапқыр,білгір және тез ойлап,шапшаң жауап беретін болуға тиіс.Сонда ғана ол өзімен айтысқа түсіп отырған ақынның сынау мақсатымен оқыстан берген жұмбағын дұрыс шеше алатын болады.Бұл үшін жұмбақты берушінің де,оны шешушінің әр нәрседен хабары,көп мәліметі болуы шарт.