Сабақтас құрмалас сөйлем

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемдер қарақалпақ тілінде бағыныңқы қоспа гап, қырғыз тілінде багынычтуу татаал сүйлөм, өзбек тілінде эргаш гапли қушма гаплар, ұйғыр тілінде беқинда қошмо жүмлиләр, түрікмен тілінде эережеңли гошма сөзлемлер деп аталады.

Мысалдар: Біздің әскерлер өзеннен түнде өте ме деп қауіптеніп, немістер оқ боранын әлсіретпей түр. (Ғ. Мүсірепов.) Достың үйінің алдына адам-қаралар үймелеп, айқай-шу болды да қалды. (Ә. Нұрпейісов.) .—Қаз.

Қууыс қолтықларға сиңип қалған емески қараңғылықта серпилип, хәмме жер жақтыланып кетти. (Ш. Рашидов.) Поезд әдеуир алыслап кеткенге дейин, Гүлназ изинен қарап турды. Жер көлеми кеңейсе, шаруашылықтың барлық түрлери де жақ-сарады.«Қарақалпақ тилинен».

Эл орунга отура, Чаргын колхозго келди. (Т. Сыдыкбеков.) Ачуусу келгендиктен, анын таноолору кыбырады. (К. Жантөшев.)— «Кыргыз тилинен».

Шу даштни обод қиламиз деб, комсомоллар Янги ерга йул олдилар. (О. Еқуб.) Қирқ кунда бутун халқ ёпирилиб, Каттакон Фарғона каналини қазидик. (Ғ. Ғулом.)—Өзб.

Хемише ерлвр, аёллар чуканак-чуканак болуп, күркүлдевүк гум тозап ятярды. (Б. Қербабаев.)— «Хәзирки заман түркмен дили.»

Мысалдардан көрініп тұрғандай-ақ, бағыныңқы сөйлемдердің баяндауыштары өздерінің әр түрлі формалары арқылы басыңқы сөйлеммен тығыз байланысқа түсумен қатар, жалпы сабақтас сөйлемнің мағынасына да тікелей катысы барлығы сезіледі.

  1. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшеге, шартты райлы етістікке, немесе есімшенің әр түрлі тұлғада келген формаларына қарай сабақтас сөйлемдер бірнеше түрге бөлінеді.

Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді төмендегі түрлерге бөледі:

1)Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

2)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

3)Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

4)Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

5)Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

6)Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем

7)Түсіндірмелі сабақтас сөйлем.

8)Ыңғайлас сабақтас сөйлем.

Қарақалпақ тілінде 6 түрге, қырғыз тілінде 8 түрге, өзбек тілінде 14 түрге бөледі. Өйткені өзбек тілінде эга эргаш гап, кесим эргаш гап, тулдирувчи эргаш гап, аниқловчи эргаш гап, равиш эргаш гап деген сабақтастардың түрлері қосылады. Бұл С. Жиенбаевтың, Н. Т. Сауранбаевтардың еңбектерінде ерте кездерде-ақ анықтауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы деп бөлінген болатын.

Н. Т. Сауранбаев өзінің соңғы «Түркі тілдері грамматикасының мәселелеріне» арналған координациялық кеңесте жасаған баяндамасында «категорию придаточно-определительных и придаточно-дополнительных предложений можно отнести к развер-нутым членам» деген болатын.

Қазақ тілінде анықтауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы дегендер кейінгі еңбектерде сабақтас сөйлем тобынан шығарылып, үйірлі мүше тобында қаралады. Ал өзбек тілінде равиш гапли кушма гаплар (пысықтауыш бағыныңқы сөйлем) қазақ тіліндегі амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемге дәл келеді. Қалған бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқылар (толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылармен бір қатарда) өзбек, ұйғыр тілдерінің грамматикаларында кеңінен қолданылады.

Өзбек тілі бойынша зерттеулерде бағыныңқы сөйлемнің бастауышы ким, нима, кимки, кимда-ким, хар ким сияқты есімдіктер арқылы, ал басыңқы сөйлемнің бастауышы болса, у, уша, шу, узи сияқты сілтеу есімдіктерінен жасалса, бастауыш бағыныңқы сөйлем делінген. Ұйғыр тілінде де дәлосылай каралады .

Мысалдар: Ким буровга чуқур казса, унга узи йиқилади. (Мақол.)— «Қозирги замон узбек тили».

Ұйғыр тілінде:

Жапани ким тола тартса, гөһәрни шу алар таштин. (Мақал.)— «һәзирки заман уйғур тили».

Осымен қатар изозх-эга эргаш гап (түсіндірмелі бастауышты бағыныңқы) деп аталатын аналитик типі басыңкы сөйлемнен соң келіп, басыңқының баяндауышына -ки жалғаулығы арқылы басыңқы сөйлеммен байланысады: Шуниси хам барки, биз қиш-лоқларни обод қилиш билан хотиржам булиб қолишимиз ярамайди. («Қозйрги замон узбек тили».)

Баяндауыш бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемдегі сілтеу есімдіктер немесе. басқа сөздерден жасалған баяндауышты түсіндіріп, оның мазмұнын анықтайды. Басыңқы сөйлемнің баяндауыш қызметінде келген сөздер өздерінің тәуелсіздігін сақтап, жіктік жалғауларын да қосып алады. Мысалдар: Га-пимнинг хулосаси шуки, электростанция қурамиз. (С. А.) Гапинг пухтаси шуки, ғузаларимизни хам тузатиб олдиқ, хосил мул булади. (Ш. Р.). Бұл жөнінде Ғ.А. Абдурахманов та толық мағлұмат береді. Баяндауыш бағыныңқы жөнінде айтылған пікірлердің көпшілігі мазмұны мен байланысу тәсілдері жағынан анықтауыш басыңқы сөйлемге ұқсайтындығын көрсетеді: 1) баяндауыш бағыныңкы да басыңқы сөйлемге -ки арқылы байланысады; 2) баяндауыш бағыныңқы да басыңқы сөйлемдегі сілтеу мағынасында қолданылатын сөздердің (шу, бу, шундай, бундай) мағынасын ашып береді. Шынында да, баяндауыш бағыныңқы анықтауыш бағыныңқы сөйлемдерге өте жақын.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге келтірілген мысалдардың бірін көрейік: Ол шу гүн бизе гелен болса, икимиз сапак тайярлажакдык. («Хәзирги түркмен дили».) Сол сияқты анықтауыш бағыныңқылар да өз алдына дербес зерттеліп, бұндай бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ортақ етістерден, есімшелерден, бар, ёк сияқты сөздерден жасалады деп көрсетеді3.

Мысалдар: Эринлери эндик эден мугтхорлар «догры-догры» дийип гыйгырышярлар. (Б. Кербабаев.) Гөзелжик ойнар ялы гуржак гетирдим. («Хәзирки заман түркм. дили».)

Бұл келтірілген мысалдарда да, басқалары сияқты, ешқандай анықтауыш бағыныңқы мағынағада, тұлғағада ие емес екендігі анық сезіледі.

Толықтауыш бағыныңқылы сөйлемдер жөнінде де осыны айтуға болады. «Толықтауыш бағыныңқылы құрмалас сөйлемдерде бағыныңкы сөйлем басыңқы сөйлемнің етістен болған бір мүшесіне тікелей байланысты болып, соны толықтырып келуі мүмкін» деп көрсетеді.

Мысалдар: Башга ярык бар экенин билмедим. (ШасенемГарып.) Гүлрагна дийр, ичдим голумда бада. Тахыр дийр ол хакда меселе гозгамадыгымызы сен оңат билйәрсиң. («Хәзирки заман түркмен дили».)

Бұл мысалдарда, басқалары сияқты, сабақтас сөйлемдік қасиеттерге ие емес, бағыныңқы, басыңқы болып бөлінерлік ешқандай лексика-грамматикалық тәсілдері де сезілмейді. Бұл кәдімгі жайылма немесе үйірлі мүшелі сөйлемдерден ажыратылмайды.

Демек, өзбек тілінің табиғаты, оның сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаудағы тәсілдері түрікмен тілінен өзгеше, оны жасанды түрде екінші тілге ендіргенмен бірден қалыптаса алмайды. Әрбір тіл өз мүмкіншілігін пайдаланып, өзінде болған лексика-грамматикалық тәсілдерді қолданады. Сондықтан қазақ тіліндегі сабақтас сөйлемдер және оны мағыналық түрлерге бөлуде де принциптері тек қана қазақ тіліне емес, жалпы түркі тілдерге тән екендігі байқалады.