Жай сөйлемдердің түрлері

  1. Түркі тілдерде зерттеушілердің назарын көбірек өзіне аударған бір тұрлаулы мүшелі сөйлем болып есептеледі. Бұл туралы барлық түркі тілдерінің грамматикаларында мағлұмат беріледі. Бірақ олар бір-бірінен кейбір өзгешеліктерімен ажыратылады. А. Н. Кононов бір тұрлаулы мүшелі сөйлемдерді мынадай түрлерге бөледі: 1) модально-безличные, 2) неопределенно-личные, 3) обобщенно-личные, 4) назывные (номинативные)

Қазақ тілінде бір тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнің түріне белгісіз жақты және жақсыз сөйлемдерді жатқызады. Ешбір мүшелеуге келмейтін атаулы сөйлемдер бұған жатпайды деп көрсетеді.

Шындығында, бір тұрлаулы мүшемен айтылатын белгісіз жақты, ауыспалы жақты немесе жақсыз сөйлемдердің кай-қайсысы да түркі тілдердің табиғатына байланысты. Бұл көбінесе баяндауыштың тұрақты, тиянақты болып, сан түрлі модальділікті өзіне жүктеуінен келіп шығады. Осыған байланысты көпшілік жағдайда бір тұрлаулы мүшелі сөйлемдер белгісіз жақты сөйлем, жақсыз сөйлем немесе жақсыз сөйлем, белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер делінсе, қырғыз тілінде ээсиз сүйлөм, ээсиз жактуу сүйлөм, жагы так, ачык болбогон ээсиз сүйлөм, мааны жагынан жалпыланган жактуу ээсиз сүйлөм деп бөлінеді. Ал өзбек тілінде жақсыз сөйлемдер шахси аниң гаплар, шахси номаьлум гаплар, шахси умумлашган гаплар, шахссиз гаплар болып бөлінеді.

Бұлардың барлығында да сөйлемнің бастауышы айтылмайды, бірақ оның жоқ болу дәрежесі әр түрлі жағдайда болады. Мысалдар:

Үш баланың атасымын. Инженер болсаңыз керек?.. жәрдемдесейін бе? (Айбек.) — Қаз.Уч боланинг отасиман. Инженер булсангиз керак?..— Ердамлашайми? (Ойбек.) — Өзб,

Бір күн бұрын ексең (шашсаң), бір апта бұрын орасың. Айтар сөзді айт, айтпас сөзден қайт.— Каз.

Бир кун бурун сочсанг, бир хапта бурун урасан. Айтар сузни айт, айтмас суздан қайт— Өзб.

Тәртіп ережелеріне көңіл бөлінсін. Тапсырманы өз уақтында орындау керек.— Қаз. Тартиб қоидаларига эьтибор қилинсин. Топшириқни уз вақтида бажариш керак.— Өзб.

Мысалдардан көрінгендей-ақ, бірінде, бастауыштың түсіп қалғаны баяндауышынан анық білініп тұрады, екіншісінде, бастауышы белгісіз, үшіншісінде, бастауышын табуға да болмайды, оны керек те етпейді, өйткені оның функциясы баяндауыштың өзіне жүктелген.

Демек, бұндай сөйлемдерде бір тұрлаулы мүше — баяндауыш айтылады да, бастауыш түсіп қалады. Ал кейбір жағдайда баяндауыш та, бастауыш та айтылмайды, тек заттың, құбылыстың аты ғана аталып, ол жөнінде ешқандай түсінік берілмейді. Бұндай сөйлемдер қазақ тілінде атаулы сөйлем, қарақалпақ тілінде атау гәп, қырғыз тілінде — атама сүйлөм, өзбек тілінде номинатив гаплар, түрікмен тілінде ат сөзлеми деп аталады.

  1. Салыстырылған тілдерде атаулы сөйлемдердің зерттелу объектісі бір болғанмен, бірінде, кеңірек, екіншісінде, кемірек айтылады.

Түркі тілдері грамматикаларының ішінде ең алғаш атаулы сөйлемдер жөнінде көбірек мағлұмат берген қырғыз тілі грамматикасы болатын. Онда атаулы сөйлемдерді мынадай группаларға бөлген:

  1. Мекеме, шығарма, газет-журнал аттарын көрсететін сөйлемдер.
  2. Жалпы түсінік беру мақсатындағы мезгіл, оқиға, құбылыс, еңбек, шарт, хал-жағдай т. б. көрсету үшін қолданылған сөйлемдер.
  3. Белгілі оқиғаның негізіндегі ойдың тез алмасып кетуіне байланысты болып түзілген атаулар арқылы жасалған сөйлем: Саат жети. Машина күтүү. Кол булгоо. Гүл ыргытуу.
  4. Зат-бұйымдарды әдейі арнап көрсеткенде атаулы сөйлем арқылы беріледі: Мына мен! (А. Токомбаев.) Мынакей биринчи демилге. (Н. Байтемиров.)
  5. Қуаныш-күйініш сияқты көңіл күйін білдіретін сездердің қолданылуы атаулы сөйлем болады: Темир байке! (Т. Сыдыкбеков.) Сүйүнчү! (К. Баялинов.)

Қырғыз тілі атаулы сөйлем деп көрсеткен кол булгоо (қол былғау) сияқтыларды өзбек тілі инфинитив сөйлемі деп, қорқу-қуану сияқты адамның ішкі көңіл күйін білдіретін сөйлемдерді вокативтік немесе эмоционалдық сөйлем деп қарайды .

А. Әбілқаев қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдерді мағыналық және қай сөз табынан болатынына қарай, төрт топқа бөледі:

  1. Мекен атаулы сөйлем. 3. Зат атаулы сөйлем.
  2. Мезгіл атаулы сөйлем. 4. Сан атаулы сөйлем.

Осымен қатар, А. Әбілқаев атаулы сөйлемнің жеке сөзден не сөз тіркесінен айырылатын ерекшелігі интонацияның болуында екендігін айта келіп, атаулы сөйлем хабарлы және лептік интонациямен айтылады деп көрсетеді.

Мысалдар: Алматының қазіргі ең сұлу үйі— Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры. Театр! Алуан-алуан егін! Әлденеше бригада, звено! {Ғ. Мұс-тафин.)

Шындығында, соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда, атаулы сөйлемдерге өте көп міндет жүктелгендігі байқалады. «Хозирги узбек адабий тили» атаулы сөйлемдердің мынадай мағыналарда қолданылатындығын көрсетеді;

1)Пайт (мезгіл): Бахорнинг гулаган чоғи. (Ойбек.)

2)Урин (мекен): Каттакон бозор. (Ойбек.)

3)Вокеа-ходиса (оқиға-құбылыс): Қаттиқ бурон. Қор. Қатқалоқ. Шом.

4)Маьлум нарса, предметларнинг завжудлиги курсатилади (белгілі нәрсе, предметтердің болғандығын көрсеткенде): Мана сув! Тиниқ бахор осмони.

5)Эмоция,инсоннинг турлихис-туйғулариифодаланади (эмоция, адамның түрлі сезімдерін көрсеткенде) Яна газал! Ох., хирот, хирот! («Хозирги узб. адабий тили».).

Атаулы сөйлемдердің қатарына адамның ішкі сезімін, эмоциясын білдіретін сөйлемдерді жатқызу — оның мақсатына тура келмейді. Осы тұрғыдан алғанда «Қазақ тілінің грамматикасында» атаулы сейлемдердің дұрыс зерттелгендігі байқалады.