Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

  1. Салыстырылған тілдердің барлығында да бастауыш өзінің тұлғасы және қызметі жағынан бірдей қызмет атқарады.

Мысалы: Мірдей ащы мысқыл Алдаберген сопының қақ жүрегіне қадалды. – қаз.

Бектемир хар вақт турли қуролларга зехн соларди. -өзб.

Мен Москвада нәхили гызыклы затлар гщрдум – түркмен.

Баяндауыш қарақалпақ тілінде баянлауыш, қырғыз тілінде баяндоч, өзбек тілінде кесім, уйғыр тілінде хәвәр, түркмен тілінде хабар деп аталады.

  1. Түркі тілдерінде баяндауыштар – тұрлаулы мүшелердің бірі. Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс – әрекетін, күйін білдіреді.

Мысалы: Ауыл сыртынан ат дүбірі естілді – Қаз.

Ол әлі бир гапының тутаважындан тутан махалы өзүне гелді – Түркмен.

Салыстырылған қазақ және түрікмен тілдерінің мысалдарында баяндауыштар өз бастауыштарымен толық предикаттық қарым – қатнасқа түсіп, олардың іс – әрекетін, қимылын көрсетіп тұр.

Осымен қатар баяндауыштар өздеріне біраз модальділікті қосып алып тұр. Ол іс – әрекеттің қай кезде болғандығын, қалай болғандығын кімге тиісті екендігін анықтаумен қатар айтылған ойды тиянақтап сол сөйлемнің шекарасын белгілеп тұр. Баяндауыштың бұл қасиеті сөйлемнің аяқталғанын білдіріп, тыныс белгілерінің орнына жүретін сияқты.

  1. Бұны әсіресе ертедегі әдебиет нұсқаларын әр түрлі ескерткіштерді зерттегенде байқауға болады. Бұл көбінесе етістіктен болған баяндауыштарға тән болып келеді.

Салыстырылған тілдерде баяндауыштар өзінің қызметі және мағынасы жағынан бір – біріне өте жақын ескі дәуірлерден келе жатқан тек местігін сақтағаны байқалады.

Орхон жазуларынан:

Оғуз Білге тамғачы келті- Оғыз Білге таңбалы келді.

Ұл йеме та балты – Еліміз қайта ел болды.

Өзүм қары болтым – өзім қартайдым.

Ұлұғ болтым – Ұлық болдым.

Бұл мысалдардағы келті – келді, болты – болды, болтым-болдым деген баяндауыштар он екі ғаыср бұрын болса да өз бастауыштарымен предикаттық байланысын сақтаған. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, баяндауыштар тек қана фонетикалық өзгеріске түскендігі сезіледі. Бұл түркі тілдерінің барлығына тең фонетикалық заңдылық.