Түркі тілдеріндегі жай сөйлем синтаксисі

  1. В.Л.Владимиров бір ғана «су» деген сөздің айтылу жағдайына қарап, сан түрлі мағынаны білдіретіндігін көрсетеді. Шөлде су жоқ жерде, сусап шөлдеп келе жатқан кісіге «су!» десе, қандай қуаныш, ал жер астындағы жұмыс істеп жүрген су жіберушілер үшін «су!» деген сөз бәле, бақытсыздық деп көрсетеді.

Интонация мен модальдік қана сөйлемнің көп қырлы қызметін жеткізе алатындай қабілетке ие. Сол арқылы сөйлемдер өздерінің тыңдаушысына әсер етеді. Бірін-бірі жете үшін қызмет атқарады. Сондықтан сөйем арқылы тек байымдау емес, сұрау да ойдың әр түрлі сезімде де, эмоциясы да білінеді.

  1. Хабарлы сөйлем қарақалпақ тілінде хабар гәп, қырғыз тілінде – жай сүйлөм, өзбек тілінде даракчап, ұйғыр тілінде хәвәр жүмлә, түркімен тілінде хабар сөзлеми делінеді. Хабарлы сөйлемдердің баяндауышы етістіктен де, есім сөздерден де жасалады. Етістіктен болған баяндауыштар өздерінің шақты, жақты білдірушілік қасиеті арқылы сөйлемді тиянақтап қоймай, оған әртүрлі модальдікті береді.

Мысалы: Мектеп қорасына да танкілер тола бастады.Шамаси Азизбек осанлик билан жон берадиган куринмайдыр.

Демек, хабарлы сөйлемдер тек қана бір оқиға немесе бір зат туралы пікірді хабарлап қоймай, оның әр түрлі модальдік жақтарында көрсетеді. Ол үшін түркі тілдерінде лексика – грамматикалық тәсілдерде аз емес. Олар етістік – баяндауыш арқылы жасалмай, модальдік сөздер, интонация арқылы беріледі.

Мысалы: Әттең, «қызыл жалау» жарық көре алмай кетті. Мүмкін, о да бір қырағы көзге шалынар еді – Қазақ.

Эхтимол Комилжон хам бирон нарсадан хафа булгандир. өзб.

  1. Сұраулы сөйлем қарақалпақ тілінде сорау гап, қырғыз тілінде суроолуу суйлан, өзбек тілінде – сұрау гаплар, ұйғыр тілінде – соал жумлә,түркмен тілінде сураг геплер деп аталады.

Түркі тілдерінде сұраулы сөйлемдер сұраулық шылаулар сұрау есімдіктері, модаль сөздер, үстеулер мен интонациялардың қатысуы арқылы жасалады.

Сұраулы сөйлем жасауда ең көп қатысатын ежелгі -му шылауы кейбір фонетикалық өзгеріске түскені болмаса, барлық түркі тілдерде бар.

Қазақ, қарақалпақ тілдерінде – ма, — ме, қырғыз тілінде – бы, — би, — бу, — пу; өзбек тілінде – мы, — ми шылаулары етістіктен немесе есім сөзден болған баяндауышқа қосылуы арқылы сурауы сөйлем сөйлем жасалады.

  • Хат танымайды деген жоқсың ба? – Қазақ.
  • Дагы чыгымды биз беребизби? – Ұйғыр.
  • Битта сигир учур шунга одамни боқа оладими? — Өзбек.
  • Инди душиндингми? Нәме, әжең саңа айтмадымы? — Түркмен