Салыстырмалы синтаксис

  1. Түркі тілдерде сөз тіркесі синтаксисінің дербес объектісі ретінде өз алдына зерттелуі соңғы жылдардан басталады. Бірақ түркі тілдері жөніндегі зерттеулерде сөздердің бір-бірімен байланысу, тіркесу тәсілдері ерте кездерден-ақ бірқатар тюркологтардың назарын өзіне аударған. М.А.Казем-Бек аталған еңбегінде синтаксис бөлімін «сөз тіркестері» деген атпен атап, онда сөз бен сөздің тіркесуі, байланысу тәсілдері түгіл, сөйлемдердің де тіркесу тәсілдерін зерттейді. Демек, М.А.Казем-Бек «сөз тіркестері» деген ұғымды синтаксистің өзімен тең қойып, сөйлемдерді де оның құрамында қарайды.

Шынында да, түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің сонша көп зерттелуіне қарамастан, оның көптеген теориялық мәселелері ойлануды талап етеді. Саластырып зерттелген тілдерде сөз тіркестерінің тіл фактылары бір-біріне ұқсас болса да, зерттелу дәрежесі бірдей емес. Сөйлем мен сөз тіркестерін ажыратудағы бас белгі ретінде сөйлемнің тұрлаулы мүшелері мен интонациясының болуын көрсетеді. Ы.Жакыпов – қырғыз тілінде – мен орусмун. Аны сен айтканы жетшиет, мысалдар келтіріп «мен», «сен», «силер», «айтканы» деген бастауыштардың «орусмун», «айткансын», күтүп отурасыңдар, «жетишет» деген баяндауыштармен сан, жақ жақ жалғауларында қиыса байланысқандығын дәлелдейді.

Демек, бұл келтірілген мысалдардағы тіркестер предикаттық қатынасты білдіретін, сөйлемдік қасиетке ие болып тұр.

Қазіргі қазақ тілінің грамматикасында: бұл өзеннің маңы өмірі малдан арылған емес деген сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар: бұл өзен,

өзеннің маңы өмірі арылған емес малдан

Бұл мысалдардағы сөз тіркестері сөйлемнің құрамынан алынып ажыратылғандықтан, төрт сөз тіркесінің үшеуі «арылған емес» деген сөйлемнің баяндаушымен тіркесіп байланысқан. Бұл үш тіркес сөйлемнің етістіктен болған баяндаушы арқылы байланысып, әрқайсысы сөйлем болуға дайын.

Сөз тіркестері салыстырылған тілдердің барлығында кемінде толық мағыналы екі сөздің синтаусистік қарым – қатынасқа түсіп байланысқан тобы болып есептеледі. Мысалдар:

Қалың кітап, жас бала, айтылған сөз, барар жер – қаз.

Қалың китеп, жаш бала, айтылган сөз, барар жер – қырғ.

Сонымен қатар салыстыртырылған тілдерде сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерінде бір –біріне ұқсастығы, жалпыға байқалады. Бұл әрбір ұлт тілінің өзіне тән фонетикалық, грамматикалық құрылысынан байқалады.

Жалпы алғанда, салыстырылған тілдерде сөз тіркестерінің түрлерінде, олардың жасалу тәсілдері мен мағыналары да жалпылық бар, ал кейбір өзгешеліктер әрбір тілдің даму процесінен келіп шыққан.