Етіс категориясы

  1. Субьекттің іс — әрекетке бір өзінің болмаса ортақтасып бірнеше субьектлердің қатыстығын немесе бсқа біреулер арқылы істелгендігін көрсетеді.
  2. Өздік етіс қазақ, қарақалпақ тілдерінде –ң, -ын, — ін, (ин), қырғыз тілдерінде өздүк мамиле –н, -ын, -ин, өзбек тілінде қайтим даража –(и), — н, уйғыр тілінде өзлүк дәрижә -ин, -ун, — үн, түрікмен тілінде – ғайдым жереже – ын, — ин, — ун, — үн, -н, аффикстерінің жәрдемімен жасалады.

Қазіргі тілдерден мысалдар: Ол ерте тұрды да, жуынды, таранды, киінді – қаз. Қарақалпақ.

Анда бир топ катын – кыздар жуунуп жатат – Қырғыз.

Сиз бу ишга яхши таерландингиз — Өзбек

Ақирқи сигналму чеминде. – уйғыр.

Марал көлегеде дүшек язынды. Ат силкинди. – Түркмен.

  1. Ырықсыз етіс, қарақалпақ тілінде ериксиз дәреже –л, -ыл, -іл, (ил), қырғыз тілінде туюк мамиле –ыл (-л), өзбек тілінде мажқұл даража –л (-ил), уйғыр тілінде өзге дарижә — л, (ил), -ұл, үл, түрікмен тілінде гайдым дереже — -ыл, ил, -ул, -л аффикстердің жәрдемі арқылы жасалады.

Мысалдар: Альбом көріп шығылды. – Қазақ. Альбом қуриб чиқилди — өзб. Унтулуп кетилди – қырғыз.

Вышханның, огул фундаменти гуралды, станоги, насос, моторлары гетирилди – Түрікмен.

  1. Өзгелік етіс қарақалпақ тілінде мәжбүрлеу дәреже, қырғыз тілінде арқылуу мамиле –т, -ыт, -іт (ит); — дыр, -дір (-дүр), -тыр (тир), -гыз, -қыз, -кіз, -ар, -ер, -ыр, -ір (-ир), -кар, -кер, -гыр, -дар, -сет; ұйғыр тіңлінде мәжбүр дәрижә -т, -тур (-түр), -дур, — дүр, -қүз, (-күз), -ғұз, гүз; түрікмен тілінже йүклетме дереже –дыр, -дир, -дур, -дүр аффикстерінің қосылуымен жасалады. Салыстырылған тілдерде өзгелік етістің негізігі аффикстері барлығында бірдей, іс-әрекеттің басқа біреу арқылы істелінгендігін көрсетеді.

Мысалдар: Бірақ Ардақ екеуін де отырғызып кетті – қаза0. Этигимди итке бүлдүрүм – қырғыз.

  1. Ортақ етіс қарақалпақ тілінде шериклик дәреже –с, -ыс, -іс (ис), қырғыз тілінде кош мамиле –ш, -ыш, -иш; өзбек тілінде биргалик даража (-и) –ш; ұйғыр тілінде өмлүк дәрижә -ш, -иш, -уш, -үш; түрікмен тілінде мәриклик дереже –ыш, -иш, -уш, -үш, -т аффикстерінің жәрдемі арқылы жасалады.

Мысалдар: Білекті үзердей қатты қысып қол алысты – қаз. Эл дуулдашып чоң маселе чечилгендей тарап жатышты – қырғыз. Балилар шох көзлирини ойнитишип, күлимсиритип қоюшти – ұйғыр.

Биз пионер лагерде Марыдан гелен елдашларымыз билен гөрүшдик – Түрікмен.