Етістіктің рай категориясы

  1. Салыстырылған тілдерде етістіктің рай категориясы субъекттің іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа көзқарасын білдіреді.

Ниет немесе мақсат деп аталатын райлар қырғыз,ұйғыр тілдерінде көрсетілген,сол сияқты арзув-өкунч формасы да тек түркмен тілінде айтылған.

Ашық райдың жасалу жолдары,білдіретін мағыналары етістіктің үш шағымен ұштасып жатады алды, алып жатыр, алады – (қаз) Олди,олаетир,олади(өзб)

Бұйрық рай айтушының тыңдаушысы немесе сол арқылы басқа біреулерге бұйырғандығын,өтінгендігін білдіреді.Осыған байланысты кейбір түркі тілдерде бұйрық жєне қалау райлары қосылып,бұйрық-истак майли деп те аталады.

Салыстырылған тілдерде бұйрық райдың жасалу тєсілдері ортақтық қасиетке ие болумен қатар,кейбір тілдерде,өзгешеліктер де жоқ емес.

Қырғыз тілінде 2жақта кейде –ғын,-кин(барғын,кеткин),өзбек тлінде –ғин,-қин,кин,(езғин,тутғин,боққин),ұйғыр тілінде –ғин,-гин,-қин,-кин(алғин,кєткин,оқигин),түркмен тілінде –гын,-гин,-гун,-гүн(баргын,эшитгин,гөргун,болгун) аффикстері қосылып, бұйрық аралас өтінішті білдіреді.

Түркмен тілінде етістіктерге –сана,-сене, -ла,-ле қосымшалары қосылып бұйрықты білдіреді. Шилесин-ле,ал-сана,гел-сене т.б.

Барлық түркі тілдерінде шартты рай жасау үшін етістіктің түбіріне –са,-се аффиксі қосылады.

Салыстырылған тілдерде шартты райдың функциясы кеңейген,ол жай жєне құрмалас сөйлемнің баяндауышы болып қызмет атқарады.Жай сөйлемде шартты рай арқылы тілектік мағына шақпен жалғасып модальдікті білдіреді.Мысалы Көңілдің осы бір шағы,қырдың осы бір көрінісі тұра берсе,тұра берсе екен!(Ғ.Мұст.)-қаз.

Сырдашса сыр чечилет,сырдашпаса не чечилет-қырғ.

Қалау рай кейбір салыстырылған тілдерде тілек,истак,халаш деген атпен аталса да,барлығында да сөйлеушінің қимыл іс-єрекеттің орындалуына тілек,ниет білдіретінін көрсетеді.

Қазақ,қарақалпақ тілдерінде –ғай,-гей,-қай,-кей, қырғыз тілінде –гай, өзбек тілінде –ай,-ғай,ұйғыр тілінде –ғай,-гей,-қай,-кей аффикстері етістіктердің түбіріне қосылып қалау рай жасайды.Қазақ,қарақалпақ тілдерінде бұл аффикстерден кейін жіктік жалғаулары қосылып айтылады,ал қырғыз тілінде эле көмекші етістігімен қосылып айтылады.

Қалау рай жіктік жалғауымен айтылады.

Қазақ.Қырғыз.

1.Мен барғаймын.1.Мен барғай элем.

2.Сен барғайсың.2.Сен барғай элең.

3.Ол барғай.3.Ол барғай эле.

Өзбек

1.Мен борғайман.

2.Сен борғайсан.

3.У борғай.