Етістік

  1. Қ а з а қ т і л і н д е: ал, тұр, кел, оқы, жаз, айт. Қарақалпак тілінде: ал, тұр, кел, оқы, жаз, айт. Қ ы р ғыз т і л і н д е: ал, тур, кел, оку, жаз. Ұйғыр тілінде: айт ал, тур, кәл, оқи, яз. Өзбек тілінде: яз, ейт ол, тур, кел, уқи. Түрікмен тілінде: ал, дур, гел, ока, яз, айт.

Міне осындай етістіктердің түбірі салыстырылған тілдердің қай-қайсысында болса да, аффикстер қосып алу арқылы оның басқа түрлерін жасауға негіз болады, сол арқылы етістіктердің шақ пен рай, етіс, есімше, көсемше сияқты категориялары жасалады, жалпы алғанда, етістік категориялары, болымды және болымсыз етістіктер, сабақты, салт етістіктер және олардың сөз түрлендіру, сөз тудыру тәсілдері бір-біріне ұқсас. Бұл ұксас-тық шартты түрде айтылады, өйткені әрбір тілдің өзіне тән тілдік өзгешелігі оның лексика-грамматиқалық функциясында байқалады да, ол салыстыра зерттегенде жақсы сезіледі.

Осымен қатар, етістіктер басқа сан түрлі сөздерді жасауға да негіз бола алады.

  1. Орхон-енисей ескерткіштерінде, ХІ ғасырдың тілінде де етістіктердің барлық түрлері кеңінен қолданылған. Бұл туралы Махмуд Қашқари етістік жасаудың негізі — бұйрық етістігі. Түрлі мақсат үшін қолданылатын қосымшалар осы негізге қосылады деп көрсетеді. Осымен қатар Махмұд Қашқари етістіктің негізі — бұйрық райға әр түрлі қосымшалар қосылу арқылы жасалған етістіктердің түрлеріне, білдірген мағыналарына, атқаратын қызметтеріне тоқтайды: тур — турур — турді; тіз тізар тізді; бар барір — барді, кәл — кәлір — кэлді, күл — күлүр күлді; ол іуқару турур; ол турді, ал сут сағди. Ол эр ол ішларқа турған.

Махмуд Қашқари етістіктің түрлі жасалу тәсілдеріне тоқтайды. -қил, -ғыл, -гил аффикстері бұйрық етістікке қосылады:—

баргіл, тургіл, отургіл‘ т. б. сол, сияқты бұйрықты күшейу үшін оған -чи аффиксі қосылады: кел+чи, барма + чи т. б.

Бұйрық рай етістіктеріне — ла аффиксі қосылғанда іс-әрекеттің анық болғандығын көрсетеді (ул бардила, ол кәлділа, ол барды, ол келді).

-Міш аффиксі күмән етістігін жасайды: бармиш, кәлміш (есітуімше барғанға, келгенге ұсайды -ма бұйрық етістігіне қосылса, болымсыздық мағынасын тудырады: барді-бармаді, кэлді-кәлмаді т. б. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, өйткені «Девону Луғотит түрктің» жартысынан көбірегі тек етістіктердің әр түрлі формаларынан тұрады. Демеқ, етістік тіліміздегі ең негізгі, қөлемді ескі сөз таптарының бірі) ол қазіргі тілдерде де айтарлықтай өзгеріске түспей, негізін сақтап қалған. Оның үстіне, баска сөз таптарына қарағанда етістік табиғатында жаңа сөздерді қабылдай бермейді.