Сан есім

1.Салыстыра зерттеген түркі тілдердің барлығында да сан есімдер заттың немесе заттық үғымды білдіретін сөздердің санын, ретін, мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Сан есімдер өзінің лексика-грамматикалық.функциясы бойынша қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікмен тілдерінде бәріне де ортақ. Бұл сан есімдердің ерте дәуірлерден-ақ жалпы түркі тілдік қасиетке ие болғандығын дәлелдейді. Орхон-енисей ескерткіштеріндегі сан есімдердің қолданылуын қазіргі түркі тілдермен салыстырсақ, жалпы тектестік сақталғандығы байқалады. Мысалы: Орхон-енисей ескерткішінде — тоқуз деп айтылса, қазіргі қазақ, қарақалпақ тілдерінде — тоғыз, қырғыз тілінде — тоғуз, өзбек тілінде — туққиз, ұйғыр тілінде — тоққуз, түрікмен тілін-дё — докуз т. б.

Сол сияқты XI ғасыр ескерткіштерінде де сан есімдердің айтылуында кейбір өзгерістердің барлығы көрсетілген. Махмуд Қашқари «Девону луғотит түркте» бир және бийр, ики, -икки түрінде қолданылғанын көрсетеді. Бұл жағдайда біріншісі қысқа, екіншісі созылып айтылатындығы сезіледі. «Қутадғу білікте» де бір сан екі вариантта қолданылған:

Киши икки турлук киши отанур;

Бири угратигли, бири угранур

Ики дан нару барча йилқи сони,

Тиласа муни тут тиласа ани‘.

Орхон-енисей жазуларында реттік санды білдіруші -үнч, -ынч, -инч қосымшаларын қосып алып, үчүнч, алтынч, йетинч болса, қазіргі тілдерде үиіінші, алтыншы, жетінші (қаз.), үшин-ши, алтыншы, жетинши (қарақ.), үчүнчү, алтынчы, жетинчи (кырғ.) учинчи, олтинчи, еттинчи (өзб.), үчинчи, алтинчи, йәттинчи (ұйғ.), үчүнжи, алтынжы, единжи (түрікм.) т. б.

Реттік санды білдіру үшін осындай -унч, -инч қосымшалары XI ғасыр ескерткіштерінде қолданылған: турт+унч, беш+инч т. б.

Демек, ескі түркі тілдермен қазіргі тілдерді салыстырғанда, сан есімдер негізінен фонетикалық өзгерістерге ғана ұшырағандығы сезіледі. Бұл фонетикалық өзгешеліктер бір тілді екшші тілден ажыратудағы негізгі белгінің бірі. Бұл жағдай өте заңды, өйткені әрбір тілдің жалпы және өзіндік даму заңы бар, сол өзіндік заңдылық сан есімдер системасында да сақталған (тоғыз, тоғуз, туққиз, докуз). Бүл әр тілдің өзіне тән фонетикалық өзгерістерін тек оның реттік сандарында ғана емес, қосымшалар қосылғанда анық сезіледі.

Жалпы алғанда сан есімдер өзінің лексикалық-грамматикалық функциясы бойынша өзгешеліктерден гөрі ұқсастыққа ие.

Орхон-енисей тілдеріндегі сан есімді қазіргі түркі тілдерімен салыстырып қарайық:

Орхон-енисей ескерткіш-

терінде

 

Қазіргі

қазақ

тілінде

Қазіргі қарақалпақ

тілінде

Казіргі

қырғыз

тілінде

 

Қазіргі өзбек

тілінде

Қазіргі

ұйғыр

тілінде

Қазіргі

түркімен

тілінде

             
             
Бір бір бир Бир бир бир бир
екі, экі екі еки Эка икки икки ики
Үч үш үш Үч уч үч үч
төрт төрт төрт төрт турт төрт дөрт
беш, біш бес бес Беш беш бәш бзш
алты алпгы алты Алты олти алтэ алты
йеті жеті жепгі Жети етти йәттә еди
секіз сегіз сегиз’ сегиз саккиз сәккиз секиз
токуз тоғыз тоғыз тогуз туққиз тощуз докуз
йегірмі жиырма жигирма Жыйырма йигирма жигирмэ йигрими
отуз отыз опгыз отуз уттиз оттуз отуз
қырқ қырық қырқ кырк щрщ қириқ кырк
еліг елу елли Элүү эллик әллик элли
             
алтмыс алпыс алпыс Алтымыш олпгмиш атмиш алтмыш
             
йетміш жетпіс жепгпис Жетимиш етмиш йәтмиш• етмиш
секіз он сексен сексен Сексен саксон сжсән сегсен
тоққуз он пгоқсан тоқсан Токсон туқсон тоқсән тогсан
йүз жүз жүз Жүз юз йүз йүз
бір, мің мың мың Миң минг миң мүң
түмен он мщң он мың он миң ун минг он миң онмүң
ілік бірінші биринши Биринчи биринчи биринчи биринжи \
бисинч бесінші бесинши Бешинчи бешинчи бәшинчи бэшинжіі
           
секизинч сегізінші секизинши Сегизинчи секкизинчи Сәккизинчи секизинжи. .
онунч оныншы оныншы онунчу унинчи онинчи онунжы
бір йегір- он бірін- онби- он бирин-   он бирин- он бирин-
минг ші ринши Чи ун биринчи чи Жи
йегірмінч жиырма жигирма Жыйырми йигирма жигирма йигрими
  бірінші бириниш Биринчи биринчи биринчи биринжи

Осындай сан есімдерді салыстырып қарау, олардың бір-біріне ұқсастығын, тектестігін көрсетеді. Осымен қатар сан есімдердің айтылуында кейбір өзгешеліктер де жоқ емес. Мысалы, алтай тілінде қырықты төртөн (төрт он), тува тілінде төртен (төрт он), елуді бежен (бес он), алпысты тува тілінде алдан (алты он), хакас — алтон, алтан; жетпісті тува чеден, хакас читон, алтай — іетен (жеті он), сегізді — сезен, сигізон, сегизен (сегі» он); тоқсан — тозан, тоғызон, тогузон деп қолданады.

Қазіргі тілдерде ондық алдында бірлік сандар соң айтылса, Орхон-енисей ескерткіштерінде, керісінше, әуелі бірліктер, кейін ондықтар айтылған: бір йегірмінинч он бір, йеті йегірмі он жеті, бир отуз — жиырма бір, алтьс отыз жиырма алты, токуз*. еліг қырық тоғыз, токуз алтмыш елу тоғыз.

…Қамуғы біш отүз сүледіміз. Уч йегірмі сүңүшдіміз. Бас аяғы жиырма бес (рет) аттандық. Он үш рет соғыстық… Алты йегірмі йашыңа — он алты жасқа (келгенде)… Ұлұғ су екі йегірмі көп қолмен он екі жорьіқ жасадым‘.

Тогуз элиг йашда токуз алтмыш эр өлүрмиш — қырық тоғыз жасында елу тоғыз батырды өлтірген. Күл-тігін… йити йегирмике учды — Күл-тігін он жетінші күнде өлді. Тогузынч ай йети отузка йог эржүртимиз тоғызыншы айдың жиырма жетінші күнін-де қойдық.

Ескі түркі тілдеріндегі бұл есеп Қытайдағы сары ұйғыр тілінде қазір де сақталған. Пэр йығырма он бір, пеш ығырма он бес, пэр отус жиырма бір. Сол сияқты сары ұйғыр тілінде ішкон жиырма, учон отыз, туртон (қырық), пісон (елу), алтон (алпыс), йетон (жетпіс), сақысон (сексен), тоқысон (тоқсан) болып қолданылады .

Он мың сан Орхон-енисей ескерткіштерінен бастап XVI ғасырдың әдеби мұраларында тумен, туман, жүз мың лэк, он миллион көрүр түрінде кездеседі.

Сан есімдердегі осындай кейбір езгешеліктер көптеген тюркологтардың назарын өзіне аударған.

Түркі тілдеріндегі сан есімдерді бір-бірімен салыстырсақ, олардың өзгешелігінен көрі ұқсастығы күшті. Соған қарамастан тілдердің даму процесінде кейбір лексикалық, фонетикалық, морфологиялық өзгешеліктер де кездеседі. Оны сан есімдердің семантика-морфологиялық классификацияларында көруге болады.