Салыстырмалы фонетика

  1. Қазіргі түркі тілдері өздерінің лексикалық құрамында, грамматикалық құрылысында жалпы түркілік тектестігін сақтай отырса да, фонетикалық өзгерістерге ұшырағандығы анық сезіледі. Сол фонетикалық құбылыстар арқылы түркі тілдерінің бірі екіншісінен ажыратылады. Түркі тілдерін топтастырғанда, олардың жақындық немесе қашықтық дәрежесін анықтауда, тілдегі фонетикалық құбылыстар есепке алынады. Дыбыстар сөз жасаудағы негізгі элемент болып қоймай, сол тілдегі бір сөзді екінші сөзден, генетикалық байланысты бір тілді екінші тілден ажырату үшін де қызмет атқарады. Мысал үшін қала, дала, бала, жала, шаласөздерін салыстырсақ, ір сөз өз алдына дербес мағынаға ие. Бұл сөздерді бір-бірінен ажыратуға себепші болып тұрған тек қана бастапқы қ, д, б, ж, ш дыбыстарының бөлек болуы, әйтпесе қалған ала деген бес сөзді бір сөз деп түсінуге болады. Кейде бұндай сөздерді осы мағынасында ажырату үшін контекст, ситуация керек болған болар еді. Сол сияқты гүндиз – күндіз, гезек – кезек, гелешек – келешек, гелин – келін, горкак – қорқақ деген сөздерде бастапқы г – қ дыбыстарының өзгеше қолданылуы – түркімен, қазақ тілдерінің өздеріне тән құбылыстарын көрсетіп тұр. Дыбыстардың өзгеруіндегі әр түрлі заңдылықтар тілдің морфологиялық құрылысымен, ал сөйлемдердің әр түрлі интонациямен айтылуы – оның синтаксистік құрылысымен тығыз байланысты.
  2. Орхон-енисей ескерткіштерінде 8 дауысты дыбыс (а, ә, ы, и, о, ө, у, ү) болғандығы көрсетіледі. Дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке болып айтылуы қатар тұрған дауыссыздарға байланысты болғандығы сезіледі. Ескерткіштердегі төрт таңба қазіргі тілдердегі барлық дауысты дыбыстардың орнына қолданылған «а» өз орнында және тіл алды «ә» дыбысының орнына; «ы» өз орнында және «і» дыбысының орнына; «о» өз орнында және «ұ» дыбысының орнына; сол сияқты «ө» өз орнында және «ү» дыбысының орнында келген. Демек, әрбір дауысты дыбыс жуан және жіңішке екі дауысты дыбыстың қызметін атқарған. Орхон-енисей ескерткіштерінде сингармонизм заңы сақталғандығы сезіледі. Ерін үндестігі жөнінде де осыны айтуға болады. (ұзұн, будун, отуз, улуг, күмүш, кутлуг, оглум т.б.)

Көне түркі тілдерін қазіргі тілдермен салыстырсақ, кейбір фонетикалық құбылыстардың ізі байқалады. Солардың бастылары кейбір тілдерде сингармонизм заңының жоғалып кетуі, немесе әлсіреуі; дауысты дыбыстардың созылып айтылуы, жуан, жіңішке болып бөлінуі т.б.

  1. Дауысты дыбыстар. Қазіргі түркі тілдерінің дауысты дыбыстар құрамында кейбір өзгешеліктерден көрі ұқсастықтар күшті екендігі сезіледі.

Қазақ тілінде: а, ә, е, ы, и, і, о, ө, у, ү, ұ

Қарақалпақ тілінде: а, ә, е, ы, и, о, ө, у, ү

Қырғыз тілінде: а, э (е), ы, и, о, ө, у, ү

Өзбек тілінде: а, э (ә), и, о, у, ү

Ұйғыр тілінде: а, ә, е, и, о, ө, у, ү

Түрікмен тілінде: а, э(ә), е, ы, и, о, ө, у, ү

Демек, дауысты дыбыстар қазақ тілінде – 11, қарақалпақ тілінде – 9, қырғыз тілінде – 8, өзбек тілінде – 6, ұйғыр тілінде – 8, түрікмен тілінде – 9 әріппен беріледі. Бұл дауысты дыбыстар қай тілдің болса да өзіне тән ерекшелігімен қатар көне түркілік тектестігін де сақтағандығын көрсетеді. Ал қазіргі түркі тілдерін өзара салыстыру арқылы олардың дамуы мен қалыптасу кезеңдерін зерттеуге, жалпы ұқсастығы мен өзгешелігін анықтауға жәрдем етеді. Өйткені қай тілдің болса да лексикалық құрамы, грамматикалық құрылысы оның фонетикалық құбылыстарымен тығыз байланысты болады. Мысалы, қыпшақ группасының ішінде қазақ, қырғыз тілдері бір-біріне жақын. Солай бола тұрса да, қырғыз тілі қазақ тіліне қарағанда ерін үндестігін барлық буындарда толық сақтаған (тоқум, төлө, көрбөгөн, болбогондор, өлбөгөндөр). Сол сияқты қырғыз тіліндегі дауыстылардың созылыңқылық қасиеті (аа, ээ, оо, уу, үү), бұл тілді қазақ тілінен гөрі алтай, хакас, тува тілдерімен жақындастырады.

Қырғыз тіліндебоорбээуулооз

Алтай тіліндебуурбесуулоос

Тува тіліндебаарбесоолаас

Хакас тіліндепаарпииоолаас

Қазақ тіліндебауырбиеұлауыз

Демек, қазіргі түркі тілдерінің дыбыстарын салыстырып зерттегенде ғана олардың жалпы ұқсастығы мен өзгешелігі байқалады