Сөйлем мен сөз тіркесі

  1. Сөз тіркесі – мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. Сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыс сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыстан анағұрлым еркінірек болады. Алайда, бұл еркіндік сөз тіркесінің мағыналық және синтаксистік бүтіндігін бұзатындай дәрежеде болмауға тиісті. Мысалы, сөз тіркесінің сыңарларының арасында ұзақ кідіріс жасалса немесе ол сыңарлардың арасына бірнеше сөз енсе, сөз тіркесінің бірлігі, тұтастығы бұзылуы мүмкін. Сөз тіркесінің сыңарларының арасында да, сөздің бөлшектерінің арасында да байланыс бар, бірақ сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыстан басым да, бекем болады. Осыған орай, жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына емін-еркін енсе, синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер, формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Осылай болғандықтан, оның оның құрамындағы сыңарлар ыңғайына қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.

Сөздердің тілде атаушы қызмет атқарып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жататындығы сияқты, сөз тіркестері де заттардың, сапа-белгілердің, іс-әрекеттердің атаулары ретінде қолданылып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жатады. Грамматикалық және мағыфналық бірлікте болатын сөз тіркесі “күрделі ұғым болғанымен, қалайда әйтеуір бір ұғымды білдіреді және оны белгілеуші ретінде қызмет атқара алады. Ол – фразеологиялық единицаның еркін эквиваленті”, ал фразеологиялық единица мағыналық жақтан сөздің эквиваленті бола алады.

Сөз тіркесі сөйлем құрамында ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті қызмет атқара алады. Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем құрамында оның құрылымдық элементтері ретінде зерттеледі. Екінші жағынан, сөз тіркестерін сөйлемнен тыс, “күрделі атаулардың әр басқа түұрлері ретінде де зерттеуге болады”.

  1. Сөз тіркесі де, сөйлем де сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан жасалады. Сөз тіркесінің жалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикеалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері пайда болады.

Сөз тіркесуін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың меңгеру деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Меңгеру бойынша, сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бағыныңқы сөздің жанама септіктердің, атап айтқанда,барыс, табыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұруын талап етеді. Мысалы, киімді тазалау, ауылға бару, үйден шығу, жолдасымен кездесу және т.б.

Синтаксистік байланыстың меңгеру түрі арқылы байланысқан сөздердің сөздердің біріншіден басыңқы сыңары өзгергенмен, бағыныңқы сыңарының өзгеруі шарт емес (мысалы, автобусты күттім; автобусты күтіңіздер); екіншіден, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін бір ғана басыңқы сөзбен сөзбен тіркесіп айтылған меңгерілетін сөздер әр түрлі формада қолданыла береді. Мысалы: ауылға қайту; ауылдан қайту; үйге бару; үйден бару т.б.

Сөздер біі-бірімен синтаксистік байланыстың қабысу деп аталатын түрі боынша да байланысады. Қабысу бойынша түркі тілдерінде сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөз ұйытқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысады. Мысалы: ағаш үй, жылы бөлме, білімді адам, он дәптер, білген кісі т.б. Түркі тілдерінде қабыса байланысқан сөздердің орын тәртібі мынадай болады: бағыныңқы сөз әрқешан басыңқы сөздің алдында тұрады