Тілдің сөздік құрамы.

  1. Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын несмесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамға тілдің күллі сөз байлығы енеді.

Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құраммен салыстырғанда, негізгі сөздік қордың көлемі шағын болады, бірақ ол тілдегі түбірлік сөздердің бәрін қамтиды, туынды сөздердің жасалуына ұйытқы болады. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы , негізгі ұйытқысы. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына, мысалы, мынадай сөздер енеді. 1. Табиғат құбылыстарының атаудары : жер, су, өзен, көл, тас, жел, ай, күн, және т.б. 2. Еңбек процесіне байланысты сөздер: егу, ору, жырту, кесу, пісіру, жағу және т.б. 3. Еңбек құралдарының аттары: орақ, күрек, айыр, біз, пышақ және т.б. 4. Мал атаулары: жылқы, ат, байтал, құлын, өгіз, түйе, бота, қой, ешкі, қозы және т.б. 5. Аң-құс атаулары: түлкі, қоян, қасқыр, аю, ққарға, бүркіт, тоты, үйрек, тауық және т.б. 6. Анатомиялық атаулар: бас, қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз және т.б. НЕгізгі сөздік қордың аумағы, әрине, осы сөздермен шектелмейді, оның құрамына осыларға ұқсас басқада көптеген сөздер енеді.

Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады. Ол замандар бойында ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады да, осының нәтижесінде негізгі сөздік қорды әр ұрпақтың өкілдерінің пайдалана отырып, қатынас жасауына мүмкіндік туады.

Мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. өз ара мәндес сөздерден: синонимдік қатар құралады. Синонимдік қатардың құамына екі, кейде оданда көп сөздер енеді. Мысалы, 1. Адам-кісі; 2. Күш-қуат-әл-дәрмен; 3. Қадірлі –құрметті-ардақты-аяулы-қымбатты және т.б.

  1. Синонимдер – омонимдерге қарама-қарсы құбылыс. Омонимдер мағыналары әр басқа, дыбысталуы бірдей сөздер болса, синонимдер мағыналары бір-біріне жуық, дыбысталуы әр түрлі сөздер.Омонимдер де, синонимдер де басқа сөздерден құралады. Дыбысталуы бірдей болғанымен, омонимдер де әр басқа сөздер ретінде танылады. Омонимдердің ішнде, жоғарыда атап өткеніміздей, бір сөздің мағыналық жақтан дамуы, мағыналардың бір-бірінен ажырасып кетуі нәтижесінде жасалғандары да бар. Оманимдердің мұндай түрін құрастырушы сыңарлар да тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан әр басқа әр басқа сөздер ретінде танылады. Ал әр басқа сөздердің синонимдер ретінде танылуы үшін, олардың мағыналық жақтан бір-біріне жуық, өз ара мәндес болуы шарт.

Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өз ара мәндес болуымен бірге, барлығының бір сөз табына қатысты сөздерден жасалуы шарт. Әр түрлі сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін, оның құрамына енетін сөздердің барлығы да не бірөңкей зат есім сөздерден, не бірөңкей сын есім сөздерден немесе бірөңкей етістік сөздерден болуы керек. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында бар. Мысалы:

Зат есімдерден болған синонимдер: өң-түр-түс-келбет-пішін-ажар-мүсін-көрік-әлпет-кескін-рең-дидар-шырай; уақыт-мезгіл; мерзім-кез; сабыр-төзім-шыдам және т.б.

Сын есімдерден болған синоннимдер: салмақты – сабырлы – байыпты – байсалды – ұстамды; сұлу – әдемі – көркем – көрікті – ажарлы – кескінді – келбетті және т.б.

Етістіктерден болған синонимдер: сауығу-жазылу-айығу; жолығу-кездесу-ұшырасу; жорамалдау-долбарлау-тұспалдау-болжау-межелеу; амандасу-сәлемдесу-амандасу; әзілдесу-қалжыңдасу және т.б.

Үстеулерден болған синонимдер: таяуда-жуырда-жақында-жуықта; әрең-әзер-зорға; тез-жылдам-шапшаң- лезде-сәтте және т.б.

Тіл-тілде әсіресе зат есімдер мен сын есімдерден және етістік сөздерден болған синонимдер жиі кездеседі. Бұлай болатындығы әрбір тілдің лексикасындағы сөздердің басым көпшілігі зат есімдер мен сын есімдер және етістік сөздер.

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы: ескі – жаңа, ауыр – жеңіл, алыс – жақын, ақ – қара, ащы – тұщы, бар – жоқ т.б.

  1. Сөздердің бәрі бірдей өз ара синонимдес бола бермеитіні тәрізді кез келген сөз өһз ара антонимдес бола бермейді. Мысалы, киім , дәптер , қарлығаш деген сөздерге қарсы мәндес сөздердің табылуы мүмкін емес. Тіл-тілде көбінесе сапалық ұғымды білдіретін сөздер немесе сапалық белгісі бар сөздер өз ара бір-бірімен антонимдес болып келеді. Мысалы, әдетте, ащы деген сапалық белгіге тұщы деген сапалық белгі қарсы қойылып айтылады.

Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл-тілде синонимия, полисемия құбылысына қарағанда өрісі тар болады. Анығырақ айтқанда,синонимдес сөздер мен полисемантизмді сөздер сөздердің көптеген тобына тән құбылыс болуына байланысты, тіл-тілде жиі ұшырасатын болса, антонимдер көбінесе сөздердің белгілі бір тобына тән құбылыс болуына байланысты, синонимдер мен полисемантизмді сөздерге қарағанда, әлдеқайда сирек ұшырасады