Жазудың шығуы мен дамуы

  1. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді.

Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.

Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.

Әрбір сурет өздігінен бүтінднй хабарды білдіре алады . Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың… т.б. суреттері қолданған. Мысалы, “мен аң аулауға кеттім” дегенді білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған.

  1. Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің, магазиндео мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және т.б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.

Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмасы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялың таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін ) белгілейді.

  1. Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын.Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазууындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айқындалған.

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, “5” деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрлардың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі: орысша – пять, қазақша – бес, ағылшынша – fiue.

Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді,бірақ ол таңбаның цифр атының дыбысталуына ешбір қатысы болмайды. Осы ерекшелік – идеограммалдар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.

Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық, және т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестерімен айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді. Мысалы, О-“кислород”, -түбір, -“Атом ядросы”, һ-“Планк тұрақтысы”. Ғылым саласында жаңадан пайда болған ұғым, ең алдымен, сөз тіркесімен айтылады да, осыдан кейін барып ол арнаулы таңбамен белгіленеді.

Пиктографиялық жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық жазу сөйлеудің мазмұнынын білдірумен бірге, оның бөлшектері – сөздерді, сөздердің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.

Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады.

Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары, майя жазуы, лигатуралы дыбыстық дыбыстық корей жазуы жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез-келген буынды, атап айтқанда, буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А(дауысты)+С(дауысыз), С+А, С+А+С; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгілеген.

  1. Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы , кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді.

Буын жазуының үшінші түріне үнді, жазуының әр түрлі жүйелері ( кхарошти, брахми, жәнет.б.) енеді. Жазудың бұл жүйесінде негізгі таңбалар жеке –дара дауыстыларды (“а”) және дауысыз бен дауыстының (“ ка”) қосындысын белгілейді.

Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.

Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары,

Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.

Жапон буын жазуы мен дигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кун-мун).

Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты-дыбыстық жазу ІІ мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса, вокалданған-дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда болды.

Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды.Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы – ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы – сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.