Көсемсөз (публицистикалық) стилі

Сабақтың мақсаты: студенттерге көсем сөз стилі туралы түсінік беру.

“Стиль” терминінің мазмұны кең және оның жұмсалатын орны көп. “Стиль” әдебиеттану, бейнелу өнері, музыка т.б. ғылым салаларында қолданылады. Орта ғасырда Грция Римде стиль көзге сендіру, надыру тәсілі, стилистика, риторика (шешендік) өнері болып саналады. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу турал ығылым деп есептейді.

Кейін ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде кейбір елдерде стиль әр бір жанрға тән тілдік құрал деген ұғымда қолданылады. Бұл ұғым Рессейдже кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орта, төмен) осы жанрлық принципке негізделген.

Публицистика (латынша көпшілік, әлеумет) — қоғам өмірі үшін маңыздды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Көсемсөз стилі қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде көсемсөздің өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты көсемсөз стилі де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвисттер көсемсөз стилінің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памдлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді көсемсөз стилінің ауызша түріне жатқызып жүр.

Көсемсөз стилінің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен эканомикасына байланысты.

Мәдениеті ерте дамыған елдерде көсемсөз жанры ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Ресейде ХҮІІІ ғасырда ең бірінші рет газет жарық көрді, сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің “Петербургтан Москваға саяхаты сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.

Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі — ”Қозы Көрпеш – Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш 1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т.б. шығармалары Петербургте, Қазан ме Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыққа. 1913 жылы басылған азын – аулақ кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көріпті. (Ә.Бектемісов. Кереметтің кереметі, “Ленишіл жас”!.!!!. 1964)