Ғылыми стиль

Сабақтың мақсаты: студенттерге ғылыми стиль туралы түсінік беру.

Стилистика дегеннің өзі стиль туралы ғылым болып есептеледі. Стиль терминінің мазмұны кең және оның жұмсалатын орны да көп. Стиль латынша stilos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Кейіннен латын тілінде стиль сөзі (жазу мәнері) деген мағынада қолданылатын болған. Стиль – сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика – риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилитика мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген.

Ғылыми стиль – жазба стильдің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған еңбектер жатады. Ғылыми стильді зерттеу нысаны болатын – зат не құбылыс ғылыми негізде сипаттталып дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір тұтастығын дәлелдеу үшін мұныда логыка заңын яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсіодерді пайдалануда оның өзіндік ерекшелігі болады. Ғылыми стильдің лексткасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналалағы образдыдқ сөзде мұнда өте аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері боладыв. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, фразеология, лексика, семасиология, т.б. физикада анот, бапум, атом, салмақ, шама т.б. сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласына белгілі бір ғылымның саласына қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ылғи басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз – неологизмдер туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде неологизмдердің өмірімен ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласын өмірдже алатын орны практикалық мәніне байланысты. Мысалы, социализм, комунизм сөздерін алатын болсақ бір кезде Маркстық, Лениндік ғылыми теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса қазіргі жаллпы халықтық лексикаға айналып отыр. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік пайдаланылады. Бұл стильдің негізігі ерекшелігі – мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Сонымен біпрге әр бір ғылым саласына өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер болады.