Қазақ фразеологиясының стилистикасы

Сабақтың мақсаты: студентерге фразеологиялық стилистика туралы түсінік беру.

Тұрақты сөз тіркестері құрамы жағынан бірыңғай, біркелкі болып келмейді. Фразеологизмдер де жеке сөздер тәрізді адамдардың бір – бірімен жасайтын қатынасының түріне қарай жұмсалып, олардың қолдану аясы не кеңейіп, не тарылып отырады. Мұның себебі тұрақты сөз тіркестерінің белгілі бір қатынас түрінде (стильдік ыңғайда) көбірек қолданылып, сол стильге тән болуынан. өйткені тілдің өзі бірнеше стильдердің жиынтығы болып келеді де, ол стилдердің әрқайсысының өзіне тән тілдік тәсілдер болады. Фразеологизмдердің осылайща белгілі бір стильге телінуі оның экспрессивті қасиетін түрлендіріп отырады. Сонымен бірге фразеологизмдердің қолдану ерекшелігін де байқатады, оған фразеологиялық синонимдер жақсы мысал бола алады. Жоғарыда келтірілген тайға таңба басқандай, атқан таңдай, соқырға таяқ ұстатқандай сөз арамдарын алатын болсақ, олардың қолданылу аясы бірдей емес. Бұлардың алдыңғы екеуі (тайға таңба басқандай, атқан таңдай) көркем сөз бен публицистикаға бейім болса, соқырға таяқ ұстатқандай тек қарапайым сөйлеуде ғана қолданылады. Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді мен сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды сөз тіркестері де осындай екі түрлі (бірі – бейтарап, екіншісі сөйлеу тілінде) жұмсалады. Жалпы сөйлеу тілі фразеологиясының көпшілігі жағымды және жағымсыз элюцияны білдіруге негізделген.

Сондықтан, олардың бейнелегіштік қасиеті айрықша сезіледі: үріп ауызға салғандай, жүрек жұтқан, жұмысртқадн жүн қырыққан, қу бастан қуырдақтық ет алған т.б. Тұрақты сөз тіркестеріің ішінде сөйлеу тілі ыңғайында көбірек пайдаланылатындары идиомдар болып есептеледі. Ал, мақал – мәтелдердің қолданылу аясы идиомаларға қарғнда кеңірек, өйткені мақал – мәтелдер бейтарап қолдануға бейім келеді. Сонымен қатар фразеологизмдердің ішінде кітаби – жазба стильдерде жұмсалып танылғандары аз емес. Оларға жазба тіл негізінде қалыптасқан, кітаби сипаттағы сөз тіркестерін жатқызуға болады: Бостандық аралы – Куба, Үлкен Химия, қосымша құл, дала падишасы, үндестік заңы, сұрақ белгісі т.б.

Тіліміздегі әр алуан фразеологизмдерді бір шекті, бірыңғай қолдануға болмайды. Сондықтан фразеологизмдерді экспрессивті – стильдік бояуына қарай бөліп топтастыру ыңғайлы.