Стилистикалық норма

Сабақтың мақсаты: студенттерге стилистикалық норма туралы түсінік беру.

Тіл нормасы деп адамдардың бір – бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстырды айтамыз. Сөйлеу де, жазу да сөз қоллдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудың дәстүрлі үлгісі болады.

Сөйлеу білмес жаманның

Сөзі өтпес бір пышақ

Сөз білетін адамның

Әр сөзіне бір тұзақ

Осы мақалдың қай кезде , қай ғасырда қалыптасып нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұынын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолданылу туралы айтылады.

Тіл нормасы – тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып адамдардың санасында сақталып ұрпақтан – ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған байланысты, әр кезде тіл қолдану заңдылықтарын білдіретінұғымдарда өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін «дәстүр» деп қолдану орынды болса, қазір «тіл норамсы», «әдеби тіл», «әдеби норма», «стильдік норма» термидері қалыптасты.

Әдеби тіл ұғымын дұрыс түсніу үшін алдымен «әдеби» сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіләдеби норма деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екеніні аңғару қиын емес.

Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді. Мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әдебиет және көркем әдебиет (поэзия, проза, драмтургия т.б.) ал бұлардың барлығыда жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да әдеби тілде (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге сөйлеудің ауыззша ж»әне жабаша формалары бір – бірімен ара қатынаста болады.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті тпарихы даму үстінде бір – бірімен қарым – қатынаста болып, фольклор жазба әдебиетінің қалыптасуына ықпал жасайды. Оны әсіресе Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуынафольклорлық шығарманың реылистік тенденциясы әсер етті. (з. Кедрина. Своей дорогой, «Вопросы языкознания» 1958, №7).