Стилистикалық синонимдер

Сабақтың мақсаты: оқушыларға (студенттерге) синоним туралы түсінік беру.

Сөздер тілімізде түрліше қолданылатыны оның мағынасына байланысты. Сөздің қайталана беруі, сөйлемнің адамға, тыңдаушыға оң әсер етпейді. Қайталана берген сөз адамның қабылдауына кері әсер ететін ғылыми әдебиеттерде айтылып келеді.

Синоним дегеннің өзі бір мағыналы сөздер емес, мағыналары бір – біріне жуық сөздерді айтады. Егер дәл бір мағынаны білдіретін сөздер синоним болса, онда оның бәрін бірдей қолдана берудің қажеті болмас еді: сондықтан мағынасы жуық сөздер ғана синоним болады. синонимдердің тілде көп болуы тілдің байлығы болып табылады. Қай тілде синоним көп болса, сол тіл, бай тіл болып есептелетіні ешқандай дәлелді қажет етпейді. Тілімізде тек сөздер ғана емес, сөйлемдер де синоним болып келуі мүмкін. Бұл туралы профессор М. Серғалиевтың «Синтаксистік синонимдер» атты еңбегінде кеңірек айтылған.

Көркем әдебиет стилінде синоним белгілі бір ойды шолықтыра түсу, нақтылап, дәлді айту ыңғайында қолданылады.

Бұның ар жағындағы ішкі тайталас, тартыстың біреуін де Әзімбай айтқан жоқ. Абаймен араз, қырбай болса… Әр үйдің жас әйелі, ересек, естияр баласы болса, тіпті кішкене інішектердің, қарындастарын ертіп ап… қалың қарындас арасында жырлап көріскен шешен, ділмәр да аз емес. Дәмежан бұл орысқа Абай көрсеткен ықылас, бейілді өзінің жүйрік зейінімен жақсы аңдаған еді. Сол Сармолла айтып жүрген сөзді бұл өз тарапынан тарапынан да жұртқа жеткізу айтып жүрген сөзді бұл өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш – қарыз тәрізді Денесі де жуан, ісі де жуан қырыс, қыңыр, бір болыс – осы.

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында осылар тәрізді контексттік синонимдер жиі ұшырайды. Мысалы, дәлел – далбай, жайлыс — өріс, әлек – алқын, әмір – бұйрық т.б сияқты үстеме мағыналы синоним қосарлары неше алуан. Мұндай синонимдер публицистикалық стильде сондай-ақ сөйлеу тілі стиліннің өзінде де сирек ұшырасады. Бұлар негізінен көркем әдебиет стиліне тән. синонимдер сияқты дублет сөздер де осылай әр түрлі стильдік қызмет атқарады. Мысалы, мына тәрізді дублетті алып көрейік: қала – шахар, мырза – жомарт, қалық – қалайық т.б.