Стилистиканың негізгі бағыттары

Сабақтың мақсаты: Студенттерге стилистикалық бағыттар туралы түсінік беру.

Қазақ тілі стилистикасы ғылымның алдында оның мәселелерін қазіргі талаптарға сай зертеу міндеттері тұр. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында жазылған алғашқы оқулықтан басқа (М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М. Томанов, Б.Манасбаев қазақ тілінің стилистикасы.А., 1974ж.).Стилистиканы тұтас ғылым ретінде де не жекелеген мәселелерін тереңірек зерттеген еңбектер жоқтың қасы.

Есмтуімше академик М.Серғалиевтың стилистика туралы еңбегі жарық көрген, бірақ ол еңбек жұртшылықтың қолына толықжете қойған жоқ.

Стилистика өз ішінде мынандай бағыттарда, салаларда жұмыс жүргізеді:

1.Құрлымдық стилистика немесе тіл стилистикасы

  1. Қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы
  2. Көркем әдебиет стилитикасы

Құрлымдық стилистика тілдік құралдардың стилитикалық сапа– қасиеттерін нақты қолдану жағдайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стилистика керсінше тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы белгілі бір жанрда ауызша, жазбаша тұлғада, әр түрлі салада) қолданумен байланыстырып зерттейді.Ал көркем әдебиет стилистикасытілдік құралдардың көркем шығармадағы өмірін, яғни көркем шығармада өнер тудырушы құбылыс ретіндегі қызиметін зерттейді.

Қазақ тілі стилистикасы пәннің негізгі мазмұны «құрлымдық стилистика немесе тіл стилистикасы» мен «қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы» екеуі құрайды. Яғни қазақ тілі стилистикасының негізгі байлығын құрайтын тілдік құралдар олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары, қолданылатын орындары және қазақ тілінің функциональды стилдері болып табылады. Алайда көркем әдебиет тілі де стилистикалық нормаларды реттеуші маңызды сипаттарға ие екендігі жызылып та, айтылып та жүр. Сондықтан ол да стилистикада әрдайым зерттеу нысаны болады. Жоғарыда айтылғандардан стилистика қазіргі қазақ тілі курсының барлық салаларымен, қазақ әдеби тілінің тарихымен, тіл мәдениеті, көркем мәтінге лингвистикалық талдау пәндерімен тығыз байлаысты екенін көруге болады.