«Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұны»

Стилистика тіл білімінің бір саласы болып есептеледі. Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі – стиль. Оны осы күнге дейін әр кім әр түрлі түсінеді. Себебі «стиль» терминінің мазмұын кең. Оның қолданылатын орны көп. Стил термині әдебиеттану, бейнелеу өнері , музыка (ән-саз) т.б. ғылым салаларында да кеңінен жұмсалады.

Стилистика тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан тілдік (фактілердің) белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді. Тілдік құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана білудіңқоғамдық үлкен мәні бар.

Тілдік белгілерді сұрыптап, қолданылу заңдылықтары әдетте айтылатын ойдың мазмұнына байланысты. Ойлау жұмысының нәтижелерінтөл сөз арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткіщілетін ой мен оның мазмұының арасында тығыз байланыстылық болады. Егер ой түсініксіз болса, онда сөз де түсініксіз шығады. Баяндау түрінде жазылған материалдарда қарапайым және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердіқолдануға болмайды. Бірақстилистикалық бұл талап барлық уақытта ескеріле бермейді.

Стилистика тілдік тұлға – бірліктердің құрлысы мен мағыналарын ғана емес, белгелі бір қолданыс саласыныңмақсат мідеттеріне сай қызмет ету жағдайларын зерттейді.

«Қазақ тілі стилистикасы» пәнінің мазмұны «Құрлымдық стилистика немесе тіл стилистикасы» мен «Қолданымдық стилистика немесе сөз стилитситкасы» салалары құрайды яғни қазақ тілі стилистикасының негізгі байлығын құрайтын тілдік құралдар, олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары, қолданылатын орындары және қазақ ітлініңфункционалды стилдер екені айтылып жүр. Солай десек те көркем әдебиет тілі де стилистикалық нормаларды реттеуші маңызыды сипатқа ие, сондықтан ол да стилистикада әрдайым зерттеу нысаны болады. Жоғарыда айтылғандардан төмендегідей тұжырымға келуге болады: стилистика қазіргі қазақ тілі курсының барлық салаларымен, қазақ әдеби тілінің тарихымен тіл мәдениеті, көркем мәтінге лингвистикалық талдау пәндермен тығыз байланысты екенін байқауға болады. Тілімізде ежелден қалыптасқан бірсыпыра сөздердің кейбіреулері орынсыз, талғамсыз қолданылатыны да байқауға болады.