Көркем әдебиет стилистикасы

Сабақтың мақсаты: Студенттерге көркем әдебиет стилистикасы туралы түсінік беру.

Көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың көркемәдебиеттегі өмірін, яғни көркем шығармада өнер тудырушы құбылыс ретідегі қызметін зерттейді.

Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшіліктері бар. Көркем әдебиет тілінің әдеби тілдің функционалды стильдері жүйесіндегі орны айрықша және ол туралы көзқарастар да түрліше. Көркем әдебиет стилистикасының тіл стилистикасымен байланысып келетінлігі ғылыми еңбектерде айтылып келеді. Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезім образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.

Тіл адам баламсының іс — әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл –күйін, эмоциосын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана – сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізіде айтушының өз түсінігі бойынша өз ойын тіл құралы арқылы жеткізе білуіне болса, көркем шығармалар жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне көзқарасына сол өмір фактісін жинақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнірімен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрынан машықталған үйреншікті қалыпта жұмсалады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі бір стилдік мақсатта қолданылады.Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір факітілерін жан — жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғатта бәрі де қатысады. Тұрмыс – салт, шаруашылық, экономика салаларының қалпы, даму жолдары, көрсетіледі.

Көркем шығармада көптеген кейіпкерлерболады. Оған жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топтанады. Олардың әр қайсының өз алдына жеке дара сырт пішіні — портреті – жасалып, іс — әрекеттері, ой — өрісі, өміртануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Көркем шығармадағы адамдар табиғат қоршауында өмір сүреді. Мұның бәрі шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды рол атқарады. Шығарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарының картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді.