Тілдік құралдардың өзгерістері

Сабақ мақсаты: студенттерге тілдік құралдар туралы түсінік беру. Стилистика жалпы залықтық тілдік ауызша және жазбаша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) қалай қолдану қажет екендігін көрсетеді.

Стилистика тілдің қоолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолдану нормасын көздейді. Тілдік құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана білудің үлкен мәнң бар. Сөз қолдануда қалыптасқан сөздерді қайталап қолдана беру де оқушы мен тыцңдаушыны мезі етеді.

Бір сөзді, егер, ол қалыптасқан дағдылы сөз болса да, қайталай беру сөйлеген сөзді және жазба тілді бір сырыңды, бір әуезді жасап, тілдің экспрессивтік – эмоциональдық бояуы мен оның мәнерлегіштік қасиетін әлсіретеді. Тілді қолданудағы кемшіліктер тек осы айтылғандармен ғана шектеліп қалмайды. Мұндай құбылыс синонимдерді, көп мағыналы сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін және грамматикалық тұлғаларда пайдалануда да кездеседі. Бұл сияқты сөйлемдерді болдырмау үшін сөз қолдану заңдылықтарын жақсы білу қажет.

Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қолдануды үйретеді, әдеби тілдің стильдік сапасын, мәнерлегіштік қасиетін арттыру жолын көрсетеді. Стилитика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формаларын, оның әр түрлі стильдерін зерттеп, олардың бір – бірінен айырмашылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін қарастырады. Стилистимка тілдік құралдардың стильдік білгілерін анықтап, оған сипаттама береді.

Стилистикада қолданылатын тілдік құралдар тілдің дамуымен байланысты өзгерістерге де ұшырап отырады. Сөйлеуде (речь) сөз бен сөйлем құрылысының дұрыс және айқындығының үстіне, дыбыс үйлесімділігі (благозвучие) болуы да шарт. Дыбыс үйлесімділігі, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жинақталуынан сақтандыра, екіншіден, сөйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондықтан дыбыс үйлесімділігі оқуға және тыңдаушының қабылдауына үлкен жеңілдік тудырады.

Бұл – фонетикалық тәсілдердің практикалық мәні.

әртүрлі стильдік сапа, мәнерлегіштік сипат тілдік еденицалардың барлығында да болады. сондықтан стилистиканың нысаны (объектісі) – лексикология, семасиология, грамматика және фонетика зерттейтін бірліктер (еденицалар) болып саналады. Бірақ тіл білімінің бұл сапалары тілдік бірлектердің стильдік сапасын қарастырмайды.