Қазақ тілінің стилистикасының негізгі құралдары

Лексика, лексикология және стилистика бір – бірімен тығыз байланысты құбылыстар болып есептеледі. Лексика деп, әдетте, тілдегі барлық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым, яғни тіл білімініңм сөз мағынасын, оның шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік – эмоциональдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөздік қоры лексикология тұрғысынан мынандай бірнеше негізгі садлаға бөлінеді. Байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб – парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен енген, орыс тілінен және орыс тілі арқылы шетелдер тілінен енген терминдер мен түрлі жаңа сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша, топтауға тура келеді. Өйткені осы айтылған әр алуан тіл қабаттарының қай – қайсысы да стилистикамен байланысты болып келеді. Рас, сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл,, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі – түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді — өзіне лайық стильдік қызметі бар. мына үзінділерге назар аударып көрейік:

Білігі артық қарашаш (Батырлар жыры), заявление – арыз, Тексеру бізге парыз. Сөйлеп қор тілмен жақ, сөзіңнің бәрі хақ. Атаңның адал батасын, анаңның ақ сүтін ерлікпен ақтау саған парыз. Бізге бригадиріміз Кудрявкев сияқты білікті құрылысшы болу әлі ертерек. Қазақ халқының, оның ескі тайпаларының тарихи шытырман кезеңді өткермеген де хақ, талай жазу – сызу жаралғыларына бірде тікелей, бірде жанамлай жанаспағаны да хақ. Жерлі тыңғылықты өңдеп, баптау ең алдымен тракторшының парызы. Берілген үзінділердегі білік // білікті , парыз, хақ, ұлан лексикамызда бар, белгілі сөздер.

Бірақ олар тіліміздегі әр түрлі стильдерде қолданылуы жағынан бірдей емес. Оны жо,арыда келтірілген мысалдардың өзінен –ақ оңай байқаймыз. Ілгерідегі мысалдарды өзара салыстыру арқылы да осыны аңғарамыз. Бұл арада әр түрлі стильде қолданылған бір сөзге әдейі тоқталып отырмыз. өйткені ондай жеке сөздің стиль түрлерінің кез келгеніне жарасып, қонымдылық табуы мүмкін. Дегенмен, қай тілде де, қандай бір сөз болмасын, ол өзінің табиғаты, жалпы қолданылу ерекшелігі жөнінен, көбінесе белгілі бір ғана стильге мен стилистиканың бір – бірімен байланысты, олардың әдетте өзара тығыз қарым – қатынаста болатыны осыдан.

Парыз сөзін тракторшы дегенмен қосақтау яғи тракторшының парыщзы деу қай жағынан да келісіп тұрған жоқ. Бұдан гөрі тракторшының міндеті түрінде қолданылғаны әлдеқайда орынды. Дұрысының өзі де сол. Себебі парыз сөзі көбінесе көркем әдебиет стиліне тән құбылыс.