Стилистиканың қалыптасуы, даму тарихы

Сабақтың мақсаты: Студенттерге стилистиканың дамуы туралы түсінік беру.

Стилитиканың тіл ғылымының басқа салаларындай өзіне ғана тән тұлға – бірліктері (единицалары) жоқ: ол фонетиканың нысаны — дыбыстарды, лексикологияның нысаны – сөздерді, морфологияның нысаны — морфомдерді, синткасистің ныасны – сөз тіркестері мен сөйлемдерді, солардың бәрінің жиынтығын зерттейді. Бірақ, стилистика ітлдік тұлға — бірлыктердің жоғарыдағыдай ғылым салаларындай, құрлысы мен мағыналарын ғана емес белгілі бір қолданыс саласының мақсат – міндентеріне сай қызмет ету жағдайларын зерттейді. Тілідк қатысымның әр түрлі саласында қызмет еткенде тілдік құралдр қалай өзгереді, қандай мағыналық, эмоционалдық реңк үстейді, адамға қалай әсер етеді, соларды бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады. Мысалы, лексикология тілдегі синонимдік қатарларды тіркеп, көрсетумен шектелсе, стилистика әр синонимдік қатардың қандай қолданыста, қандай мағыналық, эмоциональдық реңк үстейтінін, қайсысы қандай сөйленіс кезінде қолданылатынын ашып көрсетеді.

Стилистиканың тарихы әріден басталғанымен қазақ тіл білімінде стилисткиа мәселерін зертеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғарғы оқу орындарында өз алдына жек пән ретінде оқытылатын болды. Қызық тілі стилистикасының мәселелері арнайы зерттеу нысаны бола алмай келеді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары оқу құралдаырнда және көркем шығарма тілі жайында жазылғын мақалаларда тіліміздің кейбір стильдік құбылстары жайында жазылған азын – аулақ пікірлерді кездестіруге болады.

Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зертелуі көптен бері қолға алынып бұл салада біраз еңбектер де жарияланды. Солардың ішінен А.Пешковский, Л.В. Щерба, В.В. Винаградов, Г. В Винокур, А.Н. Гвоздев, А.И. Ефимов, В.П. Мурат, сияқтызертеушілердің еңбектерін атауға болады. Стилистканың бірқатар проблемалық мәселелері 1954 жылы «Вопросы языкознания» журналыны ұйымдастыған дискуссия материалдарында да қамтылған.

Журналда көтерілген негізгі мәселелер: стилистиканың мақсаты мен міндеті, тілдік құбылыстардың стилитикаға қатысы, функциональды стилдер, тіл білімінде стилистиканың алатын орны. Т.б. Ондағы сөз болған мәселелерді қорыту ретінде академик В.В.Винаградовтың мақаласы жарияланды. Стилистикадағы негізігі ұғымдардың бірі – стиль. Оны осы күнге дейін әр кім әр түрлі түсінеді. Себебі: «стиль» терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орын көп. Стиль латынша жазу құралы деген сөз.