“Қазақ тілінің стилистиксы” пәнінің мақсаты мен міндеті

Қазақ тілінің стилистикасы пәннің мамандар дайындауда алатын орны мен маңызы зор.

Аталған курсты оқытудағы мақсат студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ стильдік тармақтары туралы мағлумат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуыена қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйрету.

Курстың міндеті:

  • студенттерге сөйлеудің әр түрлі стильдерін, қазақ тілінің синонимдік барлық байлығынғ әр алуан құралдарын іс жүзінде қолдана алу дағдыларын дамытып жетілдіру;
  • болашақ тілші мұнғалімдерді оқушылардың стилистикалық дағдыларын қалыптьастыруға баулып дайындау;
  • студенттердің тілдік талғамын, сөйлеу мәдениетін арттыру;

Студенттер бұл пәнді оқып үйрену барысында стилистикалық құралдапрын және әдеби тілдің функцияоналды стильдік тарматарын жан – жақты, терең игеруі керек. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контексттің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы мағлуматтар алуы тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилитикалық қателерді тауып, оларм ен жұмыс істеу жолдарын меңгереді.

Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, дәрісханада және одан тыс жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде студенттер өздерінде стилистикалық түйсіктім қалыптастыра алады. өздерінің алдына қойған мақсаттарына сәйкес тілді дұрыс, ұтымды, әсерлі шешендікпен қолданудың әдіс – тәсілдерін үйренеді. Стилистикалық тіл білімінің бір саласы болып есептеледі. Стилистиканың тарихи әріден басталса да, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге енді ғана көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғары оқу орындарында өз алдына жеке пән ретінде оқылатын болды. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, біраз жұмыстар істелді. А.Пешковский, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, Г.В.Винокур, А.Н.Поздев, А.ИЕфимов, В.П.Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін айтуға болады. Стилистика стиль туралы ғылым деп есептелсе, стилистиканың негізгі ұғымдарның бірі – стиль. Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп.

Стиль – латынша stilos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Стиль термині әдебиеттану, бейнелеу өнері, музықа тағы басқа ғылым салаларында да қолданылады. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі “Жазу мәнері” деген мағынада жұмсалатын болған. Оның осы мағынасы Европа ғалымдарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде стиль – сөзге сендіру, жаздыру тәсілі, стилистика – риторика (шешендік) өнері болып саналған Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерге стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал денгениұғымда қолданылады. Бұл ұғым Ресейге де кең тараған болатын. Мысалы, “Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық қағидаға, принципке” негізделген.

Сонымен, лингвистикада “стиль” жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған.