Егіншілікке байланысты сөздер

Қазақ халқы ерте кезден-ақ егіншілікпен айналысқан. Соған байланысты тілімізде бірсыпыра сөздер қалыптасқан. Жер суландыруға байланысты сөздер де тілімізден едәуір орын алады:

  • ауыздама – суды ашып, жауып тұратын қысқалау келген арық.
  • тоған – кеңдігі 2-3 метрдей үлкен арық (Шу).

Талдықорған маңынан жиналған материалдарда жадау сөзі айтылады. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында жер сөзі қолданылады. Өзбек тілінде туғон-платина, бөгет мағынасында. Өстен-канал, үлкен тоған. Бұл сөзді Қызылорда маңында жарма, шәуілдір ауданында қазына-арық деп атайды. Алыс тоғаннан көрі кішірек арықтың түрі. Бұны Шәуілдір маңында орта арық, Қырғыстан жеріндегі қазақтардың тілінде алыш дейді. Өзбек тілінде алиш дейді. М. Қашқаридің сөздігінде аліш-судың бөгетке құятын жері, сағасы.

Қолтық – кішкене арықшалар (Шу өңірі). Бұл Аралда қарық, Шәуілдір бәдірің арық болып айтылады.

Атыз – 1) су тегіс ішу үшін бөліп-бөліп қойған бөлшегі.

2) болар-болмас етіп жүргізген арықша. Алматы, Шелек аудандарында атыз – егістік жердің кішкене бөлшегі.

Мәркір – қызылша, темекі т.б. отырғызу үшін жасаған арықша. (Шу, Алматы), Шелек аудандарында шөнек, Шәуілдір ауданында қылға арық, қауын арық, Қызылорда облысында қарық сөзі қолданылады. Қитақ – атыздың іші, бір бөлегі. Қитақтың бір жағы су ішіпті (Шу), Қостанай облысы Торғай ауданында мұны көсе дейді. Оп-орылған бидай, тары т.б. көлікпен бастыру үшін қырман ортасына орнатқан ағаш. Көне жазу ескерткіштерінің кейбірінде оп сөзі осы мағынада қолданылады. Оқулықта оп айдау – егін бастыру делінген. Сүдігер – зяб (күзде жер жырту). Сүдігерді айдап жатыр, жуық арада бітеді (Шу). Өзбектер шудгор, қарақалпақтар судигәр дейді. Тәлімі бидай-шөп бидай, шөл жерге айдаған бидай. (Шу). Қодыра бидай – жабайы бидай. Бақал бидай: 1. сабан. Малға бақал бидай сала салғы. 2. Орылған жүгерінің т.б. сабағы.