Қазақ тіліндегі фрикатив (ызың) фонемалар

Ызың (фрикатив) фонемалар: в, г, ж, з, с, ф, х, ш, щ, һ, ж фонемалары тіл алды таңдайға жуықтау арқылы пайда болады. Сондықтан бұл екеуі де – ызың (фрикатив) фонемалар болып есептеледі. Аталған екі фонема екі фокусты деп те аталады. Ойткені алғы таңдайға тілдің бір жері емес, екі жері де бірдей жуықтайды: ш— қатаң, ж— ұяң. Бұл екеуі де сөздің қай шетінде болса да қолданыла береді. Байырғы сөздердің соңында тым сирек кездесетіні – ж. Бір сыпыра түркі тілдерінен қазақ тілінің басты ерекшеліктерінің бірі де осы фонемаларға байланысты болып келеді. Көптеген түркі тілдерінде ұ, и-дан басталатын сөздер қазақ тілінде ж-дан басталады: яман, яқшы, ярық, янында, яқын, юз, юмшақ қазақ тілінде: жаман, жақсы, жарық, жанында, жақын, жүз, жұмсақ болып айтылады. Бірсыпыра түркі тілдерінде ш-ға аяқталатын едәуір сөздер қазақ тілінде с-ға аяқталады. Өзге тілдердей таш, баш, қаш, қашқа, тұташу, түш, түшәк дегендер қазақшада тас, бас, қас, қасқа, тұтасу,түс, төсек болып айтылады. Бұл екі фонеманың әрқайсысы (ш, ж) әрі екі фокусті болу әрі сыбыр түрде естілу салдарына бұлармен көршілес кейбір сонғы дауыстылар (а, ә, и) айқын жуан немесе айқын жіңішке естілмей, көмескі естіледі: шай, жай, жинағ шимай. Алғашқы екі сөздегі а айқын естілмей, ә-мен ұласып жатады. Кейінгі екі сөздегі и айқын жіңішке түрде естілмей, көмескіленіп тұрады. Осы күнгі жазба әдеби тілімізде ж-ға бітетін сөздердің саны анағұрлым көбейе түсті; бұрыннан бар шыж (ете қалды), быж – тыж, мұқтаж тәрізді бірсыпыра сөздермен барабар этаж, пилотаж, экипаж тәрізді сөздер пайда болды. Бұл фонемадан басталатын сөздердің қатары көбейді (жанр, журнал, жюри, жирген). ш фонемасы туралы да осыларды айтуға болады.

с, з тіл ұшы астынғы күрек тіске жуықтаудан пайда болады. Сондықтан бұлар ызың фонемалар қатарына жатады. Бұл екеуі де бір фокусты, с— қатаң, з-ұяң. И.А.Батманов өзінің “Фонетика” кітабында қазақ тіліндегі с-ны интерденталь фонема деп біледі. Біздіңше, қазақ тілі фактісі бұл пікірді мақұлдай алмайды; с-фонемасын екі тістің аралығынан шығаратын қазақтарды байқамадық. Сондықтан қырғыз тілінде кей уақытта кездесетін интерденталь с қазақ тілінің әсерінен пайда болды деген пікірге қосыла алмаймыз. Қазақ тілінде бұл екеуі деғ сөздің барлық позициясында қолданыла береді; тілімізде с, з фонемалардың айтылуы жағынан комбинаторлық варианты жоқ. Қырғыз тілінде кейде қызыл, қыз тәрізді сөздер қысыл, қыс түрінде айтылады. Фонетика мамандары алтай тілінде с фонемасының үнемі ұяңдап өзгеретінін (мысалығ сөс – сөзім) айтады.

Мұндай қасиет қазақ тілінде кездеспейді. Жеке кісілердің ауызекі тілінде кейде барамыз ба, келеміз бе сияқтыларды бармыс па, келеміс пе түрде айтуын халықтың норма деуге болмайды. з-дан басталатын сөздердің дені орыс тілі және басқа кейбір шығыс тілдерінен енген сөздер.