Қазақ тіліндегі шұғыл фонемалар

Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар (қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар (взрывные) және ызың дауыссыздар (щелинные) болып жіктеледі.

Шұғыл дауссыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады. Шұғыл дауссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксклюзив (француз тілінде “жарылушы” деген сөз) дауссыздар деп те аталады. П, б, т, д, к, ғ, қ – шұғыл дауссыздардың айтылу ерекшелігін т дыбысынаң артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады. Бұл дыбысты (т) айтқанда, тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кетеді де, ауа шұғыл шығады. Б, п фонемалары екі еріннің бір-біріне нық тиіп, содан соң бірден ашылып кетуінен пайда болады, екінші сөзбен айтқанда, олар әрі имплозиялық (“жабысыңқы” м, н, ң, бұлар шұғыл дауссыздардың үшінші бір түрі болып саналады), әрі эксплозиялық артикуляция арқылы жасалады. Бұл екеуінің ішінара айырмасы – бірі (б) – ұяң, бірі (п) – қатаң; п сөздің басында дағ ортасында да, аяғында да ұшырап отырады, ал б аяғында кездеспейді: бала, табу, қабан, пұл, апа, сабан, тап, кетпен т.б. Көне түркі тілінде (бұлғар тобындағы тілдерде, осы күнгі чуваш тілінде) үнсіз дауссыздардың әрқайсысы жуанды – жіңішкей келіп, фонематикалық мән тудыра алады. Бұл тәрізді, өзгешелік өзге түркі тілдерінде байқалмайды. Аталған ерекшелік қазақ тілінде де жоқ, демек б, п фонемалары даустылардың жүанымен қосылып, жуандап, жіңішкеймен қосылып, жіүішке түрде естілуінің сөз мағынасына тигізер әсері жоқ, мұндай жағдайда мағынаға дауысты фонема ғана дифференцация жасай алады (бал, бел, бол, бөл, бас, бес, доп, дөп, тап, теп).

Cөз басындағы б кей түркі тілдерінде, мысалы, хакас тобындағы тілдерде (шор тілінде) п түрінде де айтіліп отырады: палық, пер, пос (балық, бер, боз) (Н.П.Дыренкова. Грамматика шорского языка, 1991, 19 бет). Оғуз – түрікпен, оғуз – селжук тобындағы тілдерде (түрікпен, азербайжан т.б.) б кейде спиранттық вариантқа айналып отырады. Бер, бермен сияқты сһздер вер, вермедір түрінде де айтыла береді (Н.А.Баскаков. К вопросу классификации тюркских языков, “Известия АН СССР”, 1962, ХІ).

Қазақ тілінің б фонемасы кейбір түркі тілдерінде м-ға да айналып (ауысып) отырады. Мысалы: шор тілінде қоме, наңмур, мөру немесе пөру, морсұқ (Н.П.Дыренкова. Аталған еңбек, 21-бет, 1941) немесе порсұқ – қазақ тілінде: қобыз, жаңбыр, бөрі, борсық.

Қазақ тілінде сөз басында, көбінесе б ұшырап отырады (п бұл позицияда өтесирек кездеседі). Сөз аяғында жазылуда б келсе де, айтылуда п-ға айналады. Жазылуда клуб, штаб болғанмен, сонғы б дыбысы п түрінде айтылады: п сөз басында, көбіне, шеттен келген сөздерде кездеседі: қоза-пая, пәлек, пияз (тәжік), пайда, пән, парасат (араб), пай, почта, пакет, председатель (орыс). Қазақтың ауызекі тілінде бұл екеуі кейбір түбір сөздерде қатар жарысып отырады: бәле – пәле, бал – пал, пұт – бұт (16 кг), пісік – бісік, тапа – таба, әдеби норма: пұт, пісік, таба т.б. Сөз соңында әрдайым п есітіледі, бірақ дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, п ұяңдап б-ға айналады: қапыңыз – қабыңыз, жіпіңіз – жібіңіз, көпіміз – көбіміз т.б. Егер п-ға біткен етістік сөзді көсемшеңіз – ып (п) тұлғасына айналдырсақ, түбіндегі п үнемі у-ға айналып кетеді: тапып – тауып, тепіп – теуіп, жапып – жауып, қапып — қауып.Екі дауыстының ортасындағы (интервокаль позициядағы) б кейде тік пен ерік қатысы арқылы да айтылады.