Этимология және әдет-ғұрып

Этимология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тілдің тарихын, оның тарихи фонетикасы мен тарихи грамматикасының заңдарын, зерттелетін тілдің басқа туысты тілдермен ара қатысын, семасология мәселелерін жақсы білуді, салыстырмалы – тарихи әдісті жете меңгеруді талап етеді. Сөздердің шығу төркінін айқындау үшін, ғылыми этимологияда генеологиялық, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, этимологиялық деп аталатын қағидалар (принциптер) қолданылады. Сөздің этимологиясын зерттеу ісі халықтың әдет-ғұрпын, тарихын, дәстүрін түсінуге, білуге де көмектеседі.

  1. Оқ деген сөз ертеректе жайдың, садақтың оғыдеген тіркеспен қатар, жерді қауым мүшелеріне бөлу үшін пайдаланатын құрал ретінде қолданылған (М.Қашқари. Түркі тілдер сөздігі, Стамбул,1915,69 бет) әр адам бөлінетін жерге келіп , кезекпен оқталды, әркімнің оғының түскен жері өзіне үлес болып берілді. Мұнда , әрине, садақ тартқыш адам оғын алысқа түсіріп, жерде көбірек алды да , ата алмайтындар жерге аз алды.

Бұл әдәс қауым мүшесін жай тартуға , соғыс өнерін үйренуге жұмылдырған . Өйткені сол заманда адамдар жауынгер , садақ тартқыш болса , олар жаумен араплыста жеңіп шығады, сондықтан әр адам садақтарын үйренуге құштар болған .Алып-түйге (Афрасиаб, Оғыз-хан) Иран –шаһарды басып алғанда қала халқы : -Біз саған бағынайық , бір атым жер бер. Садақтың оғы түскен жер Иран мен Турынның шекарасы болсын ,- депті. Ал кәне ат! – дегенде Иранның Арыш батыр, — мен атам, жарылып өлем, жер сендердікі, қызығын ел көрсін –деп атыпты да жарылып өліпті .Оқ Хорасан мен Хорезмнің аралығына түсіпті (Қабуснама, Ғаруза). Осыдан келіп бір атым жер, атым деген атау жасалады. Бертін келе жер бөлістің түрі, әдісі өзгерген кезде жаңағы атау қолданудан қалып, оның орнына басқа өлшеуіш пайда болады да, бұрынғы атау ұмытыла бастайды. Сөйтіп, ондай сөздер тұрақты сөз тіркесінде ғана сақталып, не болмаса басқа мағынаға ауысып кетеді.

  1. Сондықтан бір адым жер деген тіркес – көне тілдің бір көрінісі. Оның бұрынғы мағынасы өзгеріп, соның салдарынан дыбыстық деформацияға ұшырап, атым дегендегі т д-ға ауысып, халықтың ұғымындағы бұрынғы ату деген етістіктің орнына адымдау деген етістік туады.

Тіліміздегі жыл келді, жыл тиді деген тіркестер есте жоқ ескі заманнан бірі қарай келе жатқан және екені анық. Мұны біз Абулғазы Баһадур ханның “Шежірен түркме” деген еңбегінен кездестіреміз. Мысалы: йыл келіп яз болды (Абулғазы Баһадур хан, “шежірен түркме”, Л., 1958, 22-бет.)

  1. Қазіргі қазақ тілінде де күн жылынып, қар еріп, жерден бу шықса, , жыл шықты, жыл келді дейтінін еске алсақ, жыл дегенді бірдемеге теңеп, онда жыл үйектен мерзімді кезеңінде келеді деген ұғым бар екенін аңғаруға болады. Жылдың аттарының аталуы да қызық. Ол туралы көптеген аңыз-әңгімелер кездеседі. Түркі аңыздарының бірі дейді Махмуд Қашқари, атақты бір соғыстың болған жылын нақты есептеп шығара алмаған соң, ғұламаларын жинап, бізге жыл санау жүйесі керек. Біз ата-бабаларымыздың бірі дейді Махмуд Қашқари, атақты бір соғыстың болған жылын нақты есептеп шығара алмаған соң, ғұламаларын жинап, бізге жыл санау жүйесі керек. Біз ата-бабаларымыздың туған, өлген жылдарын, атақты уақиғалардың болған жырларын айыра алмай отырмыз. Кекйінгі ұрпақ та біздің қашан өмір сүргенімізді біле алмайды. Сондықтан жыл жүйесін жасап, әр жылға ат қоюымыз керек дейді. Олар ақылдаса келе, бір жылда 12 ай бар деп алады (оның саны аспан әлеміндегі 12 планетадан алынған), одан соң он екі жылды бір мүшел деп алуға пәуаласады. Сөйледі де, оның аттарын айуанат аттарымен белгілейді. Этимологиялық зерттеудің тағы бір керектігі – тіл фактісінде (дәйегінде) сақталған халық өміріндегі кейбір елеулі оқиға, құбылыстардың да сырын ашып беруге себепкер болады. Қазіргі қазақ тілінде ит шана, ит арба деген атаулар бар. Сонымен қатар қол шана, қол арба деп те айтылады. Мұның кейінгісін қолмен тартып, сүйрейтін болғасын солай атау орынды. Ол сөздердің алғашқылары итпен байланысты. Бұған қарағанда қазақ халқының көне замандардағы ата-бабалары итті жеккен болуы керек. Өйткені итті арбаға не шанаға жекпесе, ит арба, ит шана деген сөздер тумас еді. Бұл сөздерді басқа тілден де ауысқан деп қарауға болмайды. Себебі, бұл атаулардың қазақ халық тарихына тікелей қатысы бар екенін мына дәйектерден (фактілерден) көреміз. Мысалы, ит өлкесі – қиян, ит арқасы – қиян, ит өлген жер деп, алыс жерді айтуымыз да кездейсоқ нәрсе емес.