Синонимдік қатардың стильдік ерекшеліктері

Синонимдердің бұл ерекшеліктері әр түрлі жолмен беріледі. Олар әдеби, сөйлеу тілдерінің ерекшеліктерімен де, лексиканың әр алуан түрлеріменде берілуі мүмкін. Алайда топтаған синоним сөздерді анықтайтын ол синонимдердің нақтылы тіркесуі мен олардың стилистикада практикалық қолданылуы болып есептеледі. Мысалы, ақ, боз, шаңқан деген сөздер, негізінде, бір – біріне синоним, бірақ оларды практикада қолданғанда сөз мағыналары стильдік жағыныан түрленеді: ақ үй, боз үй, шаңқан үй. Ал анықтауыш сөзді ауыстырса — ақ болғаны анықтауыш сөз синоним бола алмай қалады. Мысалы, боз ат деп айтуға болса да, ақ ат, шаңқан ат деуге болмайды.

  1. Бұл сияқты синонимдерді қолдану, біріншіден халықтың сөйлеу практикасында қалыптасып, белгілі бір заңдылық пайда болған. Екіншіден, айқын, ашық сияқты синонимдердің мағынасы бірдей емес. Бұл синонимдер дерексіз ұғымдар жөнінде айтылғанда, бірінің орнына біері қолданыла береді, ал заттық, құбылыстық ұғымдармен байланыса келгенде, бірі шеттеп шығып қалып отырады. Айталық, бүгін күн ашық, бүгін күн ашық, ол ашық айтты, ол айқын айтты. Мұнда ашық, айқын, айық деген сөздер синоним болып тұр. Ал есік ашық, шкаф ашық дегендерде ашық сөзін айқын сөзімен ауыстыруға болмайды.

Бұл – сөз анықтауышы күйде тұрғанда, ешқандай мағыналық реңктерді керек етті, ойды тура, дәл білдіретіндіктен барып туады.

Үшіншіден кейде қай синонимдер болсын қолданылуында сөздердің сөздік мағынасы ерекше роль атқарады, өйткені бір сөздің көп жағдайда түрлі түрлі мағынаға ие болатыны бізге бұрыннан мәлім. Бұл синонимдер тобына кіргенде, оның бұл жағдайда қай мағынада қолданылып отырғанын білу керек. Мысалы, шет, жиек, жаға (өзеннің) сөздері бір – біріне синонимдер. Көлдің жағасы, теңіздің шеті, көлдің жиегі т.б. үнемі біріне бірі синоним болып келе бермейді. Өйткені олар нақты стильдік қажеттілік туғанда, белгілі топтағы ұғымды білдіру үшін ғана қолданылады. Мәселен, Алматының жиегі демейміз, өйткені қазақ тіліндегі жиек сөзі жалпы заттардың емес, нақты зат жазық болса ғана ортадан шетке қарай айтылғанда қолданылады.

  1. Арнасы бар заттарға жиек сөзі қолданылады. Ол көл, өзен, теңіз сияқты атаулармен тіркесе алады. Бұлар, әрине, біріншіден, тарихи дәстүрмен тығыз байланысты екенін аңғартса, екіншіден, қолдану мүмкіншілігінің шекті екенін көрсетеді. Бұл шектілік стильмен тікелей байланысты. өйткені синонимдік қатар дегендер нақты (конкрет) қолданылу мүмкіншілігіне қарай, тарамдалып, бір қарағайдың діңінен өскен бұтақ сияқты тарақтала береді.
    Синонимдердің ғылымның әр түрлі салаларында, техникада, ал әсірелеп, бейнелеп қолданылуы әдебиет пен өнерде болады. Көркем әдебиетіне, әсіресе поэзияда, синонимиканың маңызы зор, сондықтан мұнда көркем әдебиетінің түрлі жанрын білдіретін әр текті сөздер кездеседі. Егер іс қағаздарында, көбінесе, құрғақ стандарттық стиль қолданылатын болса, көркем әдебиетке көтеріңкі, эмоциялық мәні бар стиль тән. Мысалы, тоты құс түсті көбелек деп қана айтпай, оны бейнелеп, әсірелеп айтып тұр. Кейде жайшылықта айтуға мүмкін емессөз тіркестері поэзияда құлпырып кетеді. Асау жүрек аяғын шамыс басқан деген тіркес дағдылы қазақ тілінде қолданылмайды, ал поэзияда жиі кездеседі.