Мағына және сөз

Тіл –тілде әр түрлі мағынада қолданылатын сөздер молынан кездеседі. Сөздің әр түрлі мағынаға ие болуы сөз мағынасының өзгеруі, ауыспалы мағынада қолданылуы нәтижесінде іске асады. Сөз болған жерде мағына болуы- табиғи нәрсе. Біз қандай сөзге болсын мағына беріп, белгілі мағынада айтамыз. Тіл білімінде сөз мағынамен тығыз байланысты екені айтылады. Сондықтан сөз-мағынаның тірегі. Сөзсіз мағына жоқ. Бірақ бұған қарап, сөз бен мағына екеуі бір нәрсе деп қарауға болмайды. Өйткені тілде кейбір сөздер мағынасын жоғалтқан, сонда да олар мағынасыз сөз болып өмір сүре береді. Шылауларды қарастырып көрейік. Дейін, шейін дегендер – сөз. Бірақ нақты мағыналары осы күнде жоғалып шылау болып қалған. Күн сайын келем, сол үшін келдім, соған бола келдім, келген сол ой, суға қарай беттеді, тауға таман беттеді. Келтірілген мысалдарды сайын, үшін, таман, бола, ғой, қарай дегендер – сөздер. Бұл сөздердің жеке тұрғанда еешқандай мағынасы жоқ. Ол сөздердің дыбысталуы, сыртқы дыбыстық тұлғасы ғана сақталған, ішкі мағына ажыраған.

  1. Бұндай сөздерді бұрынғы жеке сөздік дәрежесіне бір басқыш төмендеп, өзгеруге бет алған, өткінші кезеңде тұрған сөздер деп санаймыз. Олар енді бір басқыш өзгерсе, жеке сөзден гөрі грамматикалық элемент болып келеді. Құлап қала жаздадым деген сөйлемде үш сөз бар. Мұнда сөз дегенді сыртқы дыбысталу заңдылығынан мән бергендіктен ғана айтамыз. Әйтпесе, алғашқы екеуі толықсыз болса да, соңғы жаздады дегенді шартты түрде ғана сөз дей аламыз. Өйткені ол жеке тұрып мағына береді деу қиын. Оны тек қоя жаздады, қала жаздады, т.б. сияқты тіркес түрінде ғана қолданамыз.

Бірақ сөздің сыртқы дыбысталуының сақталып, ішкі мағынасының өзгеруі. Осының керісінше сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретіні де жай болды. Мысалы, лақ деген сөздің бастапқы түрі оғуллақ болған. Ол бірте-бірте мына сияқты өзгеріске түскен: оғұл-лақ, оғы-лақ, оғ-лақ, о-лақ, ұлақ-ылақ-лақ. Осылайша түбір жоғалғанда, бұрынғы түбірдегі мағына жұрнаққа ауысып, жұрнақ сақталып қалған. Сөз мен мағынаның ара қатынасын былай белгілеуге болады:

+

— сөздің мағынасы да, дыбысталуы да толық сақталған түрі,

— мағынасы сақталған да, сыртқы дыбысталуы өзгеріске ұшыраған,

-дыбысталуы сақталған да, жеке мағынасы жойылған. Сөз бен мағынаның өзара

айырмашылықтары бар. Екінші сөзбен айтқанда, сөз бен мағына бір емес. Сондықтан сөз болған жердің бәрінде мағына болуы табиғи заң болса, кейде одан ауытқып, мағынасы аңғарылмайтын сөздер де болады деп ойлауға болады. Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар:

  1. Сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері;
  2. Тілдік немесе лингвистикалық себептер.

Аталған себептердің біріншісі екіншісіне қарағанда көбірек зерттелген. Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бол отырып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісін де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән ауысу үрдестері, жалқылықтан жалпылыққа ауысу және ұғымның дәлденіп жіктелуі сөз мағынасының дамуына әсер етпей қала алмайды.

  1. Сөздің мағынасы қоғамның дамуы, қоғамдық қатынас пен өндіріс тәсілінің дамуымен байланысты өзгеріліп түрленуі де мүмкін. Сөз мағынасы функциональды семантика заңы бойынша да өзгеруі мүмкін. Функциональды семантиканың заңы заттардың қызмет бірлігіне негізделеді. Бір зат немесе құрал басқа бір зат немесе құралмен ығыстырылып алмасады да, соңғысы қызмет бірлігіне қарай, алғашқы заттың немесе құралдың атауымен аталады. Сөз мағынасының өзгеріп, қосымша мағынаға ие болуына сөздің тұрақты сөз тіркесінде немесе сөйлемде қолдануы әсер етуі мүмкін. Сөз тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылу ыңғайына қарай фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болса, сөйлемде қолданылу ыңғайына қарай кейде грамматикалық байлаулы мағынаға немесе синтаксистік шартты мағынаға ие бола алады. Мысалы, жел деген сөздің “ауаның ағымы” деген мағынасы – бастапқы, негізгі мағына да, “бос” деген мағынасы – туынды, фразеологиялық мағына. Бұл соңғы мағына оның жел сөз деген тұрақты тіркесте қолданылу ыңғайына қарай пайда болған қосалқы мағынасы болып саналады.