Сөз бен дыбысталу

Сөз бен оның дыбысталуы бір-бірімен тығыз бірлікте болады. Себебі тілге тән дыбыстар арқылы тәртіпсіз құрғақ дыбысталу сөз жасай алмайды. Сөз болу үшін лексика құралымына сай болу керек. Сонымен бірге дыбысталусыз сөз болуы да мүмкін емес. Мәселен, бал деген сөзді алсақ, бір тілдің көлемінде сөздің дыбысталуы да, мағынасы да бірін бірі сай болғандықтан, бұл сөз заңды құбылыс болып саналады. Бұл сөзді керісінше лаб деп айтсақ, ешбір мағына жоқ, әлдеқалай айтыла салған жүйесіз дыбыстар тобы болар еді. Өйткені сөз объективтік ақиқаттың бейнесі (отражение) болғанның өзінде заттың тікелей қатынасы емес, белгілі дәстүр бойынша дыбысталған ұғым мазмұны мағынамен шеңберленген болады. Сондықтан лаб дегенде дыбысталу бар да, сөздік мағына жоқ. Сөздік мағына жоқ болса, сөз де жоқ, ойлау да жоқ. Мағынаның өзі де жылжымалы, өзгермелі болып, бір мағына біресе көптеген затқа ортақ болып біресе бірнеше мағына бір затты айтуға қолданылатынын да естен шығаруға болмайды.

  1. Сөз бен дыбысталу арасында елеулі айырмашылық бар. Жүйелі дыбыс қосындыларынан сөз де жасалады, жеке сөз емес грамматикалық элементтер де жасалады. Үшін, сайын, гөрі дегендер сөз емес, бірақ мұнда жүйелі дыбысталу бар. Демек, дыбысталу мен сөз бір емес, екі бөлек ұғым.
  2. Сонымен, дыбысталу сөздің басты элементі болып есептеледі. Дыбысталу болмаса, сөз де болмайды, мағына болмайды. Бұлардың ара қатынасын көрсеткенде, Л.О.Резниковтың схемасын келтіруді жөн деп қарадық (Л.О.Резников. Понятие и слово, ЛГУ, 1958, 12-бет)
  3. Пән (предмет) – зат, оның белгісі, әрекеті (қалыпты мағынасын түгел қамтып, кең

мағынада алынды). Пән сөзге әсер етсе, сөз оны дыбысталу арқылы атайды.

  1. Сөз орталықта тұрып, мағына мен дыбысталуды жүзеге асырады.
  2. Дыбысталу – сөздің сыртқы материясы, бірақ, схемадағыдай, бір жағы емес.
  3. Мағына – сөздің ішкі мазмұны – образ. Бұл да өз алдына дара емес.
  4. Сөз үлкен шеңберді түгел қамтиды. Сөйтіп, бұл схема сөздің байланыстарын нақты

көрсетпегенмен, бір сыдырғы көрнекі түрде түсінік береді.

Тіл дыбыстары сөз ішінде, сөз арасында біріне-бірі әсер етіп отырады, сондықтан сөздің дыбысталуы мен жазылуы сай келе бермейді.

Айтылуы:Жазылуы:

ПедагокПедагог

БасшыБасшы

АшшаАшса

ТұщыТұзшы

БөдөнөБөдене

ҚұдұқҚұдық

АлатАла ат

АғлақАқ лақ

Сөздердің дұрыс айтылу нормасын орфоэпия дейміз.

А дыбысының айтылуда, дыбысталуда ә болып естілуі жиі кездеседі. Мысалы: жай (жәй), шай (шәй), жаяу (жәяу), жайлау (жәйлау) т.б.