Сөз – лексикалық бірлік

Сөз ұғымды білдіретіні ғылыми еңбектерде айтылып келеді. Сөзге берілген анықтамалар да сан алуан. Сөз – лексикалық өлшем, сөз –ұғымғаберілген атау, сөз – күрделі единица, сөз – дыбыс немесе дыбыстар тізбегі, сөз өмір сүру үшін дыбысталу жағы мен мағына жағы бірлекте болуы шарт. Академик В.В.Виноградов сөз дегеніміз – фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады (“Русский язык”, М-л, 1947, 12-13-бет).

  1. Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, екінші сөзбен айтқанда, белгілі сөз арқылы ойлайды. Ойлауға қатысқан сөз мағыналы дыбыстардың жүйелі түрінде болатыны белгілі.

Олар айтылмаған жағдайда да, ойлау белгілі дыбыстар бейнесі (образдар) арқылы болады. Сөйтіп, дыбыстардан құралған сөздің мағынасы ұғымның мазмұны болады, ұғымның мазмұны – заттың, құбылыстың адам санасындағы бейнесі (отражение).

  1. Сөз деген терминді тар мағынада заттың, белгіленген түрі деп те айтады. Бұның өзі сезімдік форма (дыбыс) мен ұғымның (мағынаның) өзара бірлестігі екені есте болады. Себебі сөзді дыбыстардың құралуы ғана десек, немесе заттың бейнесі десек те, біржақты анықтама болар еді. Өйткені дыбыстардың құралуы ұғымның мазмұнына тікелей байланысты болғандықтан, мұнда заттың бейнесі аңғарылмай қалады. Егер заттың, құбылыстың атауы ғана десек, сөздің материалдық жағы, ұғым, дыбысталу көрінбей қалады. Сол себепті сөзді дыбысталу мен мағынаың бірлікте болуының нәтижесі деп тұтас алған дұрыс деп есептейміз. Біздің бұл айтқанымыз сөздің ішкі жағы болып есептеледі. Ал зат пен құбылыс – олар сөзден В.В.Виноградов сөз тек дыбыс пен мағынадан ғана құралатын болса, онда тілде әрбір жаңа ұғымды, жаңа пікірді белгілеу үшін ерекше дыбыстар шығып, жеке ерекше сөздер болуға тиіс емес пе дегенді айтады (Аталған еңбек, 12-бет).

Дыбыс болған жердің бәрінде мағына бола бермейді. Мағынасыз нәрседе ұғым болмайтыны белгілі. Ұғым болмаған жерде сөз де болмайды. Сондықтан жүйелі (системалы) тілде белгілі тілдік заңға бағынып, айтушы мен тыңдаушыға ортақ, яғни екеуіне де түсінікті, сөз жасарлық, белгілі мағына берерлік ақиқат дыбыстардың бірлестігінен туатын мағыналы дыбыс құрылысын сөз жасаудың бір элементі деп түсіну қажет.