Сөз және оның белгілері

Сөздің күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, алдымен оның дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатысын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның ара қатысын айқындап алған жөн. Сөз дегеніміз – белгілі бір ұғымға берілген атау. Сөз – дыбыстық форма мен мағыналық тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың, оқиғаның, сапа-белгінің, санның, қимылдың т.б. ұғымның атауын сөз дейді. Сөздің екі жағы бар: дыбысталу және мағыналық. Дыбысталу (тіл дыбыстарының тіркесі) сөздің материалдық жағын құрастырса мағына (мазмұн ) сөздің идеалдық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір- бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі — сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Сонда сөз – дыбысталу мен мағыналық бірлігін тұратын тілдік дербес единица.

Адамзатты қоршаған заттармен құбылыстар адам санасына, оның ойлауына сәулесін түсіріп бейнеленеді. Олар түрлі ұғым пайда болады. Ұғым — заттың немесе құбылыстықжай ғана бейнесі емес, олардың басшы белгілерінің ойда қарастырылып топшылығын бейнесі. Ұғым тілде сөз арқылы айтылады, сөз мағынасында тіркеледіі, бекітіледі. Осы мағынада сөз шындық болмысты бейнелейді. Сөздің табиғатын түсіну үшін, оның жалпылаушы қызметіне назар аудару қажет. Сөз жеке затты немесе құбылысты ғана емес, сонымен бірге бір тектес заттардың тобын да атайды. Тау орындық, үй деген сөздер белгілі бір жеке заттарды атауы да мүмкін және осы категорияларға енетін заттардың барлығын бірдей атауы да мүмкін. Тау деген сөз, біз басына шыққан белгілі бір тауды да жалпы тау атаулыны да білдіреді. Мұндай-да тау биік пе, аласа ма, орманды ма, ормансыз ба, қарлы ма, қарсыз ба – ол жағы тәптіштелмей, жалпы тау атаулы жалпылама аталады.

  1. Сөз затты немесе құбылысты атайды, сол арқылы белгілі бір ұғымды білдіреді, онда белгілі бір мағына болады. Сөздің бірдемені белгілеуі (атауы ) үшін оның дыбыстардың тіркесімен берілуі яғни материяалдық жағының болуы шарт. Сөз өзінің мағынасы арқылы ұғыммен тығыз байланысты болады. Сөздің мағынасы мен білдіретін ұғымы тепе-тең емес.

Сөздің табиғатынжете түсіну үшін онымен аталатын затпен оның білдіретін ұғымның (мағынасының ) жеке оның дыбыстық жағының бір–бірімен ара қатнасын айқындап алу қажет. Ой немесе мән мағынасына ойлаушының бар екенін білдіреді. Ойлаушы болмаған жерде, ойдық болуы мүмкін емес. Дыбыс затты белгілеуші ретінде белгілеуі өзінен өзі бола салмайды, ойлаушы арқылы іске асырады. Заттар мен құбылыста адам санасына (ойлауына) әсер етіп, сәулесін түсіреді де, олардың басты белгілерінің онда қорытылып, топшыланған бейнесі – ұғым пайда болады. Ұғым адамдардың қоғамдық практикасы арқылы сөзге мағына түрінде бекітіледі.

  1. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз – дыбыстық комплекстік, ақиқат өмірдегі құбылыстардың бірімен белгілі бір тілменсөйлеуші ұжым арқылы белгіленген байланысы болып саналады. Дыбыстардың тіркесі (сөз) белгілі бір затқа немесе құбылысқа атауретінде бекітіледі. Бірақ дыбыс тіркесі (сөз) өзі белгілеген заттың немесе құбылыстың қасиетімен сапаларын көрсетпейді. Дыбысталудың табиғаты мен белгілетін заттың табиғатының арасында тікелей байланыс болмайды. Дыбыс тіркесі мен заттың арасында ешқандай табиғи байланыс болмағандықтан, дүние жүзіндегі әр алуан тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс әр түрлі сөзбен аталады: қазақша — балық, орысша – рыба, неміс тілінде –фисш, француз тілінде – фонссон делініп, бір ғана жәндік түрлі тілдерде әр түрлі лексикалық единицалармен (сөздермен) белгіленген.

Зат немесе құбылыс дыбыс тіркесімен белгіленгенде, атауға сол заттың я құбылыстың белгілі бір белгісі негіз болады. Әрбір тілде атауға белгіленген заттың немесе құбылыстың әр түрлі белгісі негіз болады да, осыған орай бір зт әр түрлі тілдерде әр басқа сөздермен аталады.

Сезім арқылы қабылдау затты береді, ал ақыл-ой оған ат береді. Сезім арқылы қабылдауда жоқ нәрсе ақыл-ойда да жоқ, бірақ сезімдік қабылдауда шын бар нәрсе ақыл-ойда номиналдық түрде, аты жағынан ғана болады. Негізгі белгілер:

  1. Сөз белгілі бір дыбыстың құрылымның бірлігінен тұрады.
  2. Сөздің екі жағы бар: дыбысталу және мағына.
  3. Белгілі бір тілдегі сөз сол тілдің грамматикалық заңдары бойынша тұлғаланады.