Қазақ тіліндегі дыбыстардың акустикалық қызметі

Акустика – грек тілінің акустикос – “естілу” деген сөзінен жасалған термин. Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы зерттейді. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада тербеліп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, одан соң барып құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта — ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыс жасалмайды. Акустика дыбыстардағы мынандай белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, дыбыстың созылыңқылығы.

Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Адамның құлағы бір секунд ішіндегі 16 — дан 20000 –ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады.

Сөйлеу тілінде айтылатын дыбыстардың түрлеріне және олардың эмоциялық бояуы мен экспрессивтік қызметіне қарай өзгеріп отырады. Интонация немесе мелодия деп айтылатын құбылыс ырғаққа, атап айтқанда, сөйлеу үрдісінде ырғақтың өзгеруіне байланысты. Дыбыс ырғағының өзгеруі екпінге қатысты құбылыстарды да, әсіресе, музыкальды екпінге ие тілдерде, швед тілінде, айрықша қызмет атқарады (М.И.Матусеевич. Введение в общую фонетику, М., 1959, 19-бет).

2.Дыбыс күші дірілдің қарқынына байласына болады. Егер дірілдің амплитудасы (латын тілінің “кеңдік” , “көлемділік” деген мағынадағы сөзінен алынған), яғни қарқыны неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді. Мұны шекті аспатардан да айқын аңғаруға болады. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің тіл-тілдің ішінде динамикалық екпінге ие тілдерге қатысты, атқаратын қызметі басым болады.Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына (ұзақ яқысқа болуына(байланысты. Орыс тілінде екпінсіз буындағы дыбысқа қарағанда, екпін түскен буындағы дауысты дыбыс созылыңқы, ашығырақ айтылады. Көптеген тілдерде, мысалы , қырғыз, ойрот , түрікмен, хакас, тува, неміс, ағылшын, француз тілдерінде екпін созылыңқы дауыстыға да, қысқа айтылатын дауыстыға да түсе береді.

3.Дыбыс әуені (тембр)туралы мәселе дыбыс дірілінің түрлерімен байланысты. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тонның қосндысынан жасалады. Көмекші тон парциалды (лат-частичный , отдельный) немесе обертон (неміс тілінің “жоғары тон” деген сөзінен алынған) деп аталады. Дыбыстың әунеі осы айтылған обертондардың санына және олардың дыбыс ырғағы, дыбыс күші , жағынан негізгітонмен ара қатынасына байланысты болады. Дірілдің өзі түрліше болуы . Дірілдің ритмикалы және ретмекалы емес деп аталатын түрлері бар. Егер дірілдің саны уақыт еденицасының бойында ( әдетте бір секундтың ішінде) өзгермей, тұрақты болып қалса, ондай діріл ритмикалы діріл (немесе біркелкі діріл ) деп аталады. Ал егер уақыт еденицасының бойында дірілдің саны өзгеретін болса, ондай діріл ритмикалы емес діріл (немесе біркелкі емес діріл ) деп аталады. Ритмикалы дірілдің нәтижесінде тон жасалып пайда болады. Бұған сөйлеу кезінде ауыз қуысы мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалы емес дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің, тілдің кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне-бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады.

Егер ритмикалы болса, онда дыбыстың толқын музыкалы тонның пайда болуына әкеледі де, ритмикалы болмай, үзілмелі болса, салдырдың болуына әкеледі.

Сөйлеу тілінде әуен (тембр) туралы ұғым, ең алдымен, дауысты дыбыстар туралы мәселемен байланысты.