Қазақ тіліндегі езу дауыстылары, орфография

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесінің басқа түркі тілдернідегі дыбыстар жүйесімен ортақ та ерекше де жағдайлары бар екендігі мәлім.

Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінен өзінің ырғағы, күші, әуеніне қарай дыбыстар әр түрлі болады.

Қазақ тілінің а фонемасы (ыңғайына қарай ә фонемасы) дауысты дыбыстардың ішіндегі мейлінше ашық айтылатын түріне жатады. Бұл фонема ауыздың мол ашылуынан пайда болады. Иектің төмен түсуі арқылы дыбысталады. Езу дауытыларына жататын: а, ә, е (э), ы, і, и бұл фонема тілдің кейін қарай жиырылуы арқылы дыбысталады. Сондықтан жуан дауысты дыбыс деп аталады. Бұл дыбысты айтқанда, еріннің сүйірленбей, керісінше, тартылуы арқылы дыбысталатындықтан, оны езу дыбысы, езу дауысты дыбысы дейміз.

Бұл фонема сөздің барлық жерінде (шенінде) кездесе береді;а фонемасы сөз ішінде әрі тиянақты, әрі жиі кездесіп отырады. Көп буынды сөзде біркелкі а күңгірттеу естіледі, шағалалар, қалалар сияқты сөздердің екінші буынындағы а өзге буындардағы а – ға қарағанда, күңгірттеу естілетін сияқты, ал балалар сөзіндегі -ла буыны ауызекі тілде редукцияланып, балдар немесе балалар түрінде де айтылады. Бұл фонема сөздің барлық шенінде кездесе береді. А фонемасы түбір тұлғалы сөзде де, туынды түбір тұлғалы сөзде де кездесе береді. Жұрнақтардан бөлек, екі түрлі жалғауда: көптікте (қала – лар, ат — тар), септікте (барыста: қала – ға, қалаң – а, жатыста: қалаң – да, шығыста: қала – дан, қалаң — нан) ұшырайды.

2.А фонемасы жуан дауысты дыбыстардың (а, ы, о, ұ, жуан у) қай-қайсысының да соңынан келе береді. (толығырақ мәліметті “Дыбыстардың үндесуі” деген тараудан аласыз). Ерін үндестігі күшті қырғыз, алтай т.б. түркі тілдерінен қазақ тілінің бұл жөніндегі айырмасы: ерін дауыстыларының жуанынан соң а айқын естіліп, жиі кездесіп отырады.

ҚазақшаҚырғызшаАлтайлықша

ҚойларҚой+лорҚой-лор

ҚояндарҚоен-дорҚойон-дор

Қол-дарҚол-дорҚол-дор

Жолдас-тарЖолдош-тордьолдош-тор

Құлын-дарҚұлұн-доркулун-дор

Қазақ тіліндегі а қырғыз тілінің а фонемасына қарағанда айқынырақ естіледі. Себебі қырғыз тілінде а фонемасының қазақ тіліндегі ашық дауысты жіңішке а фонемасындай корреляциясы (сыңары) жоқ. Қазақ тілінде негізгі морфемада (түбір сөзде) а фонемасы кейде ә — мен ауысып отырады, мұның фонемалық үлкен мәні бар (ал — әл, сат – сәт, сан – сән, дал – дәл, нан – нән, тан – тән, ар -әр, ай — әй).

3.Қосымшаларда а фонемасы е – мен ауысып отырады; е фонемасының а – ға комбинаторлық түрде алмасуына мысалдар: колхоздар – сөздер, тауға – үйге, тауда – үйде, колхозыңа – сөзіңе, таудан – үйден, қазақша — өзбекше, құлыншақ — інішек, сандықша – көрпеше.

Ә фонемасы а тәрізді, ауыздың мол ашылуынан (тіл мен иектің төмен түсуінен) пайда болатындықтан, ашық дауысты болып есептеледі, ерін қатысы жағынан да а — дан айырмасы жоқ; еріннің сүйірленбей таралуы арқылы дыбысталатындықтан аны да езу дыбысы дейміз. Бұл фонеманың а – дан айырмасы жасалу орны жағынан: а тілдің кейін жиырылуы арқылы айтылады, ә тілдің ілгері (алға қарай) созылуы арқылы айтылады. П.М.Мелиоранский ә (а) фонемасы а мен е- нің аралығынан айтылады деп түсінеді. Олай болғанда ә фонемасы а – ға қарағанда қысаң болса керек еді, сондықтан бұл пікірмен келісуге болмас.

Ә қазақ сөздерінің бас буынында (әсем, әсер, Мәлік, тәрбие, әлдеқашан) ұшырайды, екінші буынында сирек кездеседі, акустика жағынан көмескіленіп тұрады.

4.Қазіргі қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында дүдамалданған ә көбінесе а түрінде жазылады (кітап, тілмар). Е (э) ауыздың орташа шамасы ашылуынан (тіл мен иектің шамалы төмен түсуіменен) пайда болады. Бұл фонема сөздің барлық буындарында келе береді.

… Орфография: 1. жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі; 2. біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.

Ережелер жүйесі: 1. дыбыстарды әріппен беру, сөз және оның мағыналық бөлшектерін жазу, 2. сөз және оның мағыналық бөлшектерін жазу, 3. сөздерді бірге, бөлек, дефис арқылы жазу, 5. бас әріпті пайдалану, 6. тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. Орфография үш түрләі принципке сүйенеді.