Дыбыс, әріп және фонема, дауыс ырғағы

Фонетика бойынша берілетін білімнің деңгейіне қойылатын талаптар:

— дыбыстардың фонемалық қасиетін білуі, сөздердің лексикалықмағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;

— Фонетикалық терминдерді дұрыс түсініп, оны орынды пайдалана білу;

— Дыбыстардың іштей жіктелуін білу;

— Дыбыстарды артикуляциасына қарап айыра білу;

— Қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизмнің) тіл мәдениетімен байланыстығын ұғыну және орынды пайдалану;

— әліпбидегі төл дыбыстар мен орыс тілі арқылы енген дыбыстардың өзара қарым- қатынасынмеңгеру;

— ауызекі сөйлеу мен жазба тілдердегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиалық заңдылықтарды түсініп, оныңкоммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.

2.Әріп — дыбыстың жазудағы таңбасы. Сөздің өмір сүру формасы – дыбыс. Бір ғана дыбысты әр түрлі өрнектей аламыз. Дыбысты айтамыз және естиміз , ал әріпті жазамыз және көреміз. Біреуі ғана өзгерсе де сөзді өзгертіп ( я сөз қылмай, я басқа сөз қылып) жіберуге жарайтын сөз бөлшектерін дыбыс дейміз ( Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, А., 1966,168-бет). Дыбыстары бірдей сөздердің көбінесемағыналары да бірдей болады. Сөз мүшелерініңдыбыстары бірдейболған да мағынасыәр түрлі болуы сиреккездеседі. Ат (жылқы), ат (біреуді айтатын сөз), ат (мылтық ат) деген үш сөздің дыбыстарында айырма жоқ болса да, мағыналары үшінеуінде үш түрлі. Немесе мылтық ат-ты дегендегі ат түбірінежалғанған ты үстеуімен ат-ты суардым дегендегі ат түбіріне жалғаннан ты жалғауының дыбыстары бірдей бола тұрып, мағыналары екеуінде екі басқа.

Мұндайлар көп кездеспейді. Кездесе қойса я сөз тұлғасына қарап, я сөз алқасына қарап, қай мағынада екенін ашып аламыз.

Бұл жағынан қарағанда, сөздің дыбыстас мүшелері адас (аттас) Кісілер сияқты болып көрінеді. Екі кісінің аты бір болғаннаншатасып қалмайтынымызсияқты екі сөздің дыбыстарыбірдей болғаннан да көп шатаспаймыз. Бір сөз болу үшін дыбыстары да, мағынасы да бірдей болуы керек. Дыбыстары бірдей болғанмен, мағынасы бірдей болғанмен, мағынасы бірдей болмаса, бір сөз болмайды. Мағыналары бірдей болғанмен, дыбыстары әр түрлі болса да, бір сөз болмайды. Адам деген сөз мен кісі деген сөздің Мағынасы бір болса да, дыбыстары әр түрлі болғандықтан, екеуіекі сөз болып есептеледі.

3.Әріпті оқу айналып келгенде,дыбысты айту болып шығатыны белгілі. А. Байтұрсынов; өзінің“Тіл — құрал” атты еңбегінде осы жайды айрықша қадағалапайтқан “Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе” (146-бет).

Осы қағиданыңжазылғанына 80жылдан астам уақыт өтсе де , әлі күнге мұны пайымдай алмай, фонетика оқулықтарында әріппен дыбыс бірінің орнына бірі талғаусыз қолданылып жур. әріп пен дыбысты ешқашан шатастыруға болмайды. әріп кейде жеке дыбысты білдірсе (о,ө,ұ,ү) кейде бір әріп (ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысынөрнекткйді. Кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні де жоқ. әріп пен дыбыстың бір біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуымен айтылуының арасында ала — құлалық тудырады. Мысалы адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызылт.б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір біріне жуық. Ал оқы, ойланба, тонға, басшы, көзсіз дегендер айтуды оқу, ойланба, тоңға, басшы, көзсүз тұрінде болады. Дыбыстар тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын материалды қызметін атқарады фонема (грек — дыбыс) сөздер мен морфермаларды құрастырып, оларды бір – бірінен мағына және форма жағынан ажыратуғасептігі баркішкене функциалық единицалық(бірлік).

Мүлде біз ойлағаннан әлде қайда көп әр түрлі дыбыс бар, олар әр бір жеке тілде сөздердің мағыналарымен формаларын ажырата алмайтындай санаулы ғана дыбыстартипіне фонемаларға топтастырылды, мысалы ат, ет, от, өт, — сөздерде , біз ше, бір – ақ т дыбысы бар фонематуралыілімнің алғаш негізін салғанполяк тілініңзертеушісі И. А. Бодуэн де Куртенэ еді (1870). Тіліміздің дыбыстық жүйесін зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді емес екендігін айтады. Ол үндіевропа тілдеріндегіфонемаға оң түстік – шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін, ал құрылым жүйесі бұлардан бөлек, түркі тілдерінде бұға сингармема деген атаудың лайықты екенін дәлелдеді.

4.… Қазақ тілінде бунақтардың жұбын жазбай, араларында қатар келген дыбыстарды бір-бірімен байланыстырып(үндестіріп), бір ырғақ, екпінмен айтудың мәні зор. Егер олай етілмесе, сөздердің байланыс реті бұзылады да, тіл өзінің табиғи жарасымынан айрылады, құлаққа жағымсыз естіледі және айтылған ой көмескіленіп, тіпті, түсініксіз де болып кетуі қиын емес.

Осыған қарағанда қалыпты дауыс ырғағы, екпіннен айрылған тіркестердің мағынасыздыққа ұшырайтынын байқауға болады. Айтылар ойдың айқын, түсінікті көңілге қонымды, құлаққа жағымды болуы бунақ екпінінің дұрыс қойылуына тікелей байланысты болса, екіншіден, бұлардың (ырғақ, екпін) өзі айтылар ойға , мағынаға тәуелді екенін ескеру қажет.