С.Сарғасқаевтың өмірі мен жазушылық қызметі

1 Белгілі балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың есіні жас өспірімдерге жақсы таныс. Ол 1925 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Шарбақты» колхозында туған. 1943—1948 жылдары Кеңес Армиясы катарында болған. Армиядан қайтқан соң, «Қазақстан пионері», «Жұлдыз» журналында қызметте болды. КПСС мүшесі. Ол жастық шағын еске алып бірде былай деп жазған еді: «Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фермаларды аралайтынбыз, газеттер мен журналдарды оқып беретінбіз. Жауынгерлік листоктар шығаратынбыз, концерттер көрсететінбіз. Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік, — ауыл шаруашылығының зиянды жәндіктерін құртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз, жас бөбектер мен қарттарға жәрдемдесетінбіз. Мұны ешқашан да ұмыта алмайсың.

Мойнына ал қызыл галстук тағып пионер болып, жас ұландар ұйымының жұмысына жасынан белсене араласқан Сарғасқаев 1949 жылы республикалық пионер журналының бетінде «Сын» атты алғашқы әңгімесімен көрінді. Осы шағын әнгімесінде ол батыр ағасына еліктеген жас пионер арқылы шындықты сүюді, адал болуды жазды.

Алғашқы қаламын пионерді суреттеуден бастаған жазушы мұнан кейін республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Пионер» журналының беттерінен жиі-жиі көріне бастады.

1953 жылы Сарғасқаевтың «Достар» деген әңгімелер жинағы шықты.

С. САРҒАСҚАЕВ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ПИОНЕР ҰЛЫМЫНЫҢ РОЛІ

Сансызбай 1953 жылы «Бір отрядта» повесін ұсынды. Бұл пионер мұнымы өміріне арналған қазақ кеңес балалар әдебиетіндегі алғашқы шығарма еді.

Повесть пионер отрядындағы өмірді жан-жақсы көрсетеді. Оқиға тартыс төңірегіне құрылған. Мұндағы кейіпкерлер ұдайы өздеріне лайық іс-әрекеттерімен көрінеді. Повестің құндылығын пионерлердің басты еңбегі — оқу процесінің, романтикаға толы пионерлік Істердің су-реттелуінен көреміз. Отряд пионерлері мейлі футбол мен баскетбол ойнасын, болмаса фермаға саяхат жасасын, белгілі адамыдармен кездессін, отряд кітапханасын ұйымдастырып, сауық кештерде өнерлерімен танысын бәрі-бәрінде автор өз кейіпкерлерін мектеп — пионер өмірінің қайнаған ортасында жүргізіп, әрқайсысын жеке-дара мінезімен, балаларға тән психологиясын тереңдеп ашуы мен көрсетуге тырысқан.

Мұндағы басты кейіпкер — IV класс оқушысы Қайрат. Оның мінезінен тентектік, өнімсіз өктемдік, бос даурықпа, құрмақтан аңғарылады. Ол талай-талай коллектив талқысына түседі де, алдында әлі де көрері көп екенін сезінеді.

Повесте Саяттың бейнесі де оқушы назарын аударарлық. Ол оқуда үздік. Отрядта бетке үстар — үлгілі пионер. Бірақ, оның осы үлгілі ісі тек мектепте, пионер отрядында ғана. Ол — өзінышіл, менмен бала. Автор Саяттың бойындағы мінезді шебер аша білген. Ал Кәрім болса, бір беткей, тік мінез. Осы мінезімен ол кейде достарын үркітеді, аңқылдақ адал жанын бір беткеилігі бүркемелеп кетеді. Жазушы бала психологиясының қилы астарын ұтымды суреттеген.

Повесте Сахи деген қыз бар. Автор оны жеңілтек, қисыктығы мен қышырлығы әлі де қалмаған етіп суретте-мен болған, алайда оның бейнесінде күңгірттік бар. Повесте Жамалдың образы бірсыдырғы шыққанымен, отряд вожатыйы Сәуле, Саяттың әкесі Мұрат, мұғалима Ғайша жайында оны айта алмаймыз. Бұл адамдар автордың жетелеуімен ғана санатқа қосылған жандар боп шыққан.

Повесть автордың әп-әдемі пейзаждық көріністер жасап, оның шығарма идеясын, кейіпкерлердің күй-жағдайын беруге орынды пайдалана білетіндігін танытты.

Мұнан кейін Сансызбай 1954 жылы «Сәуленің жаңа достары», «Сұлутөрдін балалары» (1956), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963) атты повестер мен «Балалар» (1958), «Шындық» (1964) атты әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. Жинаққа енген жиырмаға тарта шағын әңгімелер тақырыбы, оқиғасы жағынан алғашқы әңгімелерінен әлдеқайда көркем. Бұлардан жазушының қаламы өткірленіп, шеберлігі арта түсіп, кекселенгендігі бірден байқалады. Әсіресе «Өкініш», «Көз», «Шатақ», «Сабақ», «Жігіт» секілді әңгімелері композициялық шырақтығы, сюжеттік тартымдылығы, бояу нақышының айқындылығымен көзге түседі.

Сансызбай Сарғасқаев пионер өмірін толық та жете біледі. Ол жас ұландар өмірін, қызықты істерін жай ғана тіркеуші емес, алға мезеуші. «Мен пионерлерді инитивасы, тапқырлығы үшін, коллективтілігі мен шынайы достықтары үшін жақсы көремін. Міне сондықтан да олар менің шығармаларымның басты кейіпкерлеріне айналды» деуі өте орынды.

Балаларға өз өлкесін жақсы таныту үшін жазушылар қолданатын бір шеберлік — пейзажды, жаратылыс сұлулығын әдемі суреттеп, өмірді, қозғалысты толық елестетіп, балалардың уылжыған жас жанына эстетикалық әсер, бойына жігер, қайрат беретіндей етіп көрсету. Оның «Бүршік жапырақ жаяды» повесі жаратылыс сұлулығын-таң шапағын суреттеудең бастаған: «Бүгін де күндегідей еді. Көкжиектің етегін түре таң біліне бергенде «Сұлу-төрдің» сүйір-сүйір шоқыларына қонған боп-боз ақша бұлттар таң шапағымен бойына қан жүгіргендей, ашық қызыл түске еніп, бейне бір күлтеленген гүлдей жұмыр-лана қалғанды. Таң самалы түнгі ауыр ауаны ысырып, әлде бір жадырақ қылықты әкелгендей селоның үстін сипап өтіп, жасыл жапырақтарды баяу тербетеді. «Сұлу-төрдің» найзадай тік қадалған биік шындарына түскен күн сәулесі бірте-бірте оның терең аңғарларына сүңгіп, торланған қос көлеңкенің жамылғысын бұзып өтіп, арғы қабағына шаншыла қалды. Қара-коңыр аспан көкшіл тартып, кең алқапта, қалың ағаштар да ашық сәуле құшағына енді. Енді бірде Бүкіл алқапка мол нұрын шашып «Сұлутөрдің» иығынан отты үлкен шар секілді — күн шыға келді».

Сансызбай адам портреттері мен психологиясын пейзаж арқылы толықтыра суреттеуге шебер. Жалаң пейзаждын ғана емес, оны өмірмен, адам тіршілігімен, еңбек процестерімек байланыстыра суреттейді.

Адам — табиғат перзенті. Табиғаттың даму, өзгеру заңдылығы сияқты адамның да сыры, мінезі, іс-әрекеті әр алуан. Жазушы басты кейіпкерлерін табиғат көріністерін суреттеуге байланыстыра гуманизм рухымен тоғыстырған.

Повестің басты кейіпкерлері — Раушан, Мақсұт, Олақ, Ақан. Бұлардың бәрі де бесінші класс оқушылары. Олар не нәрсені болса да қызыға, қуана қарсы алатын, ойындағысын орындағанша тыныштық көрмейтін, таудай талабы бар намыс иелері. Олардың көзге түсерлік елеулі еңбек еткілері келеді. Бірақ оны неден бастау керек? Әң-гіме сонда. Раушан да, Олақ та, Ақан да қаладан жаңа көшіп келген агрономның баласы Мақсұттың Москваға Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне қалай барғанын білгісі келеді. Олар Мақсұт сияқты Бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесіне баруды армандайды. Осы проблеманың шешілуін автор тағы да әрекетке, балалар инициативасына, асқақ романтикасына әкеліп тірейді:

«Балалар,— деді Раушан осы кезде,— бізге де мектеп жанынан неге бақ жасамасқа. Оған Әди батырдың есімін бермеске.

— Рас-ау!—Олар ала қанымен екі санын шарт еткізіп соғып қалды. Тіптен дұрыс айтасың.

—Меніңше,— деді Мақсұт,— бізге де «Жерлес батырлар бұрышын ашу керек.— Тіпті, осы Әди батыр туралы материал жинап, альбом жасасақ.

Әдетте бала сезімі қандай нәзік, гүлдей балғын келеді. Раушан мен Мақсұттың, Олақ пен Ақанның сезімтал нәзік жүректері әлгі бір оқиғаға елігіп, өздері де сондай бір үлкен істің көш басшысы болуға асыққаны занды кұбылыс. Повестің ұтымды жағы — сонысында. Мектеп айналасын гүлбақшаға айналдыру, оны өз елінің, өз жерінің елеулі батыры халық ұлының атымен атасақ деген сияқты талаптар көбіне кеңес бүлдіршіндеріне тән сипат екенін танытады.

Повесте пионерлердің осындай үлкен талаптарын қолдап, соған басшылық ететін биология пәнінің мұғалімі Жомарт Алматаев пен колхоз агрономы Дулаттың образдары солғын шыққан. Олардың қимыл, әрекеті көбіне баяндау тұрғысында шешіледі. Кейбір эпизодтарда ғана кылаң еткені болмаса, көздеген мақсатка жетпей калған. Әрине, бұрын «Сұлутөрдін балалары» деген атпен жарық көрген бұл повесті жазушының біраз жөндегені көрініп тұр. Қосылған тараулар мен толықтырулар әлі де теренірек қарауды қажет ететін секілді.