С.Бегалин- балалар әдебиетіне қосқан еңбегі

1 Қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі аға жазушы Сапарғали Бегалин өз өмірбаяны мен оқушыларын былай деп таныстырған еді.

«Мен 1895 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Дегелек аулында тудым. Есейе келе өз үйімнің аз ғана малын бағып, қолғанат болдым. Әрі ауылдағы молдадан оқып, ескіше хат таныдым. Содан сон керуенмен Семейге келдім, осы жерде менің нағыз еңбек қызметім басталды. Бір уақыт пристаньда жүкші болдым. Бұдан кейін Семейдсгі оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Құлжановтың үйінде атын күтіп, үй жұмысына болыстым. Ол кісі кешкіліктерде маған орыс тілін үйренуге көмектесті. Соның көмегі арқылы мен приход мектебіне түстім, оны 1915 жылы бітірдім. Жаз айларында пристаньда жұмыс істедім.

1916 жыл патша үкіметі қазақтарды тыл жұмысына алғанда мен де Петроград түбікдегі Колипино станциясына тап болдым, мұнда көп нәрсені көріп, бастан өткердім, 1917 жылғы февраль революциясынан кейін март айында ғана үйге қайттым.

Октябрь революциясынан кейін ұзақ уақыт бойына кеңес қызметінде, болыстың атқару комитетініц председателі, уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары және тағы басқа қызметте болдым. 1923 жылдан 1928 жылға дейін аудандық халық соты қызметінде болдым.

Отызыншы жылдары қазақ аулында колхоз құрылысы, копыстандыру жұмысы жүрген кезде мені қазақ жер халық комиссариатының қоныстандыру секторы дегенге қызметке жіберді. 1935 жылы июльде “Теміржолшы” газетінің редакциясына ауыстым да, осында әдеби қызметке шындап араласуға мүмкіндік алдым. Газетте жұмыс істеуім, сайып келгете, мені Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтына, кейінірек республика Жазушылар одағынын аппаратына алып келді, мұнда мен ұзак уакыт бойы консультант болдым.

Менің әдеби қызметім 1914 жылдан басталды. Қазақ жастарына алғашқы өлеңім осы кезде Троицкіде шығып тұратын «Айқап» журналында жарияланды. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойына творчестводан қол үздім. Тек 1925 жылы В. И. Лениннің қайтыс болуы әсерінен оның ескерткішіне арнап мен өлең жаздым, бұл «Қазақ ақындары мен жазушыларының үні» жинағына кірді. 1935 жылдан бастап әдеби қызметке шындап араластым.

Көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған менің алғашқы кітабым — «Қыран кегі» поэмам 1944 жылы шықты. Мұны окушылар жылы шыраймен қарсы алды. Бұдан кейін жас аңшы туралы «Сәтжан» атты повесім шықты, бұл тұғыш рет орыс тіліне аударылды, әрі РСФСР Оқу Министрлігінде конкурсте сыйлық алды. Бірінші жолы ол Москвада 30 мың дана тиражбен, екінші жолы 300 мың дана тиражбен шықты. Сондықтан да мен кітапты жас окушылар жақсы қабыл алды дей аламын. Бұл повесть азербайжан, өзбек, армян және корей тілдеріне аударылды. Польшада «Сейіттің ботасы» деген әңгімелерім жеке кітапша болып шықты».

«Көксегеннің бастан кешкендері» повесім 1949 жылы басылды. Осы кезде Қазақстан малшыларына арналған менің «Төлбасылар» атты әңгімелер жинағым шықты.

Балалар үшін мен зор сүйіспеншілік жазамын. Бұларға мен «Ермектің алмасы» (1956) әңгімелер жинағын, «Жеткіншектер» (1959) мен «Бақыт» (1956) повестерін, «Жас бұтақ»1953) әңгімелер жинағын арнадым. Әр уақытта менің бұрын шыққан шығармалар жинағым оның ішінде «Мектеп түлектері», «Ананың қайраты», «Жұмбақ кілт» және басқалар басылды. Бұдан басқа мен қазақ тіліне Мамин Сибиряктың әнгімелер жинағын, Лесковтың повесін, Пушкиннін, Лермонтовтың, Шевченконың, сондай-ақ осы заманғы кеңес ақындарының өлеңдерінең аудардым. 1963 жылы Л. Соловьевтің «Қожанасыр» повесік аударып шығардым. Қазір Шоқан Уәлихановтың балалық шағы туралы повесім шықты.

С. БЕГАЛИН ПО8ЕСТЕРШДЕГІ АУЫЛ АДАМДАРЫНЫҢ ӨМІРІ

Қазіргі кезде қазақ кеңес балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атаған болар едік. Сапарғали — балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, сонын тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы.

Сапарғали Бегалиннін балаларға жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. Соның бәрін жинақтағанда, тақырыбы мен көтерген мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.

Бірінші топ; «Сәтжан» (1947), «Көксегенін көргендері» (1948), «Бала мерген» (1956), «Алданған жолбарыс» (1956), «Тоятқан тауынан табылыпты» (1955).Бұл повестері мен әңгімелері аңшылық тақырыбына арналған.

Туған өлкесінде, көбіне ауылда жүріп қызмет еткен Сапарғали жаратылыстың алуан түрлі байлығымен танысып, оның көркем көріністерін суреттеуге зер салады. Бұл ретте С. Бегалиннің Москвада орыс тілінде екі рет басылып Бүкіл одактық бәйге алған «Сәтжан» повесін ерекше атап өткен жөн.

1960 жылы жазуының көлемі 21 баспа табақ «Жеткіншек» атты таңдамалы әңгімелер жинағы басылды. Бес бөлімнен құралған бұл жинақтың әр бөліміне оның мазмұны мен идеясын анықтайтын жеке эпиграфтар берілген: «Күштінің күші — ақыл, ақылдын иесі — адам», «Малдың тілін баққан біледі, отынның тілін жаққан біледі», «Қағажу көрмеген жүрек — жалынды достықтын айнасы», «Ер еңбегі — ел мақтанышы», «Аңдамай айтсаң, алдыннан апат кездеседі». Осы эпиграфтар әңгімелерінің негізгі мазмұны мен мақсатын дәл көрсеткендей. «Күштінің күштісі — ақыл, ақылдың иесі — адам» дегенде, қандай жыртқыш, қандай күшті болса да, соның бәрін ақылмен жеңетін — адам. «Сәтжан» повесіндегі Сәтжанның образы дәл осындай әрекетті сипаттайды.

Сәтжан мектепке оқи жүре бір жағы колхоздың бұзауын бағып, әсіресе аңшы атасы Серікбайға еліктеп күсбегі болуды аңсайды. Жазушы Сәтжанды қынжылуды білмейтін, кай нәрсеге болса да кызыға кірісетін және ойлаған мақсатына жетуді көбірек аңсайтын оптимист бала етіп суреттейді. Ол өсірген қыран құс бір каққан қабағынан барлық сүзіп көріп алғандай, сар-шегір де иесіне мақтанғандай алыс төңірекке такаббар ерлікпен көз салып, күйқылжып қарайды. Нағыз баукеспе алғырдың өзі болып шығады.

Халықтық шығармаларда әр алуан табират құбылыстары мен оның дүлей күштері адамнан өктем, керемет те ғажап дүние ретінде суреттелетін. Оның үрей тудырарлық ғажап көріністерінен қорқып, оған жалынып, жалбарынып, сыйынуға дейін баратын. Ал Сапарғали әңгімелеріндегі аңшылық өміріне байланысты сурттелетін табиғат сұрапылдары мен табиғат кереметтерін зерттеу, игеру, адам оны өзіне бағындыру тұрғысынан көрсетіледі. Табиғат өз бойындағы байлығын еңбек еткен адамға ғана ашпақ. Қандай табиғат тағылары болса да үйретіп ала білетін ұлы қасиет тек адамда ғана болмақ. Табиғат тағыда қыран кұс — ителгіні үйретіп алған Сәтжан оған коянды да, қазды да, үйректі де, түлкіні де, қасқыр мен тау ешкісін де алдыра біледі. Бұл бала үшін үлкен өнер, бұл оны іскерлікке, икемділікке, алғырлыққа үйретеді. Екінші жағынан, тау қыранымен аң аулай жүріп, Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен, байлығымен танысады. Туған өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял қосады. Көре жүріп үйрену адамды үлкен іскерлікке баулитынын ол өз тәжірибесінен көреді. Таңбалы тастан әр алуан суреттер мен әр түрлі тастардың табылуы жай нәрсе емес екені Сәтжанды үлкен ойға қалдырады.

Құс салу, ит жүгірту дегендермен ауыл арасында кейбіреулер өнер арттыру үшін айналысса, мұның өзі қазір көнерген өнерге айналып бара жатканын байқатады. Жазушы сол үшін Сәтжанның бар өмірін осы жолда, ата кәсібінде қалдырып қоймайды. Аңшылық өнеріне басында Сәтжан қанша құмарлыкпен кызықсыз да, өсе келе, ойлана келе қомсына бастайды. Аңшылық өнерді Сәтжанның қомсынып отырғаны — алда одан да гөрі зор мақсат бар. Сәтжан енді құлашын кең арнаға жаяды. Бала кезінде байқалған «таңбалы тастағы» көріністер Сәтжанды зор арманға жетелейді. «Қиясына қырап ұялатқап, қыналы бетіне ертедсгі бір қиып күндердің ізіті сақтаған зәулім жартас Сәтжанға терең сыр, үлкен құпиясымен аса ыстық көрінді. Ол жартастан ұзаған сайын қайта-қайта тастың сонау қиясынан көз алмай карап келсді деп суреттейді жазушы. Баланы зор болашаққа баулитын осындай идея оның тәрбиелік мақсаты неде екенін айқын көрсетіп, негізгі кейіпкерлерінің басқаларға үлгі боларлық моральдық бейнесін ашып береді. «Таңбалы тастағы» кұпия Сәтжанның таукен зерттейтін институтқа окуға баруына, оның талантына жол ашуға зор себепкер болады. Қорыта айтқанда, «Сәтжан» повесінің барлық желісінен «талапты ерге нүр жауар» деген халықтың даналық ойын сезінесіз.

Сапарғали Бегалиннің аңшылық ісіне байланысты жазылған повестерінің қай-қайсысы болса да өлкетану жұмысына көп септігін тигізетінін байқатызды. Қараса адам көзі тойғысыз табиғаттың әсем де сұлу көріністерін Сапарғали жақсы білумен бірге, оны өзі де жақсы суреттейді… «Көксегеннін көргендері» повесінен Алтай өлкесінің бай табиғатың ортасында, самырсын саясының жаңбыр тиіп көрмеген құстөсектей былқылдайтын құрғақ мүгі үстінде жүргендей эстетикалық әсер аласың. Алтай өлкесінде жайқалған егін мен шабындыны, суы толған балық пен құндызды, тауы толған бұғы мен маралды жазушы өмір дастанындай етіп суреттейді.

«Көксегеннің көргендері» деген повестегі Өтеш, Зарқұмар, Оралхан, Көксеген самырсын арасынаң балқарағай іздеп жүрген қолы бос еріккен балалар емес, олар колхоз шаруашылығына көмектесу үшін пішен шабуға келген балалар. Күн жауын болған соң босқа отырғанша деп әдейі қарағай ішін аралап кеткен. Бұлар аң қуған мерген де емес, аңдар ғана жортатын жұмбақ алаңды, бекінісі мен құпиясы мол түбектерді көруге, оны тінтуге жаны құмар. Жазушының колданған бір жақсы әдісі — оқиғаны осылай етіп кұру арқылы балаларға өз өлкесінің әр алуан жан-жануарлары мен байлықтарын танытады. Осының бәрі де іспен, әрекетпен, қызықты еңбекпен тығыз байланысты түрде дамып отырады. Балаларды өндірістік іске баулып, үйретіп жүрген колхоз бастығы Садуақас, агроном Нұрила, егін бригадирі Қобай олардың бір сағат уақытын да бос өткізбеуге тыры-сады. Көксегеннің көргендерін «Жаратылыс ғажап, бір аңның қасиеті мүйізінде, мысалы, бұғының мүйізіндегі қан сақ ауруға дәрі. Мына күдірдің кіндігіндегі жұпар да сондай қымбат. Ал аюдың өті сан жараға ем. Міне, ғажаптар»— деп осының бәрін де таң-тамаша көреді. Көксегешінің мұндайларға таң қалуы орынды, өйткені мұның бәрі де оның бірінші көрген дүниесі. Ол — көріп, біліп, араласуымен ғана өмір танып келе жатқан жас буын. «Адам қоғам жұмыстарының әсерінсіз, оған қатынасу сезімінсіз өссе, онда өспей-ак қойғанының өзі артық»1—деген болатын Н. Г. Чернышевский.

Табиғатты және табиғат тағыларын келісті суреттеу мен қатар, Сапарғали бас кеиіпкерлерінің портретін де оның жас мөлшеріне, іс-әрекетіне сай көрсетеді. Уаштың портретін жазушы былай суреттеген: «Әкесі майданға аттанған Уаш он төрт жаста еді. Жас өспірім Уаштың өткір сұрғылт көзі, биіктеу кабағы өсіп жете толмағандығы болмаса, Нұрқасымнан айнымайтын. Ал бойы әлі талдырмаш болғанмен салалы, тарамыстау ширақ еді. Оның өңінің сарылығы, шашынық тұнжыр коңырқайлығы да әкесіне ұқсайтын. Тек ол мінез жағына келгенде Нұрқасымның баяу, сарғылт қимылы жоқ. Әр нәрсеге талаптанған, сәл алғыр да тәрізді еді». Уаш өзінің жылдам да қайсар мінезіне карай елеулі қызметтер атқарады. Отан басына қатерлі кауіп туғанда, әкесінің мылтығы мен аң аулап, өз үйіне де, колхозға да септігін тигізеді, ер азаматтың қызметін атқарады. Отан соғысы кезінде 13—14 жастағы балалар тылда бұдан да күрделі қызмет атқарғаны мәлім.

Осындай ұтымды тақырыптарды таба білу де жазушының шеберлігін танытады. Жас өспірімдер Сапарғалидың әңгімесін оқымас бұрын, ең алдымен оның тақырыбына қызығады. Мысалы, Сапарғали бір әңгімесінің тақырыбын «Алданған жолбарыс» деп қойыпты. Әңгімені оқымас бұрын-ақ жолбарыс қалай алданды екен деген ойға калады. Осы бір таң қаларлық қызықты ой әңгімені бастан-аяқ оқып шығуға мәжбүр етеді. Аң аулау қызығына шомып отырған бала оқиғаға өзі араласып отырғандай сезініп; кейде әңгіменің тез аяқталғанына өкінеді.

Айталық, мергендер өмірі — балалар үшін ең кызықты, ең тамаша тақырып. Бұл жас өспірімдерді спорт жұмысынның ең жақсы түріне үйретеді. Олардың шынығып өсуіне әсер етеді.