І. Жансүгіров балалар әдебиетін жасауға қосқан еңбектері

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бірінші май күні қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданының бұрынғы төртінші аулында туды. Ілияс шешесінен жастайынан жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап-ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөнеріне мейлінше жетік болыпты. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арапша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп окып, көп жинапты. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияста әкесіндей әрі етікші әрі ұста, әрі әнші, домбырашы болады. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таниды. Осының өзі Илястың әдебиетке қызығуы мен өмірге деген көзқарасының калыптасуына көп көмегін тигізеді. Әкесінен көптеген қызықты әңгі-мелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оны халық өмірімен, арман-тілегімен, зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызады. Айналасындағы болып жатқан неше алуан өмір кұбылыстары да балалық байқағыштық, назарынан тыс қалмағап еді.

Ежелден ескеруші ем елдің сөзін, Бұмақтың тазалауға тінтіп көзің бар ма деп ашпаған сыр, айтпағап жыр, Құлақты кырға түріп жургсн кезім,— дейді.

Әрі зерек, әрі ұғымтал бала мұнымен дс қанағаттанбай 1905 жылы жергілікті жердегі Қарағашта ашылған орталау мектепте оқып, оны 1911 жылы бітіріп шығады. Осы кездерден бастап өлең жазумен айналысады. Өз білімін көтеру үшін 1920 жылы Іляс Ташкентке барады. Онда жаңадан ашылған мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына оқуға түседі.

Ілияс Жансүгіров Ташкенттегі мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтынын екі жылдық курсын бітірген соң 1921 жылы Жетісуға кайта оралады. Өз еліне келісімен Қапал уезі, Аксу болысына қарасты Белтоған мектебіне мұғалім болып орналасады. Ілиястың алғашқы қызметі халық ағарту жүмысына араласудан басталған-дықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сондықтан ол «Жалпы жасқа» деген өлеңімен ұран тастап:

Әйел, еркек, жалпы жас! Қатеріл, көрін, қөзінді аш жаңбырлы жазғы жапырақтар, Көркей, көгер, гүлің шаш!..

Оқы, орталас, ұйымдас!

Бірік, бірлес, жас жасы

Жиылатын күн жетті,

Қайтып ұйқың қиылмас!..

деп, ел арасына, қарамағында оқуда жүрген жас өспірімдерге үгіт жүргізеді. Осы идеясын іске асыру үшін мұғалімдік қызметімен қатар, Ілияс батырақтар одағына кіріп, жалшылар арасында үгіт жұмысын одан ары жүргізе береді. Бұл кезде жазылған өлеңдерін көбіне солардың өміріне және жас ұрпақтарға арнады. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бұлбүлдарға», «Жастар ұраны», «Жазғытүрым», «Жазғы шілде», «Күзде» деген өлеңдері жас өспірімдерді оқуға, өнер білімге шақырды. Сол кездің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястын өленін әнмен шырқап, бүкіл елге тарататын.

Ілияс мүғалім болған кезінде ауылды кеңестепдіру ісіне белсене ат салысады. Ауыл еңбекшілерінің алғашқы ұйымы — жергілікті қосшылар одағьң ұйымдастырады. 1922 жылы қосшылар одағынын шақыруымен Алматыға келеді. Мұнда Алматы облысының қосшылар одағы комитетінің секретары болып орналасады. Сонымен бірге облысшы «Тілші» газетінде істейді. Ілияс 1924 жылы партия қатарына кіреді. Осы жылы ол қазақ ағарту ннститутының директоры болып қызмет атқарзды.

1925 жылы Ілияс Жансүгіров Москвадағы журналистика институтына түседі. Мұнда Ілияс оқуымен қатар, өзінің ақындық творчестволық жұмысының үннен-күнге дамытып, өлеңдерініц көркемдік жағын жеңілдіріп, сапасын арттырады. Жазушы білім жағынан да, ақындық талантымен де енді тек Қазақстан көлемінде ғана емес, Бүкіл Одаққа таныла бастайды. Ілияс журналистика инствтутын 1928 жылы бітіріп шығадьі:

Ілияс Жансүгіровтің әдеби-әлеуметтік қызметі осы кезден бастап кен арна, даңғыл жолға шығады. Ақынның Коммунистік партия туралы, оның дана көсемі Ленин туралы жазылған «Ленин өлді», «Лении тірі», «Қоммуна», «Ұштасқан үш тілек» сияқты әйгілі өлеңдері — осы кезеңнің жемісі. Москвадан кайтып оралғаннан кейін, Ілияс әдеби творчестволық іске беріле кіріседі. Бірнеше жыл республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Социалистік Қазақстан») газетінде қызмет атқара жүріп, көптеген өлеңдерін, поэмаларын жазып, жарыққа шығарады. Ақындық әдеби еңбегі өте жоғары бағаланады. Ол 1934—1938 жылдары Қазақстан кеңес Жазушылары одағының председателі қызметін атқарады.

Ілиястың бұл кезде мол еңбек еткендігі соншалық, бас-аяғы он шақты жылдың ішінде ол жиырмадан астам кітабын бастырып шығарды. Ақын бұл тұста коллектив болып біріккен колхозды қазақ аулын, күлазыған қыр суретін өзгерткен алып өндіріс орындарын, кеңестік бес-жылдықтар туғызған толып жатқан жаңалықтарды өз жырының өрнекті арқауы етті. Ілияс Жансүгіров қазақ кеңес поэзиясының ірі ақыны болуымен қатар, проза, драматургия саласында да үлкен енбек еткен жазушы.

Қазақ кеңес балалар әдебиетінің іргесін қалаушылардың бірі болған ірі талант иесі Ілияс Жансүгіров 1938 жылы қайтыс болды.

ІЛИЯС ӨЛЕҢДЕРШДЕГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді. Бұл туралы біраз еңбектерім бар: «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық», тағы басқалар. Бізде, әсіресе, техника, өнер жайында шығармалар туған жоқ. Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек дейміз» дейді Ілияс 1931 жылғы «Мен қалай жаздым» деген мақаласында.

Балалар әдебиеті саласында Ілияс өз сөзін орындап шыккан жазушы.

Ілиястың алғашқы кызметі халык ағарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалман қазақ жастарының басын құрап хат танытып, сауатың ашуды үлкен міндет етіп қояды. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бүлбұлдарға», «Жастар ұраны., «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күзде» деген өлендерінде ақын жас буындарды оқуға, өнер-білімге шақырады. Сол кездердің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястың өленің әнмен шырқап, Бүкіл елге таратады.

Ілиястың балалар үшін жазылған шығармалары жас еспірімдерді коммунистік рухта тәрбиелеу проблемасын шешуді ғана көздеп қоймайды, ол сонымен қатар әрбір жазушының алдына осы салада қалай жазудың және қандай мәселені көтерудің үлгілерін де көрсетеді. Ең алдымен балаларға арналған шығармалардың тәрбиелік ролі соншалық күшті де ықпалды болуын басты міндет етіп қояды. Балаларды баласынбай-ақ олардың алдына кәдімгі күрделі мақсаттарды қоя білу керектігін айтады. Өйткені тәрбие мен білімнін және оқытудың арасындағы процесс балаға жас кезінен үйретілуі тиіс. Ілияс осы мақсаттарды тіпті бесікте жатқан бүлдіршінге де өлеңмен, әнмен айтып жеткізуді шарт етіп қояды. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен ойын эстетикалық идеалы сергітіп, тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне жәрдем етеді. Ілияс «Бөбек бөлеу» («Ана жыры») деген өлеңінде осы пікірді жақтайды.

Қазақ кеңес балалар әдебиетіне ең көп үлес қосқан ақынның бірі—Ілияс Жансүгіров. «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы дейді. Осының өзінде де зор үміт, үлкен мақсат бар. Бөбекке қойып отырған ана шарты жеке бастың қамын ойлау мәселесі емес, еткен еңбегін елінің игілігіне жұмсалатын болсын деген қоғамдың, пікірге баулып отыр. Бұл бала алдына қойылған халықтың мақсат, ол — халық ойының эстетикалық идеалының жемісі мен арманы. «Елгезек болсак иісін, ендеше саған екі емшек» деген ананың шарттын белгісі балаға жаңа міндет жүктеп отырғанын көрсетеді.

Бөл-бөл, бөбек, бал, бөбек,Бет алдыңа кетерсін, Бөгелмей білім біл, бөбек. Елге есті ер керек, Білмесен білім бекерсі,Ер жет, есей ертерек- деп, ана оның халық ұлы болуын арман етеді. Осындай ұлы мақсат, үлкен арманды, әсемдік әлеміне кұрылған эстетикалық-идеалды ақын тіпті бесіктегі балаға да сондай шеберлікпен жеткізе беруге, айтуға болатынын дәлелдеген. Өйткені баланы өсіретін де, жетілдіретін де жақсы тәрбие мен зор үміт. Біреу оның келешегінен зор үміт етіп отырса, сол сенім оны енбекке де баулып, жүмылдырып жібермек. Міяе бұл тәрбиелік манызы бар міндеттерді іске асырудың ең басты жолы деп танылады. «Ақылға қонымды, дұрыс тәрбие баланың тіпті жас шағынан, балалар өзін-өзі тани біле бастамас бұрын, оларға барлық жақсылық, шындық, көркемдік, ізгілік атаулыға талпынуды үйретіп отыруды талап етеді олар бұл уақытта адамгершілікке белгісіз себеппен туа әдеттенгендегідей дағдыланулары керек»,— дейді Н. А. Добролюбов. Орыстың ізгі адамдары тәрбиенің ролі мен маңызын осылайша бағалаған. Ілияс та бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, өз поэзиясы арқылы оны шеберлікпен айта білген.(«Елге есті ер керек, ер жет, есей ертерек» деп балалардың болашағынан зор үміт етеді. Тілі де жеңіл, қойған максаттары да айкын. Ана атынан айтылған мұндай сөз, мұндай тілек бала жанының айқыны емес пе? Ата-ананың осындай үлкен үміті мен зор сенімі баланың да жас жанына қамшы боп, оны үлкен жолға, еңбек сапарына аттандырады, былайша айтқанда үлкен үміт, зор сенімді ақтауға кіріседі. Мұндай өлеңдердің тәрбиелік күші мен балаға тигізетін рухани әсері осындай болмақ.

Балаларға жазылған Ілияс өлеңдерінін қамтыған екінші бір үлкен тақырыбы — өз елі, өз жерінің байлығы мен сұлу табиғатының әсем көріністерін суреттеуге арналған. Бұл балалар үшін өте қызықты тақырып, өйткені Ілияс табиғаттың әсем көріністерін суреттеу арқылы жас өлендердің ойын нақты материалдарға негіздеуге тырысады. Бұл салада жазылған Ілияс өлендері: «Ағынды менің Ақсуым», «Бұлт», «Жазғытұрым, «Жазғы шілде», «Күз», «Жауында», «Қыс», «Желді карағай», «Жетісу суреттері», «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісуда су суреті», «Жетісу жәндігі», «Жер түгі», «Шаттық жыры» деп аталады. Балалардың эстетикалык тәрбиесі үшін табиғат көріністері мен табиғат заттарын суреттеуде бүл өлеңдердің оларға тигізетін әсері өте зор. Ілияс «Жазғытұрым» деген өлеңінде:

Ой, балалар, балалар Жылы-жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты.

Қандыл-каншыл қаз кепті, Жер қарайды — жас кепті, Желкілдейді көк майса, Желіндейді мал жайса…

Ел ешкісін қырқыпты, Егіндерін жыртыпты. Ой, балалар, балалар, Ойналық та күлелік қос басына иінелік деп, көктемінің шығуымен байланысты табиғатқа жан бітіп, қандай өзгерістер, жаңалықтар болатынын суреттеп, айналадағы түрлі құбылыстарға зер салуға үйретеді. «Ойналық та күлелік, қос басына мінелік» деп өмір тіршілігіне өздерін де араласып кетуге шақырады. Осы ішінде өзі оларды елеулі, нақтылы, аумаған дәл фактінің өзінең танысуға үйретеді. Соған байланысты балаларда қорытындысы, жинақтау пікірі дәл, дұрыс болып калыптасады. Мұндай нақтылы суреттер олардың өмір тіршілігіне өз бетімен араласып кетуіне жол ашады. Сонымен қатар жаратылыс күбылыстарына зер салуға дағдыланса, олар түрлі құбылыстарлы үйреніп, олардың арасындағы байланыстарды, әсіресе себепті байланыстарды таба білуге машықтана береді.

Жылдын төрт мезгілін өмір тіршілігімен, еңбекпен байланыстыра отырып, 1923 жылы жазған «Жазғы шілде» деген өленінде де балаларды әр алуан құбылыстармен, мезгіл заңдылықтарымен жан-жақты таныстырған. Ой, балалар, балалар шілдем, шілдем — шілде айым, Шырылдап торғай күн сайын,

Шұбар ала шешектер, Шудаланған көк шөптер, Жапырақтар жалпайды, Жас қозылар марқайды. Ұшты көкек сай кұлай, сайда пісті таққурай. Құрт, ірімшік кайналды, Құлындар да байланды. Нәйім-нәлім бауырсақ. Ағын суға шомылсақ. Ой, балалар. балалар Ойнайық та күлейік, Үйретіп тай мінелік балаларға өмір таныту жолдарын өздерінің күнделікті көз алдында өтіп жатқан жаратылыс құбылыстарымен байланыстыра суреттей отырып, сол арқылы шаруашылыққа араластырып, еңбек етуге бейімдейді.

Ілиястың осы өлеңдеріне талдаулар бере келіп, филология ғылымының докторы Әбділдә Тәжібаев «Жаңағы аталған өлеңдер жеті буынды егіз ұйқаспен шапшақ да шымыр жазылған. Әрбір қос жолда тұжырымды ойлар ұғым айтылады да, сол қалпында суретке айналады»— дейді.

Ілияс жаратылыстың бір ғана көрінісі — көктемдегі құбылыстармен ғана таныстырып қоймайды, жыл мезгілдерінін әр тоқсанында әр алуан жаңа кұбылыстар болып отыруына байланысты соған орай жаңа тіршіліктер де өрбитінін танытып отырады. Бірақ олар біріне бірі ұқсамайтын құбылыстар екенін де айрықша суреттейді… Ілияс «Күз деген өлеңінде: дейді.

Ой, балалар, балалар, Қоңыр қаз күз болыпты, Қурап жапырақ солыпты. Ел егінін алыпты, Ақ жәуіктер жауыпты…

Енді мая салыпты, Ел кузекке қоныпты… Ой, балалар, балалар, Ойнайық та күлелік, Енді оқуға кірелік.—

Ілияс жаратылыс суреттерін адам өмірінен, оның күнделікті тіршілігінен бөліп алмай, соған байланыстыра суреттейді. Айналадағы болып жатқан түрлі жакалықтарды байыпты түрде бақылап және өзі де соған араласа жүріп өскен баланың ой логикасы, эстетикалық идеалы бір қалыпта жүйелі түрде дамиды. Сонымен қатар баланың байқағыштық, ізденгіш қабілеті де өсе береді. «Менің ойымша табиғаттағы логика балалар үшін ең оңай және пайдалы логика болады» дейді К- Д. Ушинский. Жаратылыс күбылыстарына зер салу арқылы балалардың творчестволық кабілеттері де, әсемдік әлемі-не құрылған эстетикалық идеалдары да ояна бастайды. Өйткені баланың қиялын байытатын эстетикалық білім қоры көбіне жаратылыс құбылыстарынан көбірек табы-лады. Ілияс Жансүгіров балаларға өлке тану жұмысын да жаратылыстың осындай көркем суреттері мен байлықтарын зерттеу арқылы түсіндіруге тырысқан. «Сондықтан да ақын жыл мезгілін жазғанда оны кұр қызықтамай, мезгіл тудырған жаңалықты жыл мезгіліне байланыстыра жырлайды. «Жазғы шілде», «Күзде» де, «Жазғытұрымда» да әр мезгілдін өзіне тән көрінісі, сол мезгілге орай шаруалардың еңбегі, тірлігі бейнеленеді—дейді филология ғылымыңық докторы Мырзабек Дүйсенов.

ЖЕТІСУ СУРТТЕРІ ӨЛЕҢІНДЕГІ СЫРЛЫ СУРЕТТЕР

Бұл өлеңінде ақын Жетісу өлкесіндегі барлық табиғат сұлулығын даралап сипат-айды.

Ыстық көл жер айнасы мөлдірейді, Балқашты камыс қамап желкілдейді. Аттанған алты өзені Жетісуда, Балқашқа бауырымдап еңкілдейді…

Ақын бұдан ары алты өзенің әрқайсысының өзіндік сипаты мен ерекшелігін онын халық шаруашылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдына келтіреді: Шу йне, тауды тарпып, шыққан шулап, Ойнақтап, ырғи жосып таудан тулап,асқардан ақтарылған ақ емес пе, қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап…