Жергілікті тіл ерекшеліктері және көркем әдебиет

Көркем сөз шеберлері өзінің коректі материалды халық өмірінен, халық тілінен алатыны, оны өздерінің творчествалық елегінен өткізе отырып пайдаланатыны белгілі. Халық тілінің табиғи мүмкіншілігін ежелден қалыптасқан тілдік дәстүр негізінде меңгерген ақын- жазушылар ғана оны бұрынғысынан әрі дамыта, жаңарта, қолдану аясын кеңейте алады. Мұның өзі тілдің сымбаттылық қасиетін, икемділігін арттырумен бірге, даму процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сол себепті әдеби тіл нормаларын қалыптастыруда өз шеберлерінің орны ерекше бағаланады.

Әдеби тілдің даму бағыты әрқашан да бірыңғай сипатта болған емес. Дәуір талабы оның даму бағытына өзгеріс енгізеді. Сөз өнерінің шебері әдеби тілдің белгілі дәуірдегі осындай даму тенденциясымен, бағытымен есептесуге тиіс. Ол өзіне тән көркемдік, стильдік ерекшелігін сақтай отырып, бүкіл творчествосымен, жаңалығымен белгілі кезеңде негізі салынған әдеби тіл дәстүрлерін одан әрі дамытып отырады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің даму бағыты ұлы Абай шығармаларында анықталғаны мәлім. Абай дәстүрін, ол белгілеген бағытты тілдің осы күнгі даму сипатымен ұштастырып, шеберлік пен дамытып отырған ақын- жазушылар бізде аз емес. Бірақ көркем әдебиетпен айналысып жүрген адамдардың ішінде қазақ әдеби тілінің даму бағытын жете түсінбейтіндер де бар. Сондықтан кейбір шығармаларды қолдану аясы тар сөздер, тілімізді шұбарлайтын диалектизмдер жиі кездеседі.

Біздерге талас тудырып жүрген мәселелердің бірі- көркем әдебиет тілінде диалектиздерді, жергілікті сөздерді пайдалану мәселесі. Көркем әдебиет тілінде жергілікті сөздерді мүлдем пайдаланбау керек деу дұрыс емес. Бірақ әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді авторлық баяндауда көп қолдана бермей, жалпы халықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек. Өйткені диалектілік ерекшеліктердің ішінде әдеби тілімізді байытатын сөздер де, әдеби тілді шұдарлайтын сөздер де кездеседі.

Көркем әдебиет тілінде диалектизмді пайдалануды сөз еткенде біз екі нәрсені шатастырмаумыз керек. Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында мәселесі бар да, кейіпкерлердің тілінде беру жағы бар.

Кейде жазушы сипаттап отырған кейіпкерін өзіне тән ерешеліктерімен толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл- жазушыға кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан- жақты көрсетуіне мүмкіндік береді. Мысалы, жазушы М. Әуезов “Абай жолы” романында (екінші кітап, 1961 жыл 588-589 беттер) Жамбыл мен Мағаштың екздесуін суреттегенде, Алматы маңында айтылатын жергілікті сөздерді (ояқ, бұяқ, мұқым, тегі, әкім, айталы т.б.) орынды келтіреді. С. Мұқанов “Сырдария” романында Сырбай қартқа және басқа кейіпкерлерге жүдә сияқты сөздерді айтқызу арқылы уақиғаның қай жақта, қандай ортада болғанын аңғартады. Сондай-ақ,Қ.Әбдіқадыровтың кейбір шығармаларында (“Тәтті қауын”) оңтүстік өлкеге тән ерекшеліктер айқын берілген.

Ал жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты- әдеби тілде баламасы жоқ диалектизмдермен тілімізді байыту. Осы күнгі баспасөз бетінде жиі қолданып жүрген жақыл, жүйек, атыз, жұлықтау сияқты сөздер бұрын бір аймақта қолданылып келсе, қазір жалпы халықтық сипат алады.

Егер бар сөзді талғамай, жатсынбай қолдана берсек, онда шейіннің орнына шекейін, ендешенің орнына әше, иенің орнына еге, сонаудың орнына тонау, аманбыз дегеннің орнына мұздай қара көк, барайық дегеннің орнына баралы, келесіз дегеннің орнына т.б. сияқты толып жатқан жергілікті ерекшеліктерді әдеби тілге енгізу керек болады.

Абай мен Ыбырай шығармаларында диалектизмдер өте аз (үш-төрт сөз). Сондықтан да ондай бірен-саран сөздер шығарманың тіліне ақау келтіре алмайды.

Қазақтың әдеби тілі, әсіресе сөздік қорымыз, әдбен қалыптасып болды деп айта алмаймыз. Кейбір жағдайларда әр өлкеде әр түрлі айтылатын сөздердің ішінен мына сөз әдеби тілдің нормасы, мына сөз диалектизм деп кесіп айту қиын.

Жергілікті сөздерді пайдалануда тағы бір кемшілік бар. Кейбір жазушылар оңтүстік облыстарда тұратын еңбеккерлер туралы шығарма жазғанда, сол жерде болған оқиғаларды сөз еткенде, тұрғылықты кейіпкерлердің тіліне батыс говорларына тән сөздерді кірістіріп жібереді. Немесе шығыс қазақтарының тіліне батыс гововрларына тән сөздерді әкеліп кірістіреді. Бұл-жергілікті халықтық тілдік колоритын (бояуын) беру мақсатына ешбір қатысы жоқ әдіс.