Әдеби тілдің диалектілік негізі

Қазақ ұлт тілі мен ұлттық әдеби тілінің диалектілік негізі бар екенін кейбір тіл мамандары қолдаса да, зерттеушілердің бір қатары қазақтың ұлттық әдеби тілі диалектілік негізде емес, жалпы халықтық тіл негізінде қалыптасады деп негіздейді. ХІХ ғасырдың 2-жартысында жаңа бағыттағы қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай мен Ыбырай өз шығармаларын белгілі бір аймаққа тән диалектінің негізінде жазған жоқ, қазақтың жалпы халықтық тілі негізінде жазады. Абай мен Ыбырай сөйлеу тілі мен ауыз әдебиетіндегі құнарлы сөз асылдарын шебер пайдалана отырып, халық тілін жазба әдеби тіл дәрежесіне дейін көтереді. Сөйтіп халық тіл материалдарын сұрыптап жөндеудің, әдеби нормана келтірудің нақты үлгісін жасады. Абай мен Ыбырай өз шығармаларын сол өздері туып өскен жердің тілінде- солтүстік шығыс я солтүстік- батыс диалектісінде-жазып шығарды деген пікірлер дәлелсіз. Тіпті ондай диалектілердің болған- болмағаны әлі толық дәлелденген жоқ. Міне, қазақтың ұлттық әдеби тілі жалпы халықтық негізде жасалады дейтін пікірдің мәні осындай.

Әдеби тілдің қалыптасуындағы Абайц мен Ыбырыйдың тарихи ролі өз шығармаларын осы диалектінің негізінде жазуында емес, өздері өмір сүрген ортадағы жергілікті халық тілін сұрыптап, творчестволық електен өткізіп, оның жалпыға бірдей әдеби тіл болуына жол, негіз салуында. Олар өз шығармалары арқылы халық тілінің байлығын пайдаланудың, сөзді, сөз тіркестерін сұрыптап қолданудыңүлгісін көрсетті. Осылар бастаған үлгіні әдебиет майданында еңбек етушілер онан әрі дамытты.

Бірақ әдеби тіл бірте-біртедамып отыратындықтан, оынң қазіргі қалпы слотүстік-шығыс диалектісімен бірдей деуге болмайды. Солтүстік-шығыс диалектісінде сақталып қалған тіл ерекшеліктері де аз емес.Олар, әрине, әдеби тілге ене алмайды.

Тарихи жағдайларға байланысты кейбір жергілікті диалектілер мен говорлар ұлттардың пайда болу процесі кезінде ұлттық әдеби тілдердің негізіне жатаныдығы, мұндай тілдердегі қалған диалектілер өзіндік ерекшелігін жойып, осы тілдерге сіңіп, жоғалып кететіндігі- тіл білімінде басы ашылған мәселенің бірі.

Қазақ әдеби тілінің қалыптасуында белгілі бір говорлар мен диалектінің жетекшілік ролі болғандығын кейбір қазақ тіл білімпаздары да қостайды. Мәселен, Ж.Досқарае бір кезде қазақ әдеби тілінің негізіне слотүстік-батыс говорлары жатқан, бірақ қоғамдық тарихи жағдайларға байланысты кейінен олардың жетекшелік ролі төмендеп, енді әдеби тілге оңтүстік (Жетісу) говорлары тірек болып отыр деп есептейді.

Қазақ әдеби тілінің диалектілік негізі болды деген пікірді біз көрнекті тюрколог, проф. Н. А: Баскаковтың еңбектерінен де көреміз. Н.А. Баскаков қазақ тіліндегі әрбір диалектіні жеке-жеке сипаттай отырып, былай дейді: “Солтүстік-шығыс диалект қазіргі қазақ әдеби тілінің негізі болды. А.Құнанбаев (1845-1904), Ы.Алтынсарин (1841-1889) және басқа қазақ әдеби тілінің негізін салушылар осы диалектіде сөйледі және жазды. Сөйтіп бұл диалект қазіргі әдеби тілге ортақ белгілермен сипатталады”.

Қазіргі уақытта қазақ тілінде диалектілік ерекшеліктер бар екні, олардың белгілі дәрежеде қащақ тілінің диалектілік құрылысын сипаттайтыны даусыз. Дегенмен, қазақ тілінің диалектілік құрылысын, ондағы диалектілер мен говорлардың өз ара жігін, бөліну жайын, Қазақстанның орталық , солтүстік, шығыс аудандарын тіл жағынан жан-жақты тексермей, бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес.

Әдеби тілдің даму бағыты әрқашан да бірыңғай сипатта болған емес. Дәуір талабы оның даму бағытына өзгеріс енгізеді. Сөз өнерінің шебері әдеби тілдің белгілі дәуірдегі осындай даму тенденциясымен, бағытымен есептесуге тиіс. Ол өзіне тән көркемдік, стильдік ерекшелігін сақтай отырып, бүкіл творчествосымен, жаңалығымен белгілі кезеңде негізі салынған әдеби тіл дәстүрлерін одан әрі дамытып отырады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің даму бағыты ұлы Абай шығармаларында анықталғаны мәлім. Абай дәстүрін, ол белгілеген бағытты тілдің осы күнгі даму сипатымен ұштастырып, шеберлік пен дамытып отырған ақын- жазушылар бізде аз емес. Бірақ көркем әдебиетпен айналысып жүрген адамдардың ішінде қазақ әдеби тілінің даму бағытын жете түсінбейтіндер де бар. Сондықтан кейбір шығармаларды қолдану аясы тар сөздер, тілімізді шұбарлайтын диалектизмдер жиі кездеседі.

Біздерге талас тудырып жүрген мәселелердің бірі- көркем әдебиет тілінде диалектиздерді, жергілікті сөздерді пайдалану мәселесі. Көркем әдебиет тілінде жергілікті сөздерді мүлдем пайдаланбау керек деу дұрыс емес. Бірақ әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді авторлық баяндауда көп қолдана бермей, жалпы халықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек.

Жергілікті халық тілінің байлығын пайдалануда бізде осы күнге дейін әр түрлі түсініліп жүрген жайлар жоқ емес. Кейбір көркем сөз шеберлері, аудармашылар тіл байыту дегенді бір жақты түсініп, кейде жалпы халықтық баламалары бола тұрса да, жергілікті сөздер мен грамматикалық тұлғаларды жиі қолданады.