Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл

Тіл дамуының қазіргі сатысында ұлт тілінің жоғары және төменгіформалары бар. Жоғары формасы- қалыптасқан не қалыптасып

келе жатқан әдеби тіл де, төменгі формасы- халық тіліндегі диалектілермен говорлар. Дүниедегі тілдердің бәрінде де бірінде аз,

бірінде көпмөлшерде диалектілік ерекшеліктер әлі де сақталып келеді. Тіл дамуы осындай кезеңде тұрғанда, диалектілік құрылыстағы өзгерістерді есепке алмай, әдеби тілдің даму, қалыптасу мәселелерін жан-жақты шешу мүмкін емес.

Әдеби тіл мен диалектілердің қарым – қатынасы жайында сөз болғанда, негізінен, екі мәселе ескеріледі. Бірінші, әдеби тіл мен диалектілердің бір-біріне тигізетін әсері, әдеби тіл де диалектизмдерді пайдалану жайы; Бұл мәселелерге тоқтамас бұрын алдын ала бір ескерілетін нәрсе – осылардың қай-қайсысы да қазақ тіл білім інде толық бірыңғай пікірге келіп, ғылыми негізде түбегейлі шешілген мәселелер емес. Бірсыпыра уақыттан бері айтылып, әлі де піків таласы аясынан аса алмай жүр.

Жергілікті халық тілінің байлығын пайдалануда бізде осы күнге дейін әр түрлі түсініліп жүрген жайлар жоқ емес. Кейбір көркем сөз шеберлері, аудармашылар тіл байыту дегенді бір жақты түсініп, кейде жалпы халықтық баламалары бола тұрса да, жергілікті сөздер мен грамматикалық тұлғаларды жиі қолданады. Мәселен, бүкіл халық қолданып, әдеби тілде әбден қалыптасып кеткен келер жыл, лайық, туған, тірілту, көрпе, тебен, сияқты, сену т.б. сөздердің орнына жарын, лайқат, туылған, тіргізу, жуырқан, жуалдыз, сиыяқты, шану деген сөздерді қолданудың қажеті аз. Әдеби тіл қалыптасқан тілдік нормалардың тұрақтану, сөйлеу, жазу үстінде олардың қатаң сақталуын талап ететін ескерсек, сөз қолданудағы мұнай тұрақсыздыққа жол беруге болмайды.

Сөйлеутілінде бардың бәрін асыл қазына көріп, талғамай, әдебиетке орынды-орынсыз енгізе беретін авторларды сынай отырып , проф. М.Балақаев былай дейді: “Рас , бұдан 20-30 жыл бұрын әдеби тіліміз қалыптасуға бет бұрғанда, қазақ халқының тіл байлығын сарқа пайдалану үшін, оның керегін әдебиет елегінен өткізіп, сұрыптап алу үшін, әркім есіткен-білгенін әдебиетке еркін ендіре берсін деп қарайтын едік. Әдеби тілдің қалыптаса бастаған кезеңдерінде, тіл жұмсаушыларға берілген ондай “еркіндіктің”, расында, көп пайдасы тиді… ” Әдеби тіліміздің тарихы дәл орыс әдеби тілінің даму, қалыптасу тарихындай болмаған мен, ол әлдеқашан “жастықтан” шықты, әдеби тіліміз кемеліне келіп шыңдалады. Оны енді қызғыштай қорғап, ыбырсық сөзден, тым-тырағайлықтан сақтау керек. Мұның өзі – тілдегі сөздерді қолдануда кейбір адамдардың әлі де болса басқаша түсінікте жүргендігінен айтылып отырған пікір.

Әлеуметтік тұрмыспен байланысты диалектілік ерекшеліктер жергілікті диалектизмдермен бір емес. Олардың негізгі айырмашылықтары “Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл” деген тақырыпта айтылған болатын. Оған қоса тек мынаны ескеру керек. Әлеуметтік диалектілердің қалыптасу, пайда болу жағдайы, себептері жергілікті диалектілерден басқаша. Қай тілде болсын, жергілікті диалектілердің негізі көне замандарда салынып, қалыптасуы феодалдық заманмен ұштасып жатыр. Мұнда ең басты себеп халықтың жергілікті аудандарының экономикалық бытыраңқылығымен байланысты.

Бұлар жергілікті жерде әр алуан кәсіптің, өндірістің туып дамуымен қалыптасады, соларға байланысты заттардың, өндіріс, еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атауларын білдіреді. Мұндай сөздер белгілі кәсіппен шұғылданған адамдардың арасында қолданылады да, көбінесе солардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, Арал,

Каспий балықшылары тіліндегі шола ( балықтың азаюы ), ұйық(балықтың бір жерге шоғырлануы ), әттік ( қармақтың тілі ),бал беркі

( қалтқы ) т. б. Сөздерді балықпен кәсіп етпейтін басқа жердің адамдары білмейді де түсінбейді. Диқаншылыққа байланысты көптеген сөздерді жұрттың бәрі білгенмен, егін – жай кәсібі жақсы дамыған оңтүстік аудандардағы бәдірен ( қияр ), әбінауат ( үлкен сары қауын ), оман арық

( үлкен арық ), қитақ ( атыздың іші ), жадау ( үлкен арық ) т.б. сөздерді әркім біле бермейді. Әрине, белгілі кәсіп, шаруашылықпен байланысты сөздердің бәрін де халыққа түсініксіз деп қарамау керек. Олардың ішінде ежелден жалпы халықтық болып, тіпті негізгі сөздік қорға еніп кеткендері де аз емес. Мысалы, шортан, қармақ, алабұға, жайын сөздері ешкімге де жат емес.

Әлеуметтік диалектілердің анықтамасы, түрлері жайында әр түрлі пікір бар. А. С. Чикобава әлеуметтік диалектілерге белгілі мамандықтағы жұмысшылардың ( тоқымашы, етікші, балташы, қалаушы т.б.), ой еңбегі адамдарының ( дәрігер, агроном, математик, филолог ) арнаулы сөздерін және буржуазия мен дворяндық аристократияның “таптық” диалектілерін ( жаргондарын ) жатқызады. Л. А. Булаховский әлеуметтік диалектілер деп “таптық” диалектілерді, жаргондар мен салондық тілдерді ғана есептейді.

Біз әлеуметтік диалектінің түрлері ретінде қазақ тіліндегі жергілікті кәсіби сөздер мен кейбір жаргондық сипати бар сөздерге ғана тоқтаймыз.