Жаргондық сипаты бар сөздер

Тіл де жергілікті диалектілер мен кәсіптік сөздерден басқа жаргондық сипаты бар сөздер де болады. Жаргон, арго (француз сөзі) – шағын әлеуметтік топтарға қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай келетін арнаулы сөздері мен сөйлемшілері. Оны кейде таптық диалект деп те атайды. Жаргондар көбінесе дворияндық аристократия мен буржуазиның жоғарғы топтары арасында қолданылған. Жаргондардың өз Алдана сөздік қоры, грамматикалық құрылысы жоқ. Бірақ жалпы халықтық тілдегі сөздерді өз мақсатына қарай мағанасын өзгертіп, басқаша түрде қолданылады. Қазақ тілінде шын мәнінде жасанды “тіл” дәрежесіне жеткен жаргон, арго болан емес. Бірақ әр кезде белгілі әлеуметтік ортада пайда болып, қазір біржола жолғалып бара жатқан кейбір жаргондық, арголық сипаты бар сөз бен сөйлемдер болады. Ондай жаргондық элементерге, мысалы, бұрынғы үстем тап өкілдерінің, қожа-молдалардың тілінде кездесетін халықтық сипати жоқ, түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін жатқызуға болады.
Бүкіл халықтық бола алмағанына, түсніксіздігіне қарасақ, кіт аби тілге жатқызылып жүрегн бір сыпыра шығармалардың да белгілі мөлшерде жаргондық сипати бар. Өйткені олар араб, шұбарланып, халыққа түсініксіз жазылған. Проф.С.Е. Малов: “Олар мұсылман-түрки кітаби жаргонда жазылды, онымен ұлтына қарамай, түрік, башқұрыт, қазақ, қырғыз ғалымдарының бәріде пайдаланды”, -дейді.
Мысалы:

Бізләрге ярдам бергіл, ізім субхан,

Яралды каф нундан менша ғылман.

Бу сөзіме- ярдам бер, жомарт патшам !

Сөйлеуім, ярдам берсең, болар асан

Немесе

Рауилар мұндай қылар рауаятын.

Бір халықтың бәни шайбан дерді атын.

( Шәһді. )

Міне, бұл текстердегі сөздердің бірен – сараны болмаса көпшілігі түсініксіз. Бұл сияқты сөздерді осы қисса, дастандар шыққан кездің өзінде де, қазіргі дәуірде де түсіну қиын.

Әлеуметтік диалектінің түрлері ретінде қазақ тіліндегі жергілікті кәсіби сөздер мен кейбір жаргондық сипати бар сөздерге ғана тоқтаймыз.

диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ. Диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ.

Кейбір әлеуметтік ортада немесе жеке топтардың тілінде кездесетін арготизмдердің жайы бұдан басқашарақ. Аргоның жаргонмен ұқсас жері де, айырмашылығы да бар. Аргода да жаргон сияқты жалпы халықтық сөздер шартты түрде әдейі бұрмаланып айтылады. Солай бола тұрса да аргоны жаргонмен шатастыруға болмайды. Жаргон үстем таптың жоғарғы топтарына тән болса, арго төменгі әлеуметтік топтарға тән. Арго жасырын әрекетті, құпия сырда бүркемелеу мақсатынан туған. Сол үшін халық тіліндегі жалпыға түсінікті сөздер басқа мағынада әдейі бұрмаланған. Мысалы: ұрылар мен саудагерлердің тілінде кездесетін – апсар-жапсар (ұрланған нәрсе жапсарда тұр), үй таза ма? (үйде кісі жоқ па?) шіріңкене (дәнекерші саудагердің алатын ақысы), дақ үстінде (ақы өз алдана бөлек) т.б. сөздер мен сөз тіркестерінің арголық сипати бар. Сол сияқты бубн арасында дыбыс қосып ( көбінесе

ф, п, з, р ) ежелеп сөйлеудің де арголық сипаты бар.

Тілдегі кәсіби сөздерден жаргондық сипаты бар сөздерді айыра білу қажет. Екеуі де қоғамдағы әлеуметтік топтарға қызмет еткенімен , пайда болуы, қолданылуы және әдеби тілге қатысы жағынан бір-біріне ұқсамайды.

Кәсібисөздер ұлттық әдеби тіл лексикасының дамып жетілуне, толығып отыруына үлес қосады. Мәселен, тек ауыл шаруашылығы саласында қазіргі кезде әдеби тілге еніп, бүкіл халықтық сипат алып кеткен кәсіби сөздер аз емес.

Түрікмен қазақтарында кілем тоқуға байланысты ашық (кілем жиегіндегі мәндер), арқа (кілемнің тақыр жағы), палас (түксіз кілем), топырақ (түкті кілемнің шетіндегі жалпақтығы 4-5 елідей тақыр жері), басылық (кілем тоқып жатқанда екі жағына салынатын жіп, тоқылып біткен соң алынатын тасталады) т.б. сөздер кездеседі. Бірақ бұл саладағы сөздер әлі түгел жиналып, зерттеу обьектісі болған жоқ.

Кәсіптік сөздердің екінші бір саласы – ірі кәсіпшілік, өндірістік сипаттағы сөздер. Олардың неғұрлым айқын сараланып, молырақ кездесетін түрлері егіншілік, диқаншылық (астық, баубақша, күріш,мақта, темекі т.б.), балық кәсібі, тау-кен өндірісі, мал және аңшылық шаруашылықтарына байланысты. Мысалы, балықшылардың тілінде қиратпа (жайын аулауда пайдаланатын шанышқы) , қортпа (белуга, қызыл балықтың бір түрі), шоқыр (севрюға), нарел (ұзын сырық ағаш), аламан ау (майшабақ аулайтын ау), басқал (қайыққа мінетін орын), без еге (үлкен балықтың жұлыны), торман (ұсақ сазан), қаза басу (бұрын ау құру мағынасында айтылған), көңгей (жіңішке кендір жіп), инелек (ағаштан жасалған ау жамайтын құрал), бөген (қайықтың ішіндегі керме ағашы), шіпшік (аудың арқанын жерге бекітетін қазық), шашал (мұз үстінде балық аулайтын құрал) т.б. сөздер бар.